НӘЖІСТІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЕГІСКЕ ЖИНАУ Әзірлеме:1. Ішінде мақта тампоны оралған сым ілгегі бар залалсыздандырылған пробирканы;
2. консерванты бар пробирканы, клеенканы;
3. Плоскарева және Левина атты қоректік ортасы бар Петри табақшасын.
1. Сырқатты қырынан тізесін жартылай бүгіп жатқызыңыз.
2. Сырқаттың жамбас сүйегінің тұсына клеенка төсеңіз.
3. Прорбирканың ішінен мақта тампоны оралған сым ілмекті шығарыныз.
4. Сол қолмен құйрықты ашып, ілмекті ақырын айналдырыа отырып, тік ішекке 9-10 см тереңдікке жіберіп, ішектің қабырғасындағы затты алыңыз.
5. Ілмек сымды консерванты бар пробиркаға салып,тоңазтқышқа қойыңыз.
6. Өте қажет болған жағдайда, алған материалды сырқаттың төсегінің жанында тұрып, Петри табақшасына жағыңыз.
7. Ілмекті алып, жас нәжістің патологиялық қоспа бар жерінен қоймалжың шарананы, іріңді аз мөлшерде нәжіске қосып алыңыз.
8. Нәжісті Петри табақшасына жағыңыз.
9. Петри табақшасын қызуы 37˚Стағы термостатқа қойыңыз.
10. Жолдама жазып, лабораторияға жіберіңіз.
Ескерту!Материалды антибиотик және сульфаниламид дәрі-дәрмектермен емделместен бұрын жинау керек.
Көмейдің шырышты қабағынан және мұрынан бактериялық зерттеуге жағынды алу. Әзірлеме: Ұшында залалсыздандырылған мақта тампоны бар таяқшысын, пробирканы,шпательды.
Баланы көмекшенің алдына отырғыз: көмекші өзінің екі тізесімен баланың аяқтарын қысып, сол қолмен басып, оң қолмен екі қолын ұстасы.
Сол қолдың IV және V саусақтармен пробирканы, қалған саусақтарыңмен шпательді қадамша ұста.