3.2.3.1 (МК;Ө;Т;Қ) Өлеңді түсініп оқып, сұраққа жауап беру. 18-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Сұраққа жауап береді.
Түсіндірме сөздік
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
Көжек, өжет сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Флипчарттар Маркерлер
Қарындаштар
4 минут
(МК;Ұ) Мұғалім сыйы. 1 сəуір – Халықаралық құстар күні. Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.
Оның негізгі ережелері ұя салу жəне мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға; жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды
көбейту үшін қорықтарды құруға жəне экологиялық білім
беруге бағытталған.
Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер əншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға теңеген. Құс барлық пен байлықтың, əсемдік пен сұлулықтың белгісі болған. (Т; Қ) Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар кез келген бір құстың суретін салып, сол құс туралы əңгімелейді.
Мысалы, Қарлығаш – сүйкiмдi, еңбекқор құс. Қарлығаш туралы аңыз-ертегi, мақал-мəтел, жұмбақтар бар т.с.с.