Microsoft Word Каз яз 1-13 послд



бет102/143
Дата16.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#185798
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143
Байланысты:
3 сынып қазақ тілінен ҚМЖ топтамасы

Алдыңғы білімдер

Түбірлес сөздер.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

  1. минут


  1. минут

(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».
Шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы əрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.


(Ұ) Ой қозғау!
Əріптерді тиісті орындарына қойып, жасырынған сөзді оқу.





С Ы Ң Б Т А Л

Таңбалы тас туралы не білетіндерін əңгімелейді.

Көңілді əуен қосып қою
Интерактивті тақта

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)






































































4 минут

3.2.4.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтау.
30-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтін мазмұнымен жұмыс ұйымдастырылады. Мəтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап əдісі арқылы анықтатылады. Мəтінді мазмұндайды.

Оқулық

5 минут

(МК; Т) Топқа бірігу. Топтық тапсырмаларды орындау. Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мəтін мазмұнымен жұмыс «Дананың кілттері» стратегиясының көмегімен жүзеге асады. Оқушылар топтарға біріктіріледі.


1-топ. «Жаңа дизайн» кілті – Мəтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту.
2-топ. «Егер де» кілті – «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мəнін талқылап, өз ойларын білдіріп, дəлелдейді.
3-топ. «Тағы қалай?» кілті – Мəтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталғанын талдап, өз ойларымен бөліседі.
4-топ. «Əліпби» кілті – Мəтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, əліпби ретімен жазады. Түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтайды. Дəлелдеп, өз ой тұжырымдарын айтады.
Жұмыстарын топта жариялайды.

Сынып бұрышы Əр топқа кілттер дайындау




4 минут

(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

Флипчарт Маркерлер

2 минут

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.




2 минут

(Ұ) Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.




1 минут

Ой сергек!
Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.

http://balapan.kaztr
k.kz

4 минут




3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
31-жаттығу. Тиісті сөздерді қойып сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Оқулық
№2 дəптермен жұмыс



4 минут


3 минут


1 минут

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


3.1.3.1 (Т; Ж; Ұ; Қ) Сурет бойынша əңгіме құрау, диалогке қатысу, болжау жасау. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
32-жаттығу. Сурет бойынша əңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті əңгімеле» стратегиясы қолданылады.
Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Сурет əңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сəттің алдында не болғаны жəне кейін не болатыны болжатылады. Қажет болған жағдайда əңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Оқушыларға əңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.
Суретке қарап не айтуға болатынын топта талқылап, əңгімелейді.


(Ө; Ж) Жұмыстарын топта жариялау. Əңгіме құрайды. Құраған əңгімесін жұбына баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет