Microsoft Word Диссертация Турганбаева docx


Мектеп білімінің жаңартылғанмазмұнына сайықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы оқыту бойынша педагогикалық эксперимент



бет36/45
Дата26.12.2023
өлшемі2,57 Mb.
#199486
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
TURGANBAEVA Diss compressed

Мектеп білімінің жаңартылғанмазмұнына сайықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы оқыту бойынша педагогикалық эксперимент


Біздің зерттеуімізде ұсынылған ғылыми болжамды дəлелдеу мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді. Педагогикалық эксперимент зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес 2017-2020 жылдары жүргізілді. Сонымен бірге келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды:

      • айқындаушыэксперимент(2017-2018ж.ж.);

      • қалыптастырушыэксперимент(2018-2019ж.ж.);

      • бақылаушыэксперимент(2019-2020ж.ж.).

Зерттеудің базасы: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу процесінжүзегеасырыпжатқанреспубликаныңжалпыбілімберетінмектептері. Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ə. Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектебінде, Түркістан қаласының С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей жəне «Қарақұм» жалпы орта мектебінде апробациядан, яғни бақылау экспериментінен өтті
Айқындаушыэксперименткезеңінде:

      • зерттеудіңболжамы,мақсатыжəнеміндеттерітұжырымдалды;

      • зерттеу тақырыбы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудіңстандарты,ортамектепкеарналғанматематикажəнеалгебрапəнініңoқу бaғдaрлaмaлaры, оқулықтар зерттеліп, талдау жасалды;

      • стохастика элементтерінің математика ғылымының жеке саласы болып қалыптасуының тарихи кезеңдері анықталды;

      • АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Ресей мемлекеттерінің математикапəніндеықтималдықтартеориясыменматематикалықстатистиканы оқытудың орны мен ерекшеліктері зерделенді;

      • психолог-педагог Пиаже, Инельдер, Гриннің зерттеулерін талдай отырып, оқушылардың ықтималдық жəне статистикалық материалды игерудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері зерттелді.

      • 5-9 сыныптардағы математика жəне алгебра сабақтарына қатысып, мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізілді (Қосымша Б, Қосымша В) ;

      • №1 жиынтық бағалау өткізу арқылы 5-9 сынып оқушыларының математикалық дайындығының деңгейі анықталды (Қосымша Г).

Жиынтық бағалау жұмыстарын орындау бойынша оқушылардың білімін анықтау құрастырылған тапсырмалардың алдын ала жасалған критерийлері бойынша жүзеге асырылды.
№1 жиынтық бағалау нəтижелерінен 5-9 сынып оқушыларының натурал, сандар,жай,ондықбөлшектержəнефункциятақырыптарыбойыншабелгілібір білімдері бар екендігін көрсеткенімен оқушылардың кестелер мен диаграммалармен берілген мағлұматтарға талдау жасауда, оқиға ұғымына есеп шығару біліктерінің жеткілікті емес екенін көрсетті.
Тəжірибелі мұғалімдердің жұмысын бақылай отырып, математикалық статистика элементтеріне есеп шығарған кезде бастауыш сыныппен сабақтасты ескермейтінін, стохастикалық материалдың үш компоненті: статистикалық, комбинаторикалық жəне ықтималдық бойынша біртіндеп, біркелкі жəне жүйелі оқытылмайдыжəнеоқужылыныңсоңында«қалдықпринципбойынша»немесе
«жағдайдан жағдайға» оқытылатыны анықталды. Бұл математика пəнінің стохастикалық материалын меңгеруде оқушылардың білім мен біліктің жоғары деңгейде қалыптасуына мүмкіндік бермейді.
Стохастиканы оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асыру нəтижесінде математикаға деген танымдық қызығушылықтың қалыптасуын бағалау үшін мектеп оқушыларына сауалнама жүргізілді (Қосымша Б).
Сауалнама нəтижелері 5-9 сынып оқушыларының арасында жүргізілген сауалнаманəтижесіндеоқушылардың61,7%өмірлікжағдайларменбайланысты есептерді шығарғанда қиындықтарға тап болатынын көрсетті.
Оқушылар арасында «математика қызық» немесе «математикаға қызығушылығым жоқ» деген сұраққа оқушылардың 62,5% қызығушылығы жоқ екенін көрсетті.
Айқындаушы эксперименттегі №1 жиынтық бағалаудың нəтижесі 32- кестеде берілген.
Айқындаушыэксперименткебарлығы-397оқушықатысты.
Эксперименттіктопқа–197оқушы,бақылаутобына-204оқушықатысты. Кесте 32 - №1 жиынтық бағалаудың нəтижесі

Сынып

Оқушы саны

Көрсетілгенаралықтабаға(%)
алғаноқушыларсаны

Білім сапасы
%

Үлгерімі
%

100-90

89-75

74-50

49-0

5-сынып

БТ

41

11

12

17

1

56,1

97,6

ЭТ

41

8

12

20

1

48,8

97,6

6-сынып

БТ

41

10

13

17

1

56,1

97,6

ЭТ

38

6

12

19

1

47,4

97,4

7-сынып

БТ

43

10

12

20

1

51,2

97,7

ЭТ

39

9

10

18

2

48,7

94,8

8-сынып

БТ

40

6

14

19

1

50

97,5

ЭТ

38

5

13

18

2

47,4

94,7

9-сынып

БТ

39

8

13

17

1

53,8

97,4

ЭТ

37

4

14

16

2

48,6

94,6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет