Әдістемелік ерекшелігі:
Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін, оза оқыту әдісін қолданады:
*қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;
*сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
*1-сыныпта үйге тапсырма берілмейді;
*үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай әркім өзі *орындай алатын жағдайда ғана беріледі;
*ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді;
*баланы жинақылыққа баулу.
Əдістемелік ерекшелігі: - үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек əркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі; - ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау; - ата-аналардың өзара əрекет жасауы; - оқу жылдарының аралық байланысы; - мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі.
Компьютерлік оқыту технологиясы
Компьютерлік оқыту технологиясы - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады. Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін: 1. Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары ұғымын айқындау қажет; 2. Ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану және оны енгізу ұстанымдарын нақтылау қажет; 3. Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау қажет. Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, В.В.Папов, В.Гузеев сияқты көптеген ғалымдардың тұжырымдарын талдай келе, Н.В.Апатов ақпараттық технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді: 1. Компьютерлік оқыту жүйелері (оқыту машиналары, бағдарламалы оқыту) 2. Оқыту құралдары (ЛОГО, гипермәтін, мультимедиа, микромир) 3. Инструменталді жүйелер (мәліметтер базасы, бағдарламалау, авторлық жүйелер, топтық оқыту құралдары)