Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет73/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
148 
Зерелердің арбасы да дәл осы кезде қалың ауылдардың тап ортасындағы 
үлкен ақ күмбез үйлі - Бөжей аулына жеткен екен. Жапыр-жұпыр көрісіп 
жатқан сияқты. Ақ үйдің өзі өзге үйлерден оқшауырақ, белдеуінде қара тігулі 
тұр. Қаралы ауылды мына кейін шыққан аттылардың тануы оңай болған. 
Көп ауылдың сыртындағы саржотаға шығып, барар бетті тез аңғарып алған 
шапқыншылар енді ыра төмен жосылды. Қою шұбар селдей боп шулап, аңырап 
ақты. Абай орта тұста келе жатып, ақ үйдің сыртында оқшауырақ жерде ұзын-
ұзын ақ таяқтарға төстері мен қос қолдарын тіреп, бүгіліп тұрған отыз шамалы 
еркекті көрді. Бата оқыршыларды тосып, жылап тұрған жанкүйер жақындар. 
Шауып кеп түсе бере таныды. Тап ортада Байдалы, Байсал, Қараша, Түсіп бар 
екен. Шеттеу тұста Балағаз, Базаралы сияқты жас жігіттер де ақ таяқтарға 
таянып егіліп тұр. 
Шауып келген үлкендердің аттарын анадайдан жүгіре-жүгіре шығып, 
ұстап-ұстап алып, иелерін қолтықтап түсіріп, еркектерге көрістіргелі жетектеп 
әкетіп жатқан көп-көп ықшам жігіттер бар. 
Барлық бата оқыршыға сондай бір-бір күтуші тап келгендей, мол 
жеткендей болды. 
Жылаған Байдалы, Байсалдарды көргенде, Абайдың сай сүйегі босап кетті. 
Аттан түсе бере, шын аяныш жас төгіп, еңіреп жіберді. 
Тыстағы еркектермен бір-бір кұшақтасып, көрісіп болған үлкендерді сол 
арада қолма-қол ақ үйге қарай айғайлатып, жылатып әкетіп жатыр. Жылаудың 
үлкені сол үйдің ішінде, қатындар ортасында. Көп еркектің арасына Абай да 
кірді. 
Үлкен күмбез ақ үйдің іші оң жақ босағадан дәл төрдің ортасына дейін 
қатар тізіліп, мықындарын қос қолдарымен таянып, аңырап жылап отырған 
қатындарға толы екен. 
Тап орта тұста басына қара желек жамылған Бөжейдің бәйбішесі аңырап 
отыр. Көзінен шын жас, зар жасы бірсін-бірсін ағып жатыр. Одан жоғары төрт-
бес қыз дауыс айтып отыр. Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап зарлаған мол 
жылау еді. 
Отырған әйелдердің алдына жылап келген еркектер тізе бүгіп отыра кетіп, 
құшақтасып көрісіп жылайды. 
Абай Құдайбердінің артында. Бағанадан бері соның ізімен кезек алып келе 
жатқан. 
Жағалай отырған бар қатынды адақтау тым ұзақ болар еді. Және босағадан 
төрге шейін бос отырған бір қатын жоқ. Соны аңғарған Құдайберді тура 
Бөжейдің өз бәйбішесіне қарай жылап барды. Сол кісі алдыңғы көрісушіден 
босаған соң, құшақтап, аңырап: 
- Аға-екем, бауырым! - деп бас салды. 
Абай да сол жерден бастап көрісіп, жоғары отырған қыздар жаққа қарай 
ауысты. 
Үй іші осындай жаппай көріс үстінде бірқатар жыласып ап, енді тегіс 
ажырасып, жағалай отырысты. Еркектер бұл кезде ақырын жыласып отыр да, 
әйелдің де көбі басылып қалды. Тек Бөжейдің қатыны мен бес қыз ғана зарлап 
отыр. Арманын, жесір калғанын, ерте айрылғанын айтып бәйбіше жылап, 
жұртты егілдіре түсті де, ақыры саябырлап барып тоқтады. 


 
149 
Сонан соң үлкен ұзақ жоқтаудың сарынына түскен қыздар. Олардың 
өзгеше бір суық зарлы жоқтау ырғағы бар. Дауыстары құйып қойғандай дәл 
бірдей шығады. Жалғыз-ақ бес қыз тұтас ұзақ айтқан жоқ. Бәйбіше тоқтаған соң, 
өзге қыздар да басылып, екі-ақ қыз адақтап шықты. Ол Бөжейдің екі бойжеткен 
қызы. 
Бұлар бар сөзін анық қып, анда-санда «аһ» деп, жалын атып қойып
сұңқылдап зарлап отыр. 
«Әкекем... жеткізбей кеттің... арманда кеттің... зармен кеттің, жетім бейбақ 
біз болдық... пана кім?.. Неге аңыраттың?» деген сияқты жерлерге келгенде, 
барлық үйдің іші қайта егіліп, тыйыла алмай, тұншыға жыласады. Абайға да 
шын жылаудың ең ауыр кезі осы болды. Ол көз жасын тіпті ірке алмай қойды. 
Буына жаздап, булыға жылап отыр. 
Осымен біраз барды да, екі қыз әкелерінің әміріне, әміріндегі ерлік, 
жақсылық істеріне түсіп кеп, бір сәтте дауыстың мәнін аса бір тосын жайға 
салды. 
Бөжейдің өзін қойып, тұстастарын айтып келіп, әркімді атай отырып үйдің 
іші тегіс жым-жырт тына қалған уақытта, бір кезде Құнанбай атын сап еткізді. 
Төрде төмен қарап, тымағын көзіне киіп, тұнжырап отырған Құнанбайды 
мынау екі қыздың қатал даусы басқа соққандай болды. 
Бірақ бұл - дауыс. Намаз сияқты бұзылмайтын жол-жора. Айтар сөз, тыяр 
тыйым, істер шара жоқ. 
Екі қыз сөздерін барған сайын қатайтып, қадалып кеп: 
Жау боп шықты Ырғызбай 
Айыпқа бердің бір қызды-ай, - 
деп бір кетіп және бір сәтте: 
Оның аты Құнанбай, 
Жүйріктігі құландай 
Шұбарлығы жыландай... – 
деп, жарып өтті. Жалғыз көзге дәлдеп тұрып қамшы ұрғандай қатал жаза. 
Құнанбай қасындағы үлкендер бәле шығып кете ме дегендей қыбылжи 
бастады. Жөткіріп, қақырынып, қозғалақ қақты. Бірақ Құнанбай тістеніп ап, 
сыр бермей шыдап берді. Абай дәл бұл кезде ұялып қысылғаннан өлердей боп 
отыр. Ол үй ішімен көрісіп кеп отырған соң байқады. Анау бір топ қыздың 
ішінде Тоғжан да отыр екен. Бірақ ол бетіне салы жамылып, сырт беріңкіреп, 
қырын отыр. Абайдың ары, әсіресе, сол Тоғжаннан ұялғандай, енді ішінен: 
«Ойпырмай, мынаны көргенше жер жарылып, жұтып кетсеші бізді!» - деген бір 
ой ойлады. 
Сөйткенше, төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есітті. Қараса - 
Сары апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, қара шапанды басына жамыла беріп, 
жүрелей отырып ап, айғайлай жөнелді. 
Сезінің басы Бөжейді мақтау мен сол жақсыны жоқтау еді. Соның аяғын 
шұбыртып кеп: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет