Тері аллергиялық БЮРНЕ сынағы
Бұл сынақ диагностикалық мақсатта қолданылады. Мысалы : бруцеллез ауруында диогноз қою мақсатында әзірле:
Әзірле: 1.Аллерген антиген
2.заладсызданған 1 грамдық шприц, инелер
3.залалсызданған мақта тампоны . 70% спирт мм-лік сызғыш.
Жұмыс барысы.
Білектің ортаңғы бөлігі спиртке малынған мақта тампонымен сүртіледі.
Тері ішінде 0,1 мл мөлшерінде аллерген енгізіледі.
Реакция нәтижесі 24-48 сағаттан соң мм-лік сызғыштың көмегімен білектің терісінде пайда болған инфильтрат өлшенеді: көлденең, тігінен.
БЮРНЕсынағы оң болып есептеледі. Егерде инфильтраттың көлемі 3\4мм болса
Бруцеллин – бұл бруццелла таяқшаларына қарсы дайындалған антиген.
Зәрдегі өт пигментін анықтаудың әдістемесі
Көрсеткіші: Вирустық гепаттиттер
Жинау жағдайы:Зәрді сарғаюға дейінгі және сарғаю кезеңінде жинайды.
Зәрді жинау үшін қажетті заттарды дайындау.
Таза шыны түтік немесе ыдыс.
Тамызғыш
Реактив Люголь ерітіндісі.
3-4 мл зәр.
Зәрден өт пигментін анықтауда зәрді жинау алгоритмі
1.Таза шыны түтікке 3-4 мл зәрді құямыз.
2. Зәрдің үстіне тамызғышпен 0,5 – 1 мл люголь ерітіндісін құямыз.
3. Егерде байқау оң болса, з әр қабаты мен люголь ерітіндісінің арасында жасыл сақина пайда болады.
Безгек ауруы кезінде қанды алу және қанның қалың тамшысын дайындау.
Дайындау керек:70% спирт,заттық әйнек, майсыз Никифиров қосындысы, жолдама қағазы, қаламсап, әйнекграф, сіріңке, дөңгелек резеңке, крафт-қағазы,заттар салынатын ыдыс, залалсыздандыру ерітіндісімен ыдыс, қысқыш, мақта дөңгелегі.
Орындалуы:
Науқасқа сенімділік білдіру.
Науқасқа еш шара мақсатын түсіндіру.
Қолды жуып кептіру.
Бетпердемен қолғап кию.
Қолдың 4- ші саусағын спиртпен сүрту.
4- ші саусақтың жұмсақ жерін тесқішпен тесу.
Тескішті ыдысқа салу.
Қанның бірінші тамшысын мақта дөңгелегімен сүртіп тастау керек.
Тесілген саусақты төмен қарату керек.
Заттық әйнекке қанның екінші тамшысын жағу керек.
Тесілген жерге мақта дөңгелегін жапсыру керек.
Қанның тамшысын заттық әйнекке (диаметрі 10-15мл) жағвп, оны екінші заттық әйнекке бұрышымен жағады.
-Қалың тамшыны әйнектің екінші жағвнан сызу.
-екінші жағынан тіркеу нөмерін көрсету
-Препаратты горизантальды жағдайда ауада кептіру керек.
-қанның қалың тамшыларының 2 заттық әйнектің арасында болуы.
- паразитологиялық зертханаға жолдама жазу.
- препаратты хатша қағазға салып зертханаға жіберу.
- Қолданған заттарды зарарсыздандыру.
- Бетпердені, қолғапты шешу.
- Қолды жуып, кептіру.
Қанның қалың тамшысын дайындау.
Қанның қалың тамшы мөлшері 10-15мм, өте қалың немесе жұқа болмауы керек. Қанның 2 тамшысы алынады. Қанның тамшысын дөңгелек етіп кептіріп, микроскоппен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |