Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет56/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
114 
Тоғжанның әсем бойы көрінді. Қолына бір торғын көрпені алып, бері шығып 
келеді екен. 
Асықпай, тіпті ақырын қозғалады. Шолпысының ендігі сылдырынан өзі 
қысылған тәрізді. 
Келіншек Абай жататын төсекті баптап салып болып қап еді. Тоғжан 
қолындағы торғын көрпені кеудесіне көтеріп, бауырына қысыңқырап тұрып, 
келіншекке әдеппен ғана бұйрық етіп: 
- Аяғын, аяқ жағын биіктесеңші! - деді. 
Абайға бұ да дәл өзіне ғана арналған, өзгеше ықылас сияқты көрінді. 
Бірдеме айтар еді... айтқысы кеп еді. Бірақ, жүрегі лүпілдеп, аузына 
тығылғандай боп, түк сөз таба алмады. Құр ғана қызарып қысылды да, сырт 
киімін шеше берді. 
Тоғжан ақырын, сыпайы ғана кеп, Абайдың төсегіне торғын көрпені 
жазыңқырап қойды да, есікке қарай қозғалды. 
Үнсіз бейіл белгісіндей үлкен ілтипат жасады. Бірақ бары сол ғана. «Шын-
ақ бары сол ма?» Әлде, тіпті, бар қонаққа істейтін дағдылы сыйлық сияқты ма? 
Сол ғой! Үлкен үйдің есігіне жеткенше Тоғжан ақырын басып, келіншекті ертіп 
кетіп барады. Қайта бұрылмайды. 
Дәл шығар жерде ғана, өзінен бұрын есік ашқан келіншекті ілгері шығарып 
жіберіп, өзі біртүрлі сұлу қозғалыспен сырт айнала беріп, төрге таман ақырғы 
рет бетін беріп, үй ішінен сыртымен шықты. 
Тоғжан есікке қарай қозғалғанда, Абай қадалып, телміре қарап қалып, 
бешпентін екі иығынан шеше беріп еді. Бірақ Тоғжан бір қарамағанға қайран 
боп, кеткенін қимағандай қалт тұрып қапты. 
Енді Тоғжан есіктен шығар жерде бір сәтке көз қиығын тастағанда 
Абайдың тапжылмай сілейіп тұрып қалғанын көрді. Бешпенті екі иығынан 
түсіңкірепті де, аппақ көйлегі ашылып тұр. Екі қолы бір нәрсеге таңғалғандай 
жазылып, ыңғайсыз түрде асылып қапты. 
Абай дәл байқады ма, жоқ па? Бірақ, шыға берген Тоғжанның аппақ жүзі 
қайтадан тағы бір рет, соңғы рет қою қызғылтпен ду ете түскендей көрінді. 
Және сонымен қатар жымия күлген ерні аппақ маржандай тістерін айқын 
көрсеткендей болды. Үнсіз күлкімен езу тартып кеткен сияқты. 
«Бұл не, мысқыл ма, ұят мінез істедім бе?» деп, Абай өз-өзінен қысылып 
қалып, тез шешінді де, торғын көрпеге оранып, бүк түсіп қалды. 
Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң 
анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай 
тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық 
қымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн 
тыныштығы ұрлап кеткендей жұтып кетті. 
Шамды Қарабас өшірді. 
Шам өшсін-өшпесін, Абайдың көз алдына қазіргі мезгіл, бұл сәт самаладай 
жарық. Шамның өшкенін байқаған да жоқ. Көзі жұмулы, көңілі тыныштықтан, 
сабыр ойдан айрылған. Кұйын үстіндегі алай-түлейде. 
Бұл түнде таң аппақ атқанша Абай бір секунд те көз ілген жоқ. Күн 
шығарда ғана азғантай мызғыды. Бірақ үй іші оянғанда бірге оянып, ерте тұрды. 
Өңі сұрғылт тартып, жүдеп тұрды. Шай алдында тысқа шығып, далада бой 


 
115 
жазып жүрген уақытта Тоғжан жатқан үйді ойша іздеді. Сүйіндіктің үлкен 
үйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй бар. Асылбектің отауы болу керек. Содан әрі 
алты қанат ақ үй тұр. Кіші үй сол болуға лайық. Абай қайта-қайта сонда 
қарайды. Бірақ ол үйдің түңлігі жабық, Тоғжан да, шешесі де әлі оянбаған, 
тұрмаған сияқты. 
