113
Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып
барады. Жүректі де реніштен, лайдан құтқарып,
сондайлық биікке, қазіргі
бұлтсыз ас пандай алысқа, тазалық рақатқа шақырып, жырақка мегзейді.
Түйеөркештен Шыңғыстың жақын биіктері жартылап қана көрінеді екен.
Қарақошқыл таулар ай астында көкшіл мұнараға оранып, жым-жырт қалғып
тұр. Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді.
Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тына алады. Асылбек,
Әділбектер жатуға кетті. Көгал сайда отырған бес-алты үйлі ақ ауылдың түнлігі
тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып тұр. Сүйіндік пен Қарабас
аттардың маңында жүр. Абай мынадай көктем түнінен соншалық бір тазалық
сезіп, таң лебін танығандай.
Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей.
«Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние
мынау маужыраған
тынысты нәзік түн... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой».
Сүттей жарық, айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де, Абай
әлдеқандай өзгеше «таңды» сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар, -
жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім.
Соның
шалқи түсіп шарықтауы көп. Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып,
тыныштық ала алмай лепіреді.
«Нені айтады? Не деп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барам? Тағат,
сабырым қайда?»
Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де
тулап кеп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей.
«Таң... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бс? Жарығымбысың, кімсің?»
Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі, жас баланың етіндей, ақ
торғындай мойыны!.. Таң осы да... өзі ғой!
...Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!
Шынымен бар жайымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз
жырлап тұрған тәрізді. Тоғжанға арналған, ең алғашқы «ғашығым»
деген
жарына арналған жай жырының тұнғыш жолы осы еді.
Ойша екі-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты. Біртурлі оңай, рахат боп,
өз-өзінен құйылып тұрған тәрізді. Бірақ сол кезде Қарабас үйге қарай шақырды.
Екеуі тыста жалғыз қапты. Абай үйге таман келе жатып, жаңағы өлеңін қайта
есіне түсірейін деп еді, «Ақ етің аппақ екен атқан тандай!» дегеннен басқасы
есіне әзір қайта түспеді.
Қарабас пен Абай үйге кіргенде Сүйіндік пен бәйбішесі биік төсекке
жатып қалған екен. Сарғыш шегірен шымылдық үлкендердің жататын орнын
қоршап тұр. Кең үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек салынып жатыр. Одан
басқа өзге кісі жататын жай сезілмейді.
Тоғжанның өз үйі басқа ғой. Ол Сүйіндіктің
кіші әйелі Қантжанның қызы
екен. Жаңа үйге кірерде Қарабас айтқан. Тоғжан, әрине, өз үйіне кеткен болу
керек. Үйге кірген жерде Абайдың ойлағаны осы. Үйткені төсек салып жүрген -
бағанағы шай құйған сары келіншек.
Абай төрге қарай қозғала беріп еді. Бір уақытта шегірен шымылдық
толқып барып қозғалды да, есік жақтағы шетінен шолпы сылдыры естіліп,