Microsoft Word Берке Аю !docx



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
 
 


8. Берке қаржы есебін түсінді 
Берке аюдың көмекшісі пайда болғалы дүкеннің жұмысы өте жақсы жүре 
бастады. Екеуі өте тату жұмыс істеп, бəріне үлгереді. Сауысқан да жаңа қызметке аз 
уақытта үйреніп алды. Дүкенге белгіленген уақытта келеді, күн батқанда кетеді. Берке 
аюдың тапсырмасын ойдағыдай орындайды. Өйткені Сауысқан қызметіне адал, 
тиянақты, келушілерге сыпайы еді. Берке аю Сауысқанға өте разы. Себебі, бос уақыты 
көбейді. Жұмыс сапасын жақсартуға, жаңа тауарлар тауып, сол арқылы Орманды 
тұрғындарын қуантудың мүмкіндігі туды.
Берке аю қазірдің өзінде көп нəрсе үйренді. Енді ол тауарларға дұрыс баға қоя 
білетін болды. Мысалы, егер жаңа піскен тəтті құлпынай болса оны тұрғындар дереу 
сатып алатынын, ақшаларын аямайтынын біліп алды. Ал шар, доп сынды 
ойыншықтарды тек балақалайлар алады. Сондықтан, бағаны қойғанда қателеспеу 
керек. Берке аю тапқан табысынан тауарларға кететін шығынды да есептеуі керек. 
Тауарға баға қояр кезде мұны да ескерген жөн.
Көктемде алғаш рет жидек өсіремін деп қарызданып қалғаны əлі есінде. Бірақ 
одан бері Берке аю көп тəжірибе жинады. Тиімді сауда жүргізу арқасында əмиянында 
біраз ақша жиналып қалған еді. Орындыққа жайғасып алып енді санамақшы болғанда, 
есікті біреу тоқылдатты. Келіп тұрған бал аралар екен.
- Берке аю, қарыздарды қайтаратын уақыт келді, - деді еңбекқор аралар. Берке аю 
əмиянынан бал араларға тиісті қарыздарын төлеп, алғысын айтты. Сол-ақ екен есіктен 
Тиіндер де кіріп келді: 
- Берке аю, бізде саған теріп берген жаңғақтардың ақшасын алуға келдік!
Берке аю оларға да төлеп, келесі жолы тағы да жаңғақ теріп қоюды өтінді. 
“Көршілермен жақсы қарым-қатынаста болсаң, тауардан да тарықпайсың” деп ой 
түйген Берке Сауысқанның да жалақасын беретін мезгіл келгенін ойлады.
Əмиянынан қажетті соманы есептеп, əдемі конвертке бүктеп Сауысқанға ұстатты. 
«Сенің еңбекқорлығыңа разымын, серіктестігіміз бұдан да əрі жалғаса берсін» деп 
тілек білдірді. Сауысқан да мұндай жылы сөздер естігенде қуанышын жасырмады. 
Жұмысты бірге жалғастыруға қуана-қуана келісті.
Кеш батқанда Борсық мырза да келді. Ол жанұясымен Берке аюға жидек 
салатын себет, тауар сақтауға қолайлы жəшіктер жасап берген еді. Олармен де есеп 
айырысты. Берке аю барлық қарыздарынан құтылып, жаңа тауарлар алды. Берке аю 
бүгіннен бастап барлық шығын мен табысты арнайы дəптерге жазып қоятын болды. 
Біріншіден, ештеңеден қателеспеу керек. Екіншіден, кез келген уақытта қай тауар 
табыс əкеліп, қай тауардың шығыны көп екенін есептеу үшін. Бұрын ол бəрін ойша 
есептейтін. Бүгінде дүкеніндегі тауарлар саны артты, кəсібі ұлғайды. Оның бəрін ойша 
есептеу енді мүмкін емес. Барлығын арнайы дəптерге жазып қойса кейін есептеуге 
оңай болады. Бастысы бəрін ұқыпты жазып отыру керек. Сөйтіп Берке қоймадан қалың 
дəптер алып шықты. Сыртына үлкен əріптермен ЕСЕП деп жазып қойды.
Еңбегінің жемісін көргеніне көңілі толған Берке аю дүкенді жаба бергенде саңқ 
етіп көмекшісі Сауысқан келді. 
- Еңбегің жана берсін! - деді Сауысқан. 
- Рақмет досым! Алғашқы еңбекақыңды не істейсің? – деп сұрады Берке аю.
- Анама əдемі көйлек əперемін! – деді Сауысқан куанышты жүзбен. - Ал сен ше?
Берке аю ақшаны қайда жұмсағанын жəне қандай қиындықтарға тап болғанын 
келесі оқиғадан біле аламыз.
1. Балақай, сенің есеп дəптерің бар ма? 
2. Сенің ең алғашқы табысың қанша еді? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет