4-топ. «Тағы қалай?» кілті – мəтінді əрі қарай жалғастырады. Мысалы, Сиыр, ат, ит қожаның сөзінен кейін өздерінің қателіктерін түсініп, достықтары нығая түседі.
5-топ. «Əліпби» кілті – мəтін мазмұны бойынша тірек сөздерді тауып, əліпби ретімен жазады.
Жұмыстарын топта жариялайды.
2 минут
(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау. «Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
Флипчарт Маркерлер
6 минут
3.3.7.1 (МК; Т; Қ) Қыстырма сөздерді ажырату, ой қорытынды жасай алу білігін бағалау. Мəтіндегі қарамен берілген «əрине», «сөз жоқ» сөздеріне назар аудартылады.
Бұл сөздің не үшін қолданылып тұрғаны туралы өз ойларымен бөлісіп, дəлелдейді. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, өз ой қорытындыларымен салыстырып, талдау жасайды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
5 минут
2 минут
3.3.5.1 (Ө; Ұ; Қ) Көшіріп жазу. Қыстырма сөздерді табу. Өз тұжырымын жасау. 11-жаттығу. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады. Сөйлемдердегі қыстырма сөздерді табады. Олардың тыныс белгілеріне назар аудартылады. Соған қарап, қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылатынына өз тұжырымын жасайды. Жасаған тұжырымын топта жариялап, дəлелдейді. (Ж; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. «Екі тілек, бір ұсыныс»стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.