(МК; Т) Топқа бірігу. Топтық тапсырмаларды орындау. Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мəтін мазмұнымен жұмыс «Дананың кілттері» стратегиясының көмегімен жүзеге асады. Оқушылар топтарға біріктіріледі.
1-топ. «Жаңа дизайн» кілті –мəтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту. Мысалды: Омар ата аулаға компьютерін қосып, бейнекамерадан ауласын қарады. Ол бір топ жусанның арасында бүрісіп отырған бір құсты көрді т.с.с. 2-топ. «Егер де» кілті –өз көзқарасын білдіре отырып, олардың орнында өзі болса не істейтінін айтады.
3-топ. «Жөнсіздік» кілті – мəтін мазмұнына қарама-қарсы пікірлер айтып, сонан соң оны дəлелдейді.
4-топ. «Тағы қалай?» кілті– мəтінді əрі қарай жалғастырады. 5-топ. «Əліпби» кілті – əр сұрақтың жауабы болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құрап айтады.
Жұмыстарын топта жариялайды.