Далаға Сүйіндік те шыққан еді. Әкесі тапсырған алық-берік жөніндегі 
сәлемді Абай сонда айтып, бұл ауылға келген жұмысын осы таңертеңгі уақытта 
бітірді. 
Шай уақытында Тоғжан келген жок. Асылбек, Әділбектер де өз үйлерінде 
болу керек. Таңертеңгі мәжіліске араласпады. 
Шаруа біткен соң Қарабас ертеңгі салқынмен қайтайык деп байлаған. 
Сондықтан дастарқан жиылған соң, ол аттарды ерттегелі шығып кетті. 
Абайдың бұл ауылдан кеткісі келмеді. Қонағуар, жылы жүз, жақсы мінезді 
үлкендердің үйі аса бір сирек кездесетін, жайлы ұя сияқты екен... «Осы 
ауылдың туысы, жақыны болар ма ем? Сұраусыз келіп, санаусыз қонып, 
түстеніп кетіп жүрер ме ем?» - дегендей. Бірақ кетпей болмайды. 
Үйде Сүйіндік пен Абай және Сүйіндіктің бәйбішесі ғана қалған уақытта 
Сүйіндік Абайдан Зере жайын, Ұлжан күйін сұрастырып отырып: 
- Аналарыңа сәлем айт, балам! - деді. 
Түннен бері үндемеген бәйбіше де Ұлжанға сәлем айта отырып, Айғызды 
есіне алды. Содан барып Кәмшат есіне түсіп: 
- Шырағым-ау, осы анада Бөжекең аулына жіберген кішкене қыз не жайда? 
Айғыз бишара қайтып қиды соны? Жылатып айырып, қайтіп қана жіберді екен? 
- деп, бір жағынан наразы боп, сұрастыра бастады. Абай амалсыздан сөйлеп
қысқа ғана жауаптар қайырды. Бәйбіше бұл жөнде шешіліңкірей бастап: 
- Бөжейдің әйелі қатыбас кісі еді. Өзінен де туған қызы көп, күтеді 
деймісің кішкене пақырды? - деп, қынжылып отыр. 
- Е, е, Бөжей бар емес пе? Қатыны ойламаса, Бөжей ойлайды ғой! Неге 
күтпесін! - деп, Сүйіндік майдаламақ болды. 
- Әй, білмеймін! Ауыл-аймағымен тегіс-ақ: «Айыпқа берген қыз ғой. 
Малын қимай, жанын қиды ғой айыпқа!» десіп, жаман сөздер сөйледі деп 
есіттім ғой. Жас баланы жылатқандары бекерлік болған ғой өзі. Не десе де 
іштен шықпап па еді? Айғыз бишарада не сүлдер жүр дейсің? - деп, бәйбіше өз-
өзінен босаңсып барып, жылап жіберді. Екі көзі жасқа толып, қып-қызыл боп
үндемей, мұңайып қалды. Анда-санда күрсіне түсіп, тамсанып қояды. 
Абайға бұл ананың мейрімі тіпті бір қымбат адамшылық, шын 
рақымшылық боп танылды. 
Жидебайдағы өз үйінде Кәмшат жайы осындай бір айықпас мұң, уайым 
боп алған-ды. Сондағы әжесі мен Айғыз және өз шешесінің осындай-осындай 
көзі жасты, көңілі қаяу болған көп шақтарын есіне алды. 
Бірақ олар Кәмшатты құр сағынып, құр аяғаны болмаса, мына кісі айтқан 
суық сөздерді есітпеген сияқты. Кеше Құлыншақ та, бүгін мынау ауыл да 
Кәмшат жайын ылғи «жетім жандай, күңдікке, қорлыққа кеткен бишара, әлсіз 
сорлыдай» сөйлейді. Тегін емес-ау! Жидебайға қайтысымен әжелеріне осы 
есіткендерін айтып, Кәмшаттың күйін білдіру керек. Әке не десе о десін, бұны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет