20
зерттеуге 55 жастан жоғары жастағы қазақстандықтар қатысқан, ал 2008 жылғы
әлеуметтанулық зерттеуге 58 жастан асқан әйелдер, 63 жастан асқан ер адамдар зерттеуге
қатысқан, соның нәтижесінде 2008 жылы зерттеуге қатысқандардың 98% зейнеткерлікке
шыққан қатысушылар.
6 суретте зерттеуге қатысқан егде жастағы адамдардың кіріс табыстарының
құрылымы көрсетілген, ол жерде соңғы зерттеу жауаптарының кему қозғалысы бойынша
орналастырылған. 2020 жылғы зерттеу бойынша жасына сай зейнетақы алатындар саны
56,5% (2000 респондент жалпы зерттеудегі іріктеу бойынша) немесе бұл дегеніміз 1129
респондент. 2020 жылы алынған ақпараттар екі санат бойынша бөліп қарастырылған:
барлық респонденттер (n=2000) және зейнетақы алатын респонденттер (n=1129).
Ұсынылып отырған ақпараттар тұтастай алғанда екі сауалнаманы (2008 және 2020 жылғы)
салыстыру мен еңбек демалысына және зейнетке шыққан халық іріктеуін салысыстыру
үлгісін көрсетеді.
Жалпы алған кезде, сұрауға қатысқан респонденттердің кірістерінің басты көзі ол
мемлекет тарапынан алынған зейнетақылар. Жалақы алатын зейнеткерлердің көрсеткіші де
қалпында қалған: 2008 жылы 5%, ал 2020 жылы 6,5%. Осыған сай, салыстырмалы
көрсеткіштер бойынша зейнет жасындағы қарттардың кірістерінің құрылымы өзгерген:
балалары қаржылай көмектесетіндер саны көбейген (2 есе – 2008 жылы 29%, ал 2020 жылы
6,5%), және шаруашылықтан түсетін кірістің көзі азайған (2008 жылы 17% көрсеткіштен
2020 жылы 4,8%-ға дейін төмендеген). Ал зейнеткерлердің кіріс табыстарының
құрылымында өзгерістер болмаған (6 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: