Microsoft Word История.№1,2010



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

 
 
КӨШПЕЛІ РУ-ТАЙПАЛАРДАҒЫ ТАҢБАЛАР  ТАРИХЫ 
 
Ғ.А.Меңілбаев – 
   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,  
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Ежелгі  жəне  байырғы  көшпелілердің  өз  қолдарымен  сызып,  қашап  қалдырған  осы 
құндылықтарды    салыстырмалы  түрде  алып  қарастырып, XIX ғасырдағы  қағазға  түскен  қазақ 
халқының  ішіндегі  кіші  жүз  құрамындағы  ру-тайпалары-ның  таңба  белгілерімен  салыстыру  арқылы 
ежелгі түркі этносының  психоло-гиясын, дүниетанымының тікелей мұрагері қазақ халқы екеніндігін 
таныту  болып  табылады.  Сол  құндылықтарды  жандандыру.  Мұндағы  əрбір  таңбалар  мен 
нышандардың  дəуірі  анықталған.  Олардың  модификациясы  (түр  өзгерісі),  қолданыста  болған  дəуірі, 
кейінгі  дəуірмен  сабақтастығы  салыстырмадан  анық  байқауға  болады.  Ежелгі    жəне  байырғы 
түркілердің қалдырған логограммалық рухани құндылықтарын сараптау барысында, оларды екі топқа 
бөліп 
қаруды 
жөн 
көрдік. 
Олар: 1.таңбалар.                 
2. нышандар (символдар).                                                                                              
Таңбалар  əрбір  жеке  тайпаларды  танып,  түстеп  беретін  белгісі-коды.  Сол  бел-гі(код)  арқылы 
пəлен  деген  түсінікті  екінші,  үшінші  жақ  алады.  Малға  басқан  таңба  арқылы  пəлен  тайпаның  малы 
деген  ақпарат  алады.  Ал , біздің    рəміздеріміз(герб),  тікелей  тотемге  (киетекке)  байланысты  екенін 
көпшілік  біле  бермейді.  Киетек  (тотем)  деп  аталған  ұғым  тайпалардың  намысына,  арына  тікелей 
байланысты болады.  
Кие олардың шығу тегі, ата-бабасы. Оларды  желеп - жебей жүретін аруағы. Тайпа мүшелері, 
қауымдастық  (обшина)  жауға,  қауіпті  сапарға  аттанғанда,табиғаттың  апатына  тап  болғанда, 
қысылғанда,  қуанғанда    киетекке  (тотемге)  жүгініп,  күш-қуат  сұрап,  солар  арқылы  тəңірге  табынып 
отырған.Сондай қасиетті, киелі болғандықтан рəміз ретінде құрметтейтін болған.  
Киетектер қуатты, қорқынышты, айбарлы жануар кейпінде абстракт  түрде бейнеленген.  Бұл 
ежелгі жəне орта ғасырдағы адамдардың дүн-иетанымымен этнопсихологиясымен тікелей байланысты. 
Ежелгі адамдар қоршаған ортасын түйсіну, сол түйсігін ой сарабынан өткізу  арқылы жануар-лардың 
ерекше бітімін шамадан тыс бейнелеп рəмізге айналдырған. Керісін-ше, таңба кескіндері ежелгі жəне 
байырғы  түркі  əліпбиіне  айналған.  Көріп  отырғанымыздай  таңба  ретінде  қолданған  таңбалар  əріпке 
бірден айналса, рəміздер кескіні оған көнбеген.  
Міне,  осының  өзінде  өте  көп  мəн  жатқан  сияқты.  Таңбалар  анда-мында  қала  береді,  демек 
ақпарат  береді.  Ал  рəміз  киелі  болғандықтан  оны  кез  келген  жерге  сызып,  аяқасты  етуге  жол 
берілмеген. Байырғы Түркі қағанатының Елтаңбасы серке немесе тауешкі. Мезолит дəуірінен бермен 
қарай пəлен мың ,миллион ешкінің (тауешкінің) суреті жартас бетіне сызылған.  
Ал дəл мынандай сурет Күлтегін мен Біліге қағанның ұстынан (қабыртас деуге болады) басқа 
жерде  жоқ.  Бұл  Түркі  қағанат  Елтаңбасы.  Орта  ғасырлық    Оғыз-наме  жырында  Оғыз-қағанды 
суреттемес бұрын оның рəміз(герб) мынау деп өгіздің (бұқаның) басын абстракты суретпен берген.  
Бұл  екі  Елтаңба  (герб)  қағанат  (империя)  рəмізі.  Ал  одан  басқа  əрбір  тайпа,  тайпалық 
одақтардың (конфедерация) елтаңбалары болған.Осы жерде біздің  ру-тайпалардағы таңбаларымыздың 
шығу  тарихы  қалай    келіп  шығатыны  белгілі  бола  бастайды.  Яғни,  олар  белгілі  бір  көшпелі  


 
13
мемлекеттер  құрамында  одақтас  болған  деп  тұжырым  жасауға  болады.  Солардың  бірі, «Байұлы»  
атауының  шығу  тарихы  деуімізді  атап  өткім  келеді. «Бай»  сөзі  ру-тайпа  аттары  ретінде  алғаш  рет 
б.э.бұрын 694-250 жылдардағы  қытай  жылнамаларында  айтылады.  Динлиндердің  бір  бөлігі  Байди 
аталған,ал бай екі түрлі мағынада «солтүстік» жəне «ақ» мағынасында көрсетілген. 
Ерте  замандағы  тайпалардың  Азияда  əрі-бері  ауысып,  бір  орыннан  екінші  орынға  орналасып 
отыруы  тарихта  белгілі  жағдай.  Соған  қарағанда,  бай  түбір  сөзі  арқылы  жасалған  этнонимді 
иемденгендердің бір тобы Азияның шығысы мен солтүстігінде, екінші тобы орта бойында мекен еткені 
шындыққа  жақын.  Бұған  назар  аударсақ,  бай  сөзі  арқылы  жасалған  этнонимдердің  архетипі  көне 
дəуірге,  атап  айтқанда,  Алтай  дəуіріне  тəн  болар  деген  тоқтамға  келеміз.  Оған  дəлел - біріншіден, 
жылнамалары  мен  шежірелерінің  хабарлауынша,  Бай    б.э.  дейінгі 694-250 жылдары  Алтайда  өмір 
сүрген динлиндердің тайпа аты болған болса, екіншіден, тілдік материалы яғни сөздің көне лексикалық 
мағынасы сол Алтай дəуіріне тəн сөздердің мағынасын аңғартады.  
Өйткені бай сөзінің қазіргі мағынасы мен бұрынғы мағынасының (солтүстік жəне ақ) арасында 
ешбір  жуықтық,  жақын  байланыс  білінбейді.  Ал    қазіргі    ру,  тайпа  жəне  кісі  аттарында  келетін  бай 
сөзінің  мағынасы  соңғы  дəуірлердегі  жағдаймен  байланысты  екені  өзінен-өзі  түсінікті  болса  керек.                 
(  Т.  Жанұзақ .  Қазақ  ономастикасы  /атаулар  сыры-3/  Алматы 2007. 494-496 беттер ).  Қазақтың  ру-
тайпалары мен башқұрттар ішіндегі ру-тайпалардың  атауларындағы ұқсастық,таңбалардағы ұқсастық, 
т.б.  бұл  екі  халықтың  шығу  тегінің  көне  заманнан  келе  жатқанын  жəне  туыстас  халық  екендіктерін  
байқатады.  
Кіші жүз ру-тайпаларының  ішіндегі 12-Ата Байұлы құрамындағы жаппас руы мен Башқұрттар 
құрамындағы    жылан  тайпасының  арасында  тарихи  байланыстылықты    жазбаша  деректер  арқылы 
байқауға  болады. «Племя  елан  ряд  исследователей,  опираясь  на  значение  этнонима    (йылан-  змея),  а 
также  упоминание  Ибн-Фадлана  о  поклонении  древних  башкир  змеям,  относят  к  числу  древнейших 
образований на территории Башкирии     (Юсупов, 1960, стр.130).Такое решение действительно было 
бы  заманчивым,  тем  более,  что  в  литературе    были  упоминания  о  культе  змей  (в  частности  об  их 
неприкосновенности)  в  религии  древних  булгар  (Поппе, 1927; Денисов, 1959). Однако  от  новой 
возможности перебросить связующий мост и булгарам приходится отказаться, так как в данном случае 
мы имеем дело скорее всего со случайной ассоциацией. Еланцы, соседи киргизов и канлинцев в долине 
Белой,  тесно  связаны  с  ними  и  с  кыпчаками  вообще  как  временем  миграции  в  Приуралье (XІІІ-XІV 
вв.),  так  и  предшествующей  историей  в  Дешт-и-Кыпчаке.Еланские  предания  о  миграции  предков  в 
Приуралье «со стороны Волги»  или « из Крыма»,  генеалогии, восходящие к Чингиз хану, структура 
еланских тамг с явным преобладанием тамги кыпчакского типа, наконец, внутренняя микроэтнонимия, 
также кыпчакская по характеру (подразделения кара-кыпчак), - все это не оставляет возможностей для 
более древних сопоставлений.  
Кыпчакская  этнонимия  некоторых  еланских  подразделений  не  исключает  возможности  и 
того,что  еланцы  были  в  XІІІ-XІV  вв.составной  частью(  родом)  кыпчаков;  во  время  полевых  работ  в 
1953  г.один  из  стариков-еланцев  следующим  образом  определил  свою  родовую  принадлежность:        
«мы елан-кыпчаки (біз жылан-қыпшақтармыз)//полевые записи 1953г., стр. 351//.   
В  древней  истории  кыпчаков  был  эпизод,  который,  кажется,  может  послужить    отправным 
моментом  в  поисках  этнических  истоков  еланцев.  В.В.Бартольд  в  рецензии  на  книгу  И.Маркварта 
писал,  что  в  период  пребывания  кыпчаков  на  Алтае  их  разбил  народ  змей  (джилан);  потерпевшие 
поражение  кыпчаки  несколько  позже  вместе  с  племенами  змей,  с  которыми  они  смешались, 
разгромили  узов  и  печенегов,  а  затем  все  вместе  устремились  на  запад  против  Византии  (Бартольд, 
1968,  стр.397).  Сообшение,что  древние  кыпчаки  жили  на  Алтае  в  долине  «Чжи-лян»  китайская 
транскрипция тюркского Джилан (змея) имеется в «Сокровенном сказании»  (Палладий Кафаров, 1872, 
стр.247).  Других  сведений  о  племени  змей  в  источниках  не  имеется, (осы  жерде  аңыздар,  ертегілер, 
жырлар - ауызша айтылатын деректерде жылан халқы туралы кездестіруге болады.  
Мысалы,  қазақ  халқының  ертегілерінде  Жылан  патшалығы,  Бапы  деген  жылан  патша,  оның 
балалары  мен  қыздары  т.б.  кездеседі. (Ер-Төстік  ертегісінде...)  лишь  Г.Е.Грумм-Гржимайло  снова 
упоминает это название и опять же в связи с кыпчаками; он высказывает интересное предположение о 
том,  что  этнических  истоков  племен  змей  находятся  динлины. (Грумм-  Гржимайло, 1926 г.,  стр.59). 
«Происхождение  еланцев  на  основании  имеющихся  данных  решить  невозможно.Однако  они  дают 
повод  для  вполне  обоснованного  заключения  башкиры  племени  елан - потомки  одного  из 
древнетюркских  племен,  которое  включилось  в  состав  кыпчаков  еще  на  ранней  стадии  их  истории 
миграции на запад»    (Р.Г.Кузеев. Происхождение Башкирского народа . Изд. «Наука, Москва 1974 г. 
стр., 362-363.). 


 
14
Осы  жерде,  Башқұрттар  құрамында    əртүрлі  тарихи  жағдайларға  байланысты    қосылған 
қазақтың  ру-тайпаларының  бірі,  кіші  жүздің  Байұлы  бірлестігіне  қарайтын,  жаппас  тайпасының 
бастапқы кезде өз алдына ірі тайпа бірлестігі болғандығын байқап отырмыз. Оның құрамында  ІІ-таңба 
алған Эске «Ескі жылан»  (22- таңба), X-таңба алған  Идель «Еділ  жылан» (10-таңба), T-таңба алған 
Изель  «Есіл    жылан»  (8-таңба),  L-таңба  алған    Кыр  «Қыр  жылан»  (5-таңба)  бар  қазақтың  ру-
тайпаларын  кездестіруге  болады.  Осы  жердегі  төрт  таңбадағы  қазақ  руларының  басын  біріктірген 
жылан  тайпасының  кіші  жүз  құрамындағы  жаппас  тайпасымен  арада  қандай  байланысы  бар  дейтін 
болсақ;  Қазақ  халқының  негізін  құрап  отырған 43-тайпалардың  ішінде  жылан  бейнесіндегі  таңбаны 
алған «Z»   тек  қана  жаппас  тайпасы  деуге  болады.  Қалған  ру-тайпалардың  ешқайсының  рулық 
таңбалары «жылан»  бейнесіне ұқсамайды. Екінші бір дəлеліміз, жаппас атауы 13-14 ғасырларға дейін 
жазбаша  деректерде  кездеспеуі,  тек 15- ғасырдан  бастап  «жаппас»  атауының  сол  кездердегі 
жылнамаларда кездесе бастайды.  
Дəлірек  айтсам, «Тартария»  деп  аталатын 887-беттен  тұратын  көлемді  ғылыми  еңбекте ( 
татарлар  тарихына  байланысты  жазылған ), Қазан-Москва-Санк-Петербург 2005 г.  376-377 бетте 
«Кочевой  и  оседлый  мир  Восточной  Европы. 1482-1560 годы  »    деген  атаумен  карта  берілген  .Осы 
картада «1492 жылы»  жаппастардың  Қарақұмдағы  қыстауларының  жəне  жайлауларының  көші-  қон 
қоныстары, жүрген жолдары, т.б. берілген... Зимовка( кыслав) Опаса / Яппаса / 1492 г. - деген сөйлем 
кездеседі.  Былайша  айтқанда, 1492 жылғы  жаппас  руының    қыстауларының  орналасқан  жерлері 
келтірілген.  Арал  теңізінің  жоғарғы  жағындағы  Қарақұм  ішінде,  Торғай  мен  Сырдария  өзендері 
аралығындағы  жерлер  деуге  болады.  Қарақұмның  бойындағы    жəне    Ембі,  Сағыз  өзендерінінің 
аралығындағы  жерлер  деуге  болады.Ал  енді  жайлауларының  орналасқан  жерлері  Оралдың  жоғарғы 
жағы мен Сақмар өзендері аралығындағы жерлер болды.  
Сондай-ақ,  Ор  жəне  Ырғыз  өзендері,  Улькаяк,Торғай  өзендері  аралығындағы  жерлерге 
жайлауға  көшіп  жүрді  деуге  болады.  Осы  жерлерде  күні  бүгінге  дейін  жаппас  руының  өкілдері 
кездеседі  десек  қателеспейміз.  Жаппас  атауына  байланысты  орта  ғасырлық  жазбаша  деректерде 
«Жамбас, Жанбас, Шаббас  атауымен елді-мекендердің қалалар, жер-су атаулары, адам аттары, рулар 
т.б.  кездесіп  тұруы  біздің  ойымыздың  дұрыстығын  көрсетеді.  «Жылан-бас»  тайпасының  атауының 
уақыт өте келе–Жамбас, Жанбас, Шаббас, Оппас деген атаулармен кездесетіндігін атап кетуге болады. 
Жылан-бас атауының Жамбас, Жанбас атаулары болып өзгеріске ұшырауы, бертін келе Жаппас болып 
аталуы заңды құбылыс деуге болады.  
Сонымен бірге, жаппас руының таңбасы да «Z»  да жылан бейнесін, оның ішінде басын көтеріп 
тұрған  жыланды  көз  алдыңызға  келтіреді.  Яғни,  шиыршық  атып,қарсыласуға  дайын  тұрған,басын 
көтеріп,  шағып  алуға  дайындалған  жылан  бейнесін  көз  алдыңызға  алып  келеді.  Соған  қарағанда, 
Башқұрт  құрамындағы  «жылан»  тайпасының  қыпшақтармен  арада  тығыз  байланыста  болуының  өзі 
қыпшақ  құрамындағы  жылан-бас  (жам-бас,  жан-бас,  жаб-бас,  шаб-бас,  жап-пас)  тайпасы  болуы 
мүмкін  жеген  тұжырымдама  жасауға  болады.  Жылан-бас(  жаппас)  тайпасына  ІІ-қыпшақ  таңбасын 
алған,  Ескі  жылан  (ескі  жаппас)  деген  топқа 22-таңба  алған  рулардың  біріккенін  көріп  отырмыз. 
Сонымен  бірге, X-телеу  таңбасын  алған,  Еділ  жылан ( Еділ  бойы  жаппастары)  деген  топқа 10-таңба 
алған  рулардың  біріккенін  байқаймыз.  Сондай-ақ, T-жағалбайлы  таңбасын  алған,  Есіл  жылан  (Есіл 
бойы жаппастары) деген топқа 8-таңба алған рулар шоғырланды. L-деген таңба алған, Қыр жылан(қыр 
бойы  жаппастары)  деген  топқа 5-таңба  алған  рулардың  бастары  қосылғанын  көріп  отырмыз. 
Жоғарыдағы таңбалардың тікелей жаппас руына қандай қатысы бар деген  сұрақтың туындауы орынды 
деуге болады.   
Жоғарыдағы  таңбалардың  жаппас  тайпасының  құрамында  да  кездесетіндігін  зерттеуші 
ғалымдардың  еңбектерінен  байқауға  болады.  И.Казанцев(1867  ж.)- X., М.Тынышпаев (1926)  -X  
еңбектерінде  «ашамай»  таңбалары  кездеседі.  ІІ-рулық  таңбалары  орта  жүздің  қыпшақ,  уақ 
тайпаларында  жəне  кіші  жүздің  керейт,  тама  тайпаларында  бар,  ал  жаппас  тайпасында  бұл  таңба 
кездеспейді. Байұлы тайпалық одағына кіретін ірі тайпалардың бірі - жаппастар.  
Біз қарастырып отырған кезеңде, яғни XІІІ-XІY ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғаларды 
баяндайтын,қолда  бар  деректер  мен  зерттеулерден  жаппас  атауын  кездестіре  алмадық.  Кеңестік 
кезеңдегі белгілі зерттеушілер М.Мұқанов пен В.Востровтардың өзі:  «Жаппас» руы Кіші жүздегі ірі 
рудың  бірі  болып  табылады.  Өкінішке  қарай,  тарихи  деректемелерде  бұл  ру  туралы  ерте  кездегі 
деректер  жоқ    дейді.  Себебі,  Кеңес  кезеңінен  бұрынғы  зерттеушілер,  одан  кейінгі  зерттеушілер  де 
«жаппас»  атауын тікелей сол атаудың өзінен іздеді. Жаппас атауының көне тарихын атаудың өзінен 
іздеуден еш нəтиже шықпайтыны белгілі еді. Жаппас атауы қолдағы жазбаша деректерде бірінші рет 
1492 жылы «Опас» атауымен орыс деректерінде кездескенін жұмысымыздың басында айтып кеттік. 


 
15
Осындай  жазбаша  деректі  Бабырнама-тарихи-əдеби,  естелік  шығармадан  да  кездестіруге 
болады. Негізінен, Бабырнама Орталық Азия халықтарының барлығына ортақ тарихи ескерткіш мұра 
болып табылады. Оның авторы Үндістанда Ұлы моғол мемлекетінің 1526 жылы негізін қалаған Темір 
əулетінің ұрпағы Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр болды.( Бабырнама. Алматы: Ататек-1993, 448 бет.) ... 
Шаһбаз (жаппас) Наукент қамалының қасына келіп қосын тікті. Бихраттың тұсынан Ходжент өзенінен 
өтіп, Наукенттегі  Шаһбазға (жаппас) аттандық ... Шаһбаз(жаппас) Қарлұқ Наукентті тастап, Қасанға 
қарай  қашыпты. /131-бет/.  Шаһбас  (жаппас)  Ұзын  Хасанның  асыранды  ұлы  Міріммен  айқасқа 
шықты,осы шайқаста Мірім қазаға ұшырады. /132-бет/. Бұл жерде, Бабырнама жылнамасында Шаһбас 
деген атымен беріліп отырған Жаппас деген тайпаның атауы болуы мүмкін деген ой келеді.  
XY-ғасырдан  бастап  жаппас  атауы  жылнама  деректерден  көріне  бастайды.  Біз  қолымыздағы 
бар  жазбаша  деректерге  сүйене  отырып,  жаппас  атауының  алғаш  рет  осы  атаумен  жазыла  бастауы 
Ноғай  ордасы  тұсында  болуы  керек  деген  тұжырым  жасауға  болады. 1492 ж.  Ноғай  ордасының 
құрамында    Жаппас  тайпасының  қыстаулары  орналасқан  жердің  атауы  кездеседі.  «Кочевья    Апаса» 
/Яппаса/(1492  г.)...  Зимовка  Опаса  /Яппаса/ (1492 г.)...  Осы  жерде    зимовка  Мусы (1492 г.)  кочевья 
Ямгурчая ( 1492 г.)  деген  атаулар  да  кездеседі.  Бұл  атаулардың  Ноғай  ордасының  билеущілерінің 
есімдері екендігі белгілі. Жаппас тайпасы ноғайлармен бірге көшіп жүргенін осы сөйлем жолдары мен 
картаның өзі-ақ дəлелдеп тұр. 
Сонымен  бірге,  жаппас  тайпасы  Ноғай  ордасының  құрамында  болған  деген  болжам  жасауға 
болады. Себебі, Ноғай ордасының құрамында көптеген кіші жүздің ру-тайпалары  жүргендігін олардың 
атауларынан, таңбалық белгілерінен де байқауға болады  деп тұжырым келтіреміз. / 376-377/.  
Жаппас  тайпасының    əскери  жасақтарының  Қазан  қаласын  орыс  əскерлерінен  қорғауға  да 
қатысқанын  айғақтайтын  да  жазбаша  деректер  сақталған.  ... 1552 жылы 9 наурыз  күні  Қазан 
хандығының  тағына  Астрахан  ханзадасы  Ядыгар(  Ядкар)  отырды.  Осы  кездегі  жағдайды  төмендегі 
жазбаша  деректерден  көруге  болады: - Приближалось  решительное  столкновение. 23 августа 1552 г. 
150-тысячная русская армия во главе с Иваном ІV подошла к Казани. Город казался неприступным: он 
отлично укпеплен, в крепости имелись большие запасы продовольствия. Все окрестностное население 
поднялосьна  защи-ту  столицы:  собралось  около 30 тыс.воинов.  Кроме  того,  на  Высокой  Горе 
базировалась  конница  Япанчи  /Яппаз-цы/,  яғни  (жаппастықтар)  нападавшая  на  противника  с  тыла. 
Внушительную  силу  представлял  собой  конный  отряд  ногайцев ( 2 тыс.человек ). Однако  пушек  и 
пищалей  не  хватало./ 388-389/. Осы  жерде  Ноғайлардың 2 мың  атты  əскерлері  деп  отырғанымыз, 
жаппастардың 2 мың атты əскерлері деп түсінген дұрыс.  
Ол  кезде  жаппас  тайпасының  атты  жасақтары  Биік  Тау  деп  аталатын  жерге  шоғырланғанын, 
сол жерден орыс əскерлерінің  сыртына өтіп, кенеттен шабуыл жасағанын көріп отырмыз. Бұл жерде 
жаппастардың атты əскерлерінің Қазан қаласын қорғауға қатысуы мен Астрахан ханзадасы Ядыгардың 
таққа  отыруы  арасында  тарихи  байланыс  болуы  керек  деп  тұжырым  жасауға  болады.  Осы  жердегі 
Ядыгар деп отырғанымыз Едіге болу керек деп ойлаймыз. Едіге билік басына келуіне байланысты орыс 
мемлекеті    мен  Қазан  хандығы 1438-1552 жылдар    аралығында    билікке  талас-тартысты  бастан 
кешті.Билік  басына  жергілікті  үстем  таптың  өкілдері  мен  орыс  мемлекетінің  қолдауымен  билікке 
келгендер  арасында  қанды  қырғын  болып  тұрды.Соңғы  қырғын  шайқастың  нəтижесінде  Қазан 
хандығы өзінің өмір сүруін тоқтатты деуге болады.  
Бұл  жердегі  тарихи  оқиғалардың  қасында  осы  күнгі  қазақ  халқының  құрамындағы  кіші  жүз, 
орта жүздің ру-тайпалары болғанын байқауға болады (Арғын, Қыпшақ, Маңғыт, Жаппас, Ноғай, Барын  
т.б.)  көреміз.  Яғни,  қазақ  ру-тайпаларының  атаулары  кездеседі /370-371/. «Тартарика  Казан-Москва-
Санкт-Петербург, 2005.с.   Кезінде,  əлемге  белгілі  архелог  С.В.Киселев  «Что  касается  кыргызов, 
западно-тюркская  письменность  попал  на  Енисей  на  подготовленную  почву - уже  почти  два 
тысячелетия  существовали  там  разнообразнейшие  рисунки  на  скалах  и  на  нарочито  поставленных 
стеллах» - деп  түркі  бітіг  жазуының  шығу  тегі  ежелгі  көшпелі  ру-тайпалар  мен  тайпалық 
қауымдастықтардың пайдаланған таңбасынан басталатынын осылайша айтып кеткен.  Өкініштісі, бұл 
зерттеушінің  көрегендікпен  айтып  кеткен  бұл  идеясына  осы  күнге  дейін  қазақ  ғалымдарының 
назарынан тыс қалып келеді.  
Бұл  жерде  Қаржаубай  Сартқожа  секілді  ғалымдардың  жасап  жатқан  еңбегі  құнды  дерек  көзі 
болып  табылады.  Таңба  арқылы  тайпалардың  шығу  тегін,  олардың  динамикалық  бірігуі,  бөліну 
қозғалысын анықтау ол өз алдына зерттеуді қажет ететін бір сала болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет