Microsoft Word Берке Аю !docx


Берке аю өңдірушіге айналды



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
5. Берке аю өңдірушіге айналды 
 
Берке аю тəтті жидектер сатып жаз бойы табыс тауып жатты. Əр жексенбі 
сайын көп қылып əкеп қоймасына жинауды да ұмытпайды. Жаңадан терілген балғын 
құлпынайлар, тəтті қарақаттар тез сатылып кетіп жатыр. Дегенмен, Берке əкелген 
жидектер тым көп еді. Осымен бірнеше рет мерзімі біткен тəтті жидектерді далаға 
тастауға тура келген. Бұлай жалғаса берсе 1-2 аптада жидектердің бəрі бұзылып, сатуға 
ештеңе қалмайды. Берке аю осыны ойлап көңілсіз отырғанда, дүкен жанындағы ағаш 
бұтағына ескі досы сауысқан кеп қонды.
- Берке досым, тағы неге көңілсізсің?
- Жидектерім бұзылып жатыр. Жаз болса аяқталуға жақын. Бұлай жалғаса берсе қыста 
не сатамын? – деді Берке мұңая.
- Ее, досым, босқа қайғырма, сен оданда былай істе. Қазір Ормандыда жаз ортасы 
болғандықтан жидектер көп. Сондықтан бəрін сатып үлгере алмайсың. Сен қарақаттан 
тосап жаса, ал құлпынайдан компот жаса. Сөйтіп қысқа сақтап қой. Қыста Ормандыда 
жидектер азайғанда, тұрғындар сенен келіп алады. Көп пайда табатын боласың, - деп 
ақыл айтты. Уайымдап отырған аю, сауысқанның ақылын жөн деп тапты. Кешке 
жанұясымен барлық жидектерден тосап, компот жасап қойды. Сауысқан да көмектесті.
- Міне досым, сен тек сатушы емес, енді өндірушісің, – деп мақтады сауысқан.
- Өндіруші деген не? – деп сұрады Берке аю.
- Өндіруші деген тауарды сатушы ғана емес, тауарды өндіріп шығаратындар, – деді 
сауысқан жымиып.
Берке аю досына үлкен разылығын білдірді. «Мен енді көктемнен бастап есік 
алдына түрлі жидектер өсіремін. Үлкен өндірушіге айналамын» деп қиялдап қойды.
1. Мына екі нұсқадан кім өндіруші екенін анықта:
а) Түлкі жұмыртқа мен ұннан тəтті тоқаш жасап базарға сатты; 
ə) Тиіндер ормандағы жаңғақтарды жинап дүкенге апарып сатты;
2. Өз қалаңда қандай өндіріс орындарын білесің?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет