• Тәрбиенің негізгі мотивациялық негіздерінің бірі ретінде қызығушылығына қарай оқытуды саралау технологиясын жүзеге асыру.
• Әрбір баланың білім берудің бір деңгейінен екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін педагогикалық процестің іргелі өзегін сақтау және нығайту.
• Әрбір оқушының қабілетін сенімді психологиялық диагностикалау
Қызығушылықтары бойынша саралау мазмұнының ерекшеліктері.
Қызығушылықтары бойынша саралау мазмұнының ерекшеліктері.
Қызығушылық бойынша саралап оқыту технологиясының қағидалары гуманитарлық мәденитке ие тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылардың бәрінде олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына сәйкес келетін нәрселерді таңдау мүмкіндігі бар. Осылайша, қызығушылықтары бойынша саралап оқыту моделі жүзеге асырылады.
Қызығушылықтары бойынша саралап оқытудың мәдениеттану бағыттарының бөлімдері ұсынылды:
•музыкалық мәдениет:
• бейнелеу өнері;
• тіл мәдениеті:
• адамгершілік-патриоттық тәрбие;
• дене шынықтыру;
•математикалық мәдениет:
• қолданбалы өнер.
Қызығушылықтары бойынша саралау технологиясының ең маңызды және сонымен бірге ең күрделі міндеттерінің бірі – оқушылар жайлы нақты мәліметтерді, атап айтқанда олардың бейімділігін, қызығушылықтарын, қабілеттерін және т.б анықтау. Осы мақсатта білім алушылардың қызығушылықтары бойынша психологиялық-педагогикалық диагностикалау жүйесі жүзеге асырылуда. Оған мыналар кіреді:

1) 5-11 сынып оқушыларынан, оқушылардың ата-аналары мен сынып жетекшілерінен алынатын жылдық сауалнамасы.
2) Оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтауға арналған тестілеу.