Микробиология алгоритмі


Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға



бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі1,57 Mb.
#194726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Микробиология алгоритмі

Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1. Қақырық жинауды пациенттерге қызмет көрсетумен және оларды емдеумен айналысатын барлық медициналық ұйымдар жүргізеді. Егер осы ұйымда ТМБ-ны анықтауға бактериологиялық зерттеу жүргізілмесе, жиналған қақырықты базалық бактериологиялық зертханаға жеткізеді.


2. Зертханаға жіберуге арналған қақырықты (бірінші күні – бір сынама, екінші күні – екі сынама) көлемі 50,0 миллилитр (бұдан әрі –мл), диаметрі 35 мм ұзын мойынды, көