Топта болатын жұмыстың пікірлесу әдістерін қарасты- райық. Әдебиет көздерінде топтық пікірлесудің үш түрі берілген 1 ) мәжіліс; 2 ) «брейнсторминг»немесе «миға шабуыл» (А.Осборн ұсынылған әдіс; шағын топты екі бӛлу қарастырылады- «идея генераторлары» мен «сыншылар»; алғашқыда бірінші топ әртүрлі идеяларды ұсынады, кейін екінші топ оларға талдау мен фильтрация жүргізеді, нәтижесінде тұжырымды дәлдікпен топтық шешім қалыптасыды); 3 ) әртүрліні біріктіру немесе синектика әдісі (У.Гордонмен құрастырылған; шағын топтан 5-7 адамды бӛліп, оларды пікірта- ластың басшысы ретінде ұсынады және олар талқыланатын мәселе бойынша пікірлерді ұсынады; айтылған кӛзқарастар бойынша шеттік, полюстік екіжақты талқылаудан соң топтық шешім қабылданады).
Топтық оқыту арқылы оқушылардың танымдық белснділігін қалыптастырудың үлгісі
Топтық оқыту
Қорыта айтқанда топтық оқыту мыналарды жүзеге асыра алады: 1. Топтық оқыту білімді және іскерлікті меңгеруге пәрменді әсер етеді, себебі оқушылардың белсенді танымды қатынастары ақпарат алмасуға және білімді иеленуге ұмтылдыртады. 2. Топтық оқытудың дамытушылық ролі бар, яғни ойлаудың дебестігін, қызығушылықтарды және ынтасын дамытады.
Топтық оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың мазмұны
Топтық оқыту танымдық белсенділікті қалыптастыруда үш кезеңге бөліп жүргізілді Бірінші кезең: - танымдық тапсырмаларды мұғалімдердің белгілеуі; - жұмыстың бірізділігінің нұсқасы; - дидактикалық материалдарды тарату Екінші кезең: - алынған тапсырмалармен танысқан соң топ жұмысын жоспарлау; - топ ішінде алынған тапсырмаларды бӛлікке бӛлу; - әрбір оқушылар ӛзіндік тапсырмаларды жеке орындау; - жұмыс нәтижесін жеке талқылау; - берілген тапсырмалардың нәтижесін жалпы қорытындылау Үшінші кезең: - топтың хабарламасы; - топтың жұмысына сараптама; - қойылған міндеттерді орындау туралы қорытындылар; - берілген міндеттердің нәтижелілігі. Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесін пайдалану әдістемесін келесі параграфта қарастырамыз.