Microsoft Word Диссертация Турганбаева docx


Жалпы мəдени құндылық қағидасы



бет13/45
Дата26.12.2023
өлшемі2,57 Mb.
#199486
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
TURGANBAEVA Diss compressed

Жалпы мəдени құндылық қағидасы. Осы қағидаға сəйкес əдіснамалық жоспардағы білімнің маңызды элементтерін анықтау мақсатында ықтималдық- статистикалық білім компоненттерін талдау жəне бағалау жүргізілді. Əлемнің ғылымикөрінісіндұрысқалыптастыруүшіноқушыларанықталғанзаңдылықтар туралы түсініктермен қатар, қоршаған əлемдегі стохастикалық табиғи заңдылықтартуралытүсініктергедеиеболукерек,өйткенібарлықықтималдық- статистикалық əдістер мен идеялар қазіргі кезеңде жаратылыстану ғылымын тануүшіншешушімəнгеие.Жəнебұлзаңдылықтартектығызқарым-қатынаста, байланыста қоршаған əлемнің құбылыстарының объективті бейнесін толық көрсетеді.Зерттеудіңосыкезеңініңнəтижесімаңыздыəдіснамалықжəнежалпы мəдени маңызы бар білімдердің шеңберін бөліп алу болып табылады. Оларға мыналаржатады:кездейсоқоқиға,кездейсоқшама,кездейсоқнəтиженіңсандық ықтималдығы,«үлкенсандардыңзаңы»кездейсоқкөріністердезаңдылықтардың болуы жəне т.б.
Тəжірибелік маңыздылық қағидасы. Бұл қағида ықтималдық- статистикалық дайындықтыңқұралын анықтайды, оның негізінде əр адамның тəжірибесінде қолданатын кең ауқымы бар білім мен əдістер ерекшеленіп алынады.Сонымен,қоғамныңəрбірмүшесіүшінбұқаралықақпарат
құралдарында (теледидар, радио, газет) кеңінен ұсынылған статистикалық ақпаратты дұрыс түсіну жəне талдау қажет. Оларда ақпарат əртүрлі диаграммалар, графиктер түрінде ұсынылады жəне мəтінде орташа көрсеткіштер, өсу жəне кему заңдылығы, сараптамалық бағалау, болжау, корреляция, мүмкіндік сияқты терминдер кездеседі. Денсаулық туралы, өңірлердің экологиялық жағдайы, темекі шегу немесе ішімдіктің қауіптілігі туралы, зиянды заттардың əсері туралы жəне т.б. ғылыми мақалалар статистикалық есептеулер мен тұжырымдарға негізделген. Өмірде біз жиі шешімді қабылдайтын кезде дүниені сезіну қабілетін басшылыққа аламыз жəне бұлүшінқолжетімдідеректертолықемеснемесебіркелкіболмағанжағдайларда, мүмкіндікті талдау жəне тəуекелді бағалау негізінде шешімдер қабылдаймыз. Осылайша, қазіргі заманғы қоғамда толыққанды жұмыс істеу, оның өміріне белсенді, саналы қатысу статистикалық мəдениеттің қарапайым дағдыларын, күнделікті өмірдегі жағдайларды талдаудағы ықтималдық-статистикалық əдістерді қолдануды талап етеді.
Бұлбілімэлементтерінемыналаржатады:арифметикалықортамəн,мода, жиілік, орташа сипаттамадан ауытқу, статистикалық деректердің графикалық бейнелері (диаграммалар, полигон, гистограммалар);статистикалық деректерді жүйелеу жəне өңдеу əдісі, комбинаториканың қарапайым білімі жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет