Microsoft Word Берке Аю !docx


Берке аю қалайша жұртқа қарызданып қалды?



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
6. Берке аю қалайша жұртқа қарызданып қалды? 
 
Берке аю жеміс-жидектерден жасаған тосап пен компотын қыста сатып, зор 
табыс тапты. Тапқан ақшасына қонжықтарына шана əперді. Дүкен сыртына жөндеу 
жұмыстарын жүргізді. Осы кезде Берке аюдың басына бір ой келді. Ол жаз бойы тауға 
шығып тəтті жидектер теріп келетін. Тауға шығатын жол өте қиын əрі биік. «Бұлай бір 
күнімді кетіріп жемісті таудан тасығанша, неге өз ауламда өсірмеймін» деп ойлады аю.
Сөйтіп, көктем келгенде Берке аю қаланың шетінде орналасқан Борсық мырзаның 
құрылыс дүкеніне барды. Борсық мырзадан күрек, кетпен, дəн, топыраққа 
тыңайтқыштар секілді егін егуге қажетті құрал-саймандарды қарызға алды. Үйіне 
келіп, қонжықтарымен бірге жер аударып, бір арық құлпынай, бір арық қарақат, 
таңқурай, сəбіз екті. Көктем бітіп, жаз келе бастағанда жидектер гүлдеп сала берді. Көп 
ұзамай, алғашқы өнім де шықты. Бірінші науқаннан он келі жидек теріп алды. Берке 
аюдың қуанышында шек болмады.
Енді тауға шығып, қиналып жидек тасымайды. Бəрі өз ауласында өседі! Берке 
аю жидектерді себетке салып лезде дүкен сөрелеріне қойды. Бірақ қандай бағаға 
сатарын білмеді. Жидектер ерте жазда бəріне де керек. Қымбат баға қойса 
былтырғыдай жидектерді ешкім алмай, босқа зая кетеді. Осыны ойлап, Берке аю 
бағаны арзанырақ қойды. Келушілер де көп болып 10 келі жидек лезде сатылып кетті. 
Мың теңге табыс тапқан Берке аю көңілді əнге басқаны сол еді, бір кезде есік 
қағылады. Ашып қараса Борсық мырза қарызын алып кетуге келіпті. Екеуі есептесті. 
Күрек - 300 теңге, кетпен – 350 теңге. Тыңайтқыш – 250 теңге, дəн – 200 теңге. Бəрін 
қосқанда 1100 теңге болады! Ал Берке аюдың бар тапқан табысы 1000-ақ теңге. Берке 
аю бармағын тістеп қалады.
Түсіне алмағаны: ол егін екті, баптады, күтім жасады, сатты. Бірақ бəрібір 
Борсық мырзаға қарыз болып қалды. Осыған мұңайған Берке аю досы Сауысқанға 
барды. Сауысқан Берке аюдың оқиғасын тыңдап болып, саңқ-саңқ күлді де былай деді:
- Сенің басты қателігің дұрыс баға қоймауың. Бірінші барлық шығынды есептеуің 
керек. Одан кейін өз еңбегіңе қанша ақша алғың келеді соны қос. Содан соң ғана 
бағаны қоясың. Сонымен қатар тауарға деген сұранысты да білу маңызды. Солай, 
Берке досым. Енді мұңайма. Бұл оқиға келесі жолы шығын мен кірісті есептеуде сабақ 
болады.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап 
іздеп көрейік.
1. Берке Аю неге өкінді? 
2. Данагөй Сауысқан Берке Аюдың қандай қателігін
айтты?
3. Айдос көктемде 300 теңгеге құлпынай дəнін сатып
алды да, оны өсіріп 1 шелек өнім алды. Айдос бір шелек құлпынайды қанша теңгеге 
сатуы мүмкін? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет