Миға тұтқиылдап шабуыл жасау технологиясы


) Мектептің бірінші сыныбына қабылданған кезден-ақ әрбір баланың қызығушылық аймағын анықтау



бет9/14
Дата01.12.2022
өлшемі9,35 Mb.
#160767
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лекция тапсырма (2) (2)

3) Мектептің бірінші сыныбына қабылданған кезден-ақ әрбір баланың қызығушылық аймағын анықтау.

4) Бастауыш білімнен орта білімге көшетін оқушылардың қызығушылық аймағын анықтау.

5) Орта буыннан жоғары буынға көшу кезінде оқушылардың кәсіптік бағдарлау диагностикасын жүзеге асыру.


БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі;
2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті;
3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студентбір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап отырудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скинер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:
1. Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу
2. Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу.
Бұл әдіс бір бағытты деп ааталады.
Бағдарламалап (жоспарлап) оқытуды компьютер көмегімен жүргізу.
Бағдарламалық оқытудың екі әдісі бар: машина көмегімен және дәстүрлік әдіспен.
Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы блок материалдары мен тест сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес дәуірінде компьютердің әді дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды.
Бүгінгі күні бағдарламалап оқыту компьютер көмегімен жүзеге асырылып отыр. Енді осы жүйені қарастыралық.
Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады.
Жоғарыда көрсетілген блоктық бағдарламалап оқытудың сұлбасы компьютер көмегімен мына принципте жүзеге асырылады.
Бағдарламалық оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың тиімді жақтары:
  • - Оқу материалының бөлшектелінуі;
  • - Оқушының белсенді өзіндік жұмысы;
  • - Тұрақты тексеру;
  • - Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы;
  • - Техникалық оқыту құралдарын пайдалану;
  • - Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері;
  • - Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді;
  • - Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет