Microsoft Word Берке Аю !docx



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
берке аю

13. Кəсіпкер қонжықтар 
Орманды қаласына қыс мезгілі ерте түскен еді. Айналаның бəрі қар. Барлық 
жерде балалар қардан аққала жасап, асыр салып ойнап жүр.
Тек Берке аюдың үш қонжығы ғана ойынға араласпады. Өйткені олар да əкелері 
секілді кəсіппен айналысып көп ақша тауып, жинақ банкасына салым салып 
көбейткілері келеді. Бірақ банкке барып салайын десе ақшалары жоқ. Не істеу керек? 
Үш қонжық отырып көп ойланды. Қандай кəсіппен айналысуға болады?
Бір кезде үлкен қонжық былай деді:
- Бұлай отыра берсек түк шықпайды. Мен анамыздан барып ақыл сұрап келейін. 
Сендер де қарап отырмай əкемізбен кеңесіп көріңдер.
Інілері де бұл ұсынысты қабыл алды. Үлкен қонжық анасын іздеп үйіне 
келгенде анасы ас үйде дəмді бəліш пісіріп жатыр екен.
- Анашым, біз де əкеміз секілді кəсіппен айналысқымыз келеді! Алайда неден бастауды 
білмей отырмыз, – деді қонжық анасы пісіріп жатқан дəмді бəліштің иісіне масайып.
Мұны сезіп тұрған анасы жымиып, қонжығына жаңа піскен бəлішті ұсынды.
- Ммм, қандай дəмді! – деді қонжық бəлішті асап жатып. Осы кезде қонжыққа бір ой 
келді.
- Таптым, - деді ол шаттанып, - Анашым, маған бір себет бəліш пісіріп бере аласыз ба?
- Балам-ау, оның бəрін қайтесің? – деді анасы таңдана.
- Мектепке барып кішкентай бүлдіршіндерге сатамын. Сөйтіп, банкке салым саламын, 
ол көп ақшаға айналады. Сол кезде сізге сыйлық əперетін боламын! «Жарайды» деп 
анасы қонжығының басын сипап:
- Ертең таңертең дайындап қоямын. 
Осылайша үлкен қонжық өзінің жаңа кəсібін ойлап тапты.
Бұл уақытта кішкентай екі қонжық əкелерінің дүкеніне келе жатқан еді. Жолда 
қолына үлкен күрек ұстаған қарт Кірпіні жолықтырады.
- Балалар, амансыңдар ма? – деді қария Кірпі. 
- Аманбыз ата. 
- Қайда жол тарттыңдар? 
- Біз ағам екеуміз кəсіп ашайын деп жатырмыз! – деді кішкентай қонжық мақтана.
- Бəрекелді-і. Ендеше, менің сендерге ұсынысым бар. Биыл қыс қатты. Үйімнің алдына 
қараңдаршы, қар басып қалды. Ал оны тазалауға менің əлім келмейді. Қартайдым. 
Сендер қолдарыңа күрек алып үйімнің алдын тазалап беріңдер. Бəрін бітірсеңдер 
əрқайсыңа 25 теңге беремін, – деді қарт кірпі.
Екі қонжық келісе кетті. Күштері көп қонжықтарға қар күреу қиын болып па? 
Екеуі қолдарына бір-бір күректен алды да, білектерін түріп іске кірісіп кетті. Сүт 
пісірім уақытта Кірпі атаның үйінің алдын тазалап берді.
Екеуінің еңбекқорлығына разы болған қарт Кірпі: 
- Жарайсыңдар! «Бейнетің қатты болса, татқаның тəтті болар» деген мақал бар. 
Мінекей, алыңдар, - деп екеуіне 25 теңгеден ұстатты. Алғаш рет еңбек етіп табыс 
тапқандарына қатты қуанған олар ағаларына айтуға асықты.
Үйлеріне жеткенде алдарынан ағасы қарсы алды. Ертеңнен бастап анасы екеуі 
бəліш жасап, мектептегі балақайларға сататындарын айтты. Енді өзі де əкесі Берке аю 
секілді кəсіпкер екенін айтып мақтанды. Қос інісі ағалары үшін қуанышты екенін, олар 
да бүгін алғаш рет табыс тапқандарын айтып жатты. Берке аю қонжықтарының 
осындай еңбекке адал, іскер болып есейгендеріне сүйсінді.
Ертесіне бір тосын жағдай болды. Қонжықтар ұйықтап жатқан болатын. Оларды 
есіктің дүрсілі оятты. Шығып қараса кəрі Əтеш екен. 


- Ия, Əтеш көке, не шаруамен келдіңіз? – деді кіші қонжық ізет танытып. 
- Кеше Кірпі қарияның қарын күреп берген сендер ме? – деп сұрады. 
- Иə, көке.
- Ендеше, мен де сендерге 25 теңгеден беремін. Менің үйімді қар басып қалды. Үйден 
зорға шықтым. Балапандар тіпті шыға алмай қалды. Тазалап беріңдер, шырақтарым! – 
деді кəрі Əтеш.
Екі қонжықтың қуанышында шек болмады. 50 теңге жерде жатқан ақша емес 
қой.
- Əрине, Əтеш көке. Қазір үйіңіздің алдын жарқыратып қоямыз! – деді екі қонжық 
қалың киімдерін киіп жатып.
Осы күннен кейін екі еңбекқор қонжық туралы хабар бүкіл Орманды қаласына 
тарап кетті. Орманды тұрғындарынан «қорамның қарын күреп беріңдер» деген 
тапсырыстар күнде келіп жатты. Екі қонжық сабақтан келген соң лезде күреп бере 
қояды. Ал табыстарын əкелері Берке аю секілді жинақ банкіне салып қоятын болды.
Осылайша Ормандыда жас кəсіпкерлер пайда болды.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап 
іздеп көрейік.
1. Балақай, сен қандай кəсіп ойлап таптың?
2, Кəсіп бастау үшін қандай адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
3. Жаңа кəсіп идеяң болса, ата-анаңмен бөлісіп көр!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет