Microsoft Word Берке Аю !docx


Берке аюға сақтандыру фирмасы қажет болды



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
10. Берке аюға сақтандыру фирмасы қажет болды 
 
Қыс бітіп көктем келгенде Орманды қаласында үлкен дауыл болды. Нөсерлеп 
жаңбыр жауып, алапат жел тұрды. Барлық қала тұрғындары үйшіктерінде тығылып 
жатты. Дауыл таң ата ғана тынышталғандай болды.
Берке аю енді көзін іле бергенде, айқайлаған дауыстардан оянып кетті. Далаға 
шығып қарағанда өз көзіне өзі сенбеді. Берке аюдың дүкеніне найзағай түсіп 
толығымен жанып кеткен еді. Сабылысқан өрт сөндірушілер, айқай- шу... 
Берке аю талдың түбіне отырып ауыр күрсінді, бар еңбегі өртеніп кеткеніне күйінді. 
Бұл уақытта досы Сауысқан келіп қалған еді:
- Берке аю, жылағанмен ештеңеге көмектесе алмайсың. Оданда мынаны айт, дүкеніңді 
сақтандырып па едің?
- Жоқ... Сақтандыру деген не? 
- Сақтандырмағаның өкінішті. Қазір түсіндіріп беремін. Мысалы, сенің дүкенің бар. Ол 
Ормандыда орналасқан. Дүкеніңде кейде өрт шығуы мүмкін немесе өзен арнасынан 
тасып су басып қалуы, ұрылар түсуі мүмкін дегендей. 
Міне, осындай келеңсіз оқиғалардан сақтандыратын арнайы фирмалар болады. 
Біздің Ормандыда мұндай іспен Түлкі мырза айналысады. Оның фирмасы сенің 
дүкеніңді сақтандырады. Сен оған жыл сайын біршама ақша төлеп отырасың. Есесіне 
дүкеніңде қазіргідей келеңсіз оқиғалар бола қалса, сақтандыру фирмасы барлық 
шығыныңды өтеп береді.
- Бұл туралы ертерек білмегенім қандай өкінішті, - деп ауыр күрсінді Берке аю. Енді 
қарызға ақша алып, дүкенді қайта басынан тұрғызуға тура келеді. 
- Иə, енді бұл қателіктерді қайталама. Жаңа дүкен тұрғызып болғаннан кейін Түлкі 
мырзаға барып сақтандырып ал, - деді Сауысқан.
- Міндетті түрде! Сақтандыру фирмасы тек дүкенді ғана тіркей ме?
- Жоқ, əрине. Сен денсаулығыңды да сақтандыра аласың. Мысалы, абайсызда аяғыңды 
ауыртып алсаң жазылып, қайта жұмысқа жарамды болғаныңша сақтандыру фирмасы 
саған өтемақы төлеп береді. Сосын тағы медициналық сақтандыру деген бар. Сен сау 
кезіңде белгілі мөлшерде ақша төлеп тұрасың, ал егер ауыра қалсаң сені тегін емдеп 
береді.
-Көп рақмет саған Сауысқан. Мен тез арада Түлкі мырзаның фирмасына барып, өзімді 
де, жанұямды да, мүлкімді де сақтандырып алайын...
Берке аю дəл солай істеді. Ақылды Түлкі де «дүкеніңді қайта ашқанда міндетті 
түрде кел, сақтандырып ал» деп кеңес берді. Ал Берке аюдың дүкенін қайта тұрғызуға 
бүкіл ауыл келіп көмектесті. Берке аюдың дүкені бұрынғысынан да əсем болды. 
Қойманы кеңірек жасады, жаңа еден төселді, сөрелерді биік етіп орнатты. Біршама 
уақыт өткеннен кейін жаңа тауарлар əкелінді. Сауда қайта қыза бастады.
Ең бастысы ендігі жерде Берке аю ештеңеге алаңдамай ұйықтай берсе болады. 
Енді оны өрт те, топан су да қорқыта алмайды. Өйткені, оның дүкені сақтандырылған.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап 
іздеп көрейік.
1. Сақтандыру не үшін қажет екенін түсіндің бе? 
2. Сақтандырудың қандай түрлері болады екен? 
3. Балақай, сен тұратын үй сақтандырылған ба?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет