Көріп отырғанымыздай, жаңа ақпараттық технологиялар – техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлер. Компьютерлік технология оқытушылардың оқыту әдістері мен оқу үдерісін ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқу үдерісін үнемі жаңартып отыруға, оқытушылар мен үйренушілерге өзіндік және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. Компьютерлік технология ХХ ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңінде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым жүйелерінен және арнайы пәндерден тұрады. Шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға беруді іске асырады. Компьютерлік оқыту технологиясы – жаңа ақпараттар мен мәліметтер кешенін компьютер арқылы дайындап, үйренушіге жеткізу. Компьютерлік технологияның қолданылуы
Компьютерлік технологияның бағыттары Компьютерлік технология бағыттарын көрсете келе, компьютерлік технологияны былайша топтастырады. 1. Көркем компьютерлік технология. 2. Инженерлік-компьютерлік технология. 3. Иллюстративті-компьютерлік технология. 4. Іс-құжаттық компьютерлік технология. 5. Когнитивті-компьютерлік технология
Компьютердің мұғалім ретінде атқаратын қызметі: мұғалім мен оқулықты толықтай ішінара алмастыратындай білімдік ақпарат көзі; мультимедиа және телекомуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі көрнекті құрал; жеке ақпараттық кеңістік; тренажер; талдау және тексеру құралы.
Жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте, графиктік редактор; есептегіш машина; нобайлау құралы.
Компьютердің оқыту обектісі ретінде атқаратын қызметі: берілген тапсырмаға сәйкес бағдарлама түзу,бағдарламалар жинағын жасау.
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың жедел дамыған,мәліметтер ағыны толастаған ақпараттар ғасыры.Үшінші мыңжылдықта дыбыстық,графикалық,видео,мультимедиалық,интеративтік тақта,гипермәтіндік элементтерменоқытатын қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндігі туды.