151
Қазірде күзеуге қарай ауысқан ауылдардың жаздан бөлек тағы бір
өзгешелігі, енді қой сауылмайды. Ересек тартқан қозылар қоралы қоймен бірге
жайылады.
Ат үсті мал қарайтын, сөз бағатын еркектер де бір жаңалық табысты. Суық
түн, лайсаң күнге арнап, саптама,
қалын шекпен, елтірі ішіктер киюмен бірге,
меншікті, мінгіш аттарын да ауыстырып келе жатқан. Жаз жайлайтын аттардың
бұл кезде еттері ояздап болған. Енді қыс суығына шейін қоң жиып алсын деп,
оларды біржола қоя беріп, осы Шынғыс асысымен күз мінетін, қыс мінетін құр
аттарды ұстасқан еді.
Шаруаның шағын үйінен бастап, нелер малды, әлді дегендердін бәр-бәрі
осы күндерде қалың майлы құр аттарын салқын-салқын кездерде міне бастады.
Аяңмен жүріп, қызыл май қылмай,
жиі-жиі суытып, оқта-текте таң асырып
жүрген.
Бұл уақытта біреуден біреу қызыққан аттарының майын сұрап міну, сатып
алу, айырбас жасау сияқты істер де көп болатын.
«Күз алды-салдысы кеп мазасыз болар-ау!» десе, не «тосын жүріс,
жолаушылар күзі болар» десе, сенімді аттарға қызығу, қолқа салу, әсіресе көп
болатын.
Қазір екінті - ақшам арасында, Қызылшокыдағы
Құлыншақ аулына қарай
жауыннан ықтай түсіп, жедел бастырып келе жатқан Майбасар мен Құдайберді
осындай бір ат жайынан туған сырт шаруамен келеді. Қастарында жорға
Жұмабай мен атшабар Жұмағұл бар.
Күздің бұлыңғыр күндегі кеші мезгілді анық болжатпайды. Сондықтан
жарықта барайық деп қатты жүріскен еді.
Құлыншақ аулы он шақты үй. Бүгін осындай Құнанбай жағынан келетін
бір келісті ерекше аңдып күткендей. Ауыл желкесіндегі тақыр кызыл кезеңге
төрт атты қатты желіп шыққанда Құлыншақ төбе басында, «бес қасқа»
деген
балаларының ортасында отыр еді. Елең етіп көрді де:
- Әне келе жатыр! Құнанбай кісісінің алды осы! - деді.
- Жүрісі суық екен! - деп, бес қасқанын үлкені Тұрсынбай да көз тікті.
- Жә, енді не отырыс бар? Біреуің тез бар да, Пұшарбайға хабар айт!
Алыска хабар етер жгйым жоқ. Пұшарбай барлық Көтібаққа білдірсін! - деп,
Құлыншақ бастағанда:
- Е, Жігітек, Бөкеншіге де солар жеткізеді.
- Көшіріп алуға жарайтын болса, жетсін тегіс!
- Уәделері шын болса, осы іңірде табылсын! - десіп, Кұлыншақтың
айналасын қоршап отырған Тұрсынбай, Садырбай, Мұңсызбай, Наданбай
сияқты төрт ұлы қостай қоя берді. Бес қасқаның біріне Манас қосылатын. Ол
бәрінен жас. Тегінде Құлыншақтын өз баласы емес, ерте ер жеткен немере, анау
Тұрсынбайдың баласы еді. Манас үлкендердің әмірін күткені болмаса, өзі үн
қатқан жоқ.
Жаңағы бәрінің айтқан бұйрығы соған қарай айтылып еді. Пұшарбай
аулына
хабаршыға тез кететін болып, Манас тек қана мына келе жатқан төрт
аттының келісін күтті.
Майбасарлар Құлыншақ үйінің сыртына кеп тоқтағанда төбе басындағылар
да жетіп еді.