Мәліметтер қорының терминдері. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (СУБД - МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы. Ағылшынша оларды DBMS (data – base management system) деп атайды.
Мәліметтер қоры – бір – бірімен байланысқан мәліметтерді, объектілерді және МҚБЖ кез келген бір мәселені шешу жолында құрылады.
Кесте – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер қоймасы. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы (строки). Ол МҚБЖ мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады.
Өріс – кестедегі бағана немесе тік жол (столбцы). Access – те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізетін қатарды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізеді.