74
Сондай-ақ,
кейбір сарапшылар елімізде
оң динамика бар
екендігін атап өткен, ол
мемлекет тарапынан қарт адамдарға көрсетілетін қызметтер сапасының жақсарғанын атап
өтті. Позитивті аспектілер аясында сарапшылар сонымен бірге егде жастағы адамдардың
құқықтарын қорғау саласындағы азаматтық секторды жандандыру,
қарт адамдарға
әлеуметтік қызмет көрсетуге, олардың құқықтарын қорғауға, олардың мүдделерін
ілгерілетуге және олардың әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға қатысатын әр түрлі ҮЕҰ
құру мәселелерін атап өтті.
«Ардагер» қоғамдық бірлестігі «Эйджнет» халықаралық
желісінің мүшесі бола отырып, «Қазақстанның егде жастағы адамдарының ұлттық желісін»
құруға бастамашы болды, бұл қоғамдық бірлестікте егде жастағы адамдардың құқықтарын
қорғау, олардың мүдделерін қорғау бойынша Қазақстандағы 32 үкіметтік
емес ұйыммен
меморандумдарға қол қойған және үшінші жастағы университеттермен зейнеткерлердің
қызығушылықтарын қорғау мен дамыту мақсатында семинарлар арқылы әлеуметтік-білім
беру қызметіне тарту осы жұмыстарды ұйымдастырылып, атқарылған.
Сарапшылар сонымен қатар отбасы институтымен, жақын туыстық қатынастармен,
қарт туыстарына қолдау көрсетуімен байланысты қазақтың дәстүрлері
қарттарға қолдау
көрсету факторы болып табылатынын атап өтті. Бұл оларға отбасыларының жанында
болуға мүмкіндік береді, жақын туыстары оларға қамқорлық жасайды және олардың
проблемалары мен қажеттіліктері назардан тыс қалдырмауы бұл қазақстандық қоғамның
өте маңызды ерекшелігі:
«Қазақстан қоғамында қарттарға деген оң көзқарас бар,
отбасыларда мәдени дәстүрлер сақталған. Маңызды артықшылықтардың бірі - егде
жастағы адамдар отбасында тұрады және бұл дәстүрлерді нығайту және сақтау
қажет».
Достарыңызбен бөлісу: