Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет75/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
152 
Екі топ ақырын ғана салқын амандасты. 
Бірақ келгендерді тыста бөгемей, Тұрсынбай бастап: 
- Үйге жүріңдер! - деді. Тегіс ертіп, үлкен үйге кіргізді. 
Сол кезде Манас тыста жалғыз қап, шеткі отаудың тасасында тұрған бөрте 
атқа мініп алып, Қарауыл жаққа қарай дүсірлете жөнелді. «Келе жатқан кім 
екен?» деп тосып еді, ішінде Майбасардың өзі барын көрген соң, енді 
аялдайтын дәнеңе жоқ. 
Майбасар бұл үйге ашулы пішінмен кірді. Белін шешпей, көк елтірі 
тымақтың бір құлағын жымырайта киіп ап, қамшысын қос бүктеп, мықынына 
таянып отырып, Құлыншақтарға ызғарлана қарады. Түсі сұрланып, екі танауы 
желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып отыр. 
Отыра бере, Құлыншаққа қадалып: 
- Жә, ағайын, бұл қайткенің, атшабарымды неге сабайсың? Теріс болса 
арыз айтар жер таппадың ба? Тым құрыса мырзаның алдынан бір өтсең нетті? 
Оған да сенбей, оған да жоныңды көрсетейін дедің бе? Жуандығыңды 
көрсетейін дегенің бе? Кеше ғана қатарда қолтықта жүрген туысқан емес пе ең? 
Жөніңді айт, бетіме айтшы кәне! «Сонысын өз аузынан естіп кел» деп жіберді 
мырза. Мына баласы Құдайбердіні әдейі қосып отыр қасыма, - деді. Үй 
ортасында бықси жанып тұрған сары қидың отына шырт түкірді де, Майбасар 
Құлыншаққа бұрылып алды. 
Бес қасқаның төртеуі төмен қарап томсарып, түк естімегендей жым-жырт 
отыр. Мұңсызбай мен Наданбай тіпті басылып отырған да жоқ. Анадай жерде, 
арқаларын керегеге сүйеп, жүресінен отыр. Жондарын сыртқары қаратып, 
тұмсықтарын шекпен күнінің жағасына тығып апты. 
Құлыншақ өзінің жер төсегінің үстінде отыр еді. Соның дәл қасында, 
төменірек отырған Садырбай ғана Майбасардан көз алмай, суық қарайды. 
Құлыншақ азырақ көзін жұмып отырды да: 
- Атшабарыңнын сабалғанын айтасың. Жарықтығым Майбасар, басыма 
сырық, малыма құрық сілтеген өз қылығыңды, осы Майбасар қылығын сен неге 
айтпайсың? Мырза көрсе, әуелі соны неге көрмейді. Сені неге тергемейді? - 
деді. 
- Теріс жайылма! Теріс көшпе, оңға көш, ақсақал! Мен кінәласқалы, 
арылғалы келдім!.. 
- Теріс көшпе деймісің? Жоқ, мен көшкелі отырмын. Сенен ажырап, ана 
жаны ашитын ағайынның ортасына көшкелі отырмын! 
Оныңа ырзалығым, рұқсатым жоқ! Көшпесін, кетпесін, ұғысамын 
Торғаймен деп, сәлем айтты мырза. 
- Сәлемет болсын! Бірак, енді бақыл болсын, мен көшем! 
- Неге, не көрінді, ақсақал?! - деп, осы арада Құдайберді сөзге кіріп: -«Бұл 
көшу, исі Торғайды маған жат қылам деген көшу ғой. Кінәлассын, 
айтысатынын айтсын, тіпті алмағын алсын, олқысын атасын. Бірақ көшуден 
тыйылсын, бармасын жауыма!» деді менің әкем, - деп еді. 
Майбасар Кұлыншақты тоспай киіп кетті: 
- Кінәнді айтшы осы! Атшабарымды сабап отырған өзің емеспісің? 
- Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ, бөрте ат еді. 
Сұрадың, бере алмайтынымды айттым. Ұқсаң не етуші еді? «Ұстап әпкел!» деп, 


 
153 
атшабарыңды, итіңді бөрідей қып, ақ, адал малыма шаптыратын не жөнің бар, 
Майбасар? 
- Атты сұратқан мен емес! Мырза болатын. Мына бала Құдайберді 
қызығып көңіл қылған соң: «Ат жалын тартып мінгені осы еді Құдайбердінің, 
Құлыншақ бір еркелікке ренжімес, көтерер» деп, мен жібергенім рас. 
- Еркелік! Не еткен еркелік?! 
- Кірме, құл-құтанға істейтін зорлықтың атын алдарманға келгенде -
«еркелік» қойыпты! - деп, Тұрсынбай, Садырбай екеуі кекетіп қойды. 
Бөрте ат жөніндегі дауда екі жақ ұғыспады. Тартыс сөз үзіліп, біраз 
тоқырасып қалып еді. Аздан соң Майбасар Құлыншақтың бар Торғай руын 
бастап, Жігітек жағына көшемін дегенін мінеді. Соған шабуыл жасай бастады. 
Құдайберді екеуін Құнанбай бүгін жібергенде, тапсырған анық сәлемі осы 
болатын. Осыдан бес күн бұрын туған бөрте ат жайын, атшабар сабалуын 
Майбасар әдейі жолдан қосып отыр. Сол қылмыстарын еске салып, ықтырып 
алам дегені еді. Құлыншақтар ол турада өздерін кінәлы деп санар емес. Тіпті 
сол жөнде ызалы болғандықтан атшабарды сабап алып, «Енді бізді көшіріп 
алсын» деген сәлемді Жігітекке шындап салып отыр. Осы өкпенің сыбысы 
бүгін ертемен Құнанбайға жеткен соң, ол өз қолтығынан Торғайдай жақын 
руды жіберуді қорлық деп біліп еді. 
Бөжей өлген соң жаздан бері екі жақ сыртпен қақтығыспаса да іштен барды 
салып, ел тартысып, сілкісіп келе жатқан. Екі жағын бірдей қабындырып, 
кернегі алған араздық, енді болымсыз бір ілікке жете бере, астаң-кестен 
жарылатын сияқты. 
Бөжей барда Тоқпамбеттегі төбелестен ірі жанжал болған емес. Бірақ содан 
бері мықтап әзірленіп, Құнанбайға қарсы майдан беруді Жігітек, Көтібак, 
Бөкенші боп қатты ойлаушы еді. Бөжей өлді де, тартыс сырттан қарағанда 
азырақ іркілгендей болды. Бірақ ол сырттан ғана солай. Шындап ішке келгенде, 
Бөжейдің өлімі қайта дерт-жараны тіпті қатты дамытып жіберді. Өлімнің 
өзімен де Бөжей Құнанбайға жауығатын жұрттың шебін тұтастырып, бұрауын 
қатайтып, шеңберін ширатқан сияқты. 
Әсіресе, Бөжейдің үзеңгі жолдастары Байдалы, Байсал, Қаратай, Түсіп, 
Сүйіндіктер ерекше сызданып алған. 
Сол кезде Құнанбайдың Құлыншақ аулынан атақты «бөрте атты» 
сұратқаны тап болды. Құлыншақ атты бермеді. Байсал мен Пұшарбайлар 
Құлыншақты оңашада, құпияда көптен шырғалап тартып, жігін босастырып 
жүрген. Торғай руына Ырғызбай қандай болса, Көтібақ, Байсалдар да сондай 
жақын. 
Бөрте атты басқа уақыт болса Құнанбайға Құлыншақ берер еді. Бермеске 
шарасы да болмас еді. Ел таразысын жақсы аңғармайтын Майбасар: 
- Бермейді деген не сұмдық? Торғайдан алмасақ, қайратымыз қайсы? 
Өкпелеп қайда кетуші еді? Кете алатын күші қайсы? - деп, өз-өзінен шабынып 
кеп жақында бір содырлық істеді. Жаңағы әңгіме соның арты. 
Енді, міне, өкпенің бетін біржолата ашып ап, айқын түзеп алған Торғай, 
бұлардан кетпегін де айтып отыр. 
Майбасар көшуден тоқтатам деп әр түрлі сөз айтты. Құлыншақ көбінше 
жауап бермей, құр үндемей тартынуға түсіп еді. Жарытымды жауап 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет