Microsoft Word Берке Аю !docx


Берке аю өзіне қалай көмекші жалдап алды?



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
7. Берке аю өзіне қалай көмекші жалдап алды? 
 
Бір күні кешқұрым Берке аю тал көлеңкесінде тынығып отырады. Ол шаршаған 
еді. Күндіз дүкенде ауыр-ауыр бөшкелерді, сəбіз, алма салынған қаптарды тасиды. 
Одан қалса егістікте де шаруа шаш етектен. Арамшөптерді жұлу керек, суару керек. 
Егінге дұрыс қарамаса өнім бермейді. Дүкен ішін де ұқыпты ұстау керек. Сөрелерді 
сүртіп, дəлізді жуып тұру керек. Əйтпесе сатып алушылар тауар алмайды. Бұған жол 
бермеу керек.
Тауар деген сатушының қолынан сатып алушының қолына өтіп тұруы керек 
емес пе? Сондықтан да мұны сауда тілінде тауар айналымы деп атайды. Тауар 
айналымы болмаса Берке аю бал, жидек, құлпынай алуға қайтқан шығынын өтей алмай 
қалады.
Қысқасы, Берке аюға мұның бəрімен жалғыз айналысу қиынға соғуда. Осыдан 
шығар жолды ойлап отырған Берке аюдың жанына ескі досы Сауысқан кеп қонды.
- Сəлем достым. Неге бүгін мазаң жоқ? – деді Сауысқан. 
- Шаруаның бəрін жалғыз істеп, əбден шаршадым, - деді Берке аю.
- Ал сен көмекші жалда.
- Расымен де,- деді Берке аю қуанып, – қалай ойыма келмеген? Сен маған көмекші 
боласың ба, Сауысқан?
- Болайын. Не істеу керектігін үйретесің бе? - Кел, екеуміз міндеттерімізді бөлісіп 
алайық.
Екеуі өзара кеңесіп былай істейтін болды: Берке аю басшы, əрі ауыр - ауыр 
бөшкелерді қоймадан шығарады, дүкен сөрелеріне қояды. Баққа қарайды. Ал Сауысқан 
болса дүкенде тұрады, тауар сатады, кешке сатудан түскен табысты Берке аюға 
тапсырады. Сауысқанның жұмыс уақыты таңертең əтеш шақырғаннан кешке күн 
батқанға дейін болып бекітілді.
- Ал досым, енді сенің жалақыңды келісіп алайық, - деді Берке аю. - Жалақы деген не 
еді? – деп сұрады Сауысқан таңырқап.
- Жалақы дегеніміз - сенің еңбегің үшін төленетін ақша. Егер жақсы еңбектенсең 
жалақың да жақсы болады, ал егер жалқаулансаң жалақы бермеймін, тіпті жұмыстан да 
шығарамын. Маған жалқау əріптес керек емес. «Еңбек етсең – емерсің» деген мақал 
бар. Өз міндеттеріңді өте жақсы атқарсаң сыйақы да беріп тұрамын. Яғни, жалақыңнан 
бөлек қосымша ақша аласың.
- Мен жақсы əріптес боламын, Берке аю! – деді Сауысқан құлшына.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап 
іздеп көрейік.
1. Үйде анаңа көмектесіп тұрасың ба? 
2. Əкеңе қандай көмек беріп жүрсің?
3. Жұмыста/ортаңда жақсы əріптес болу
үшін не істеу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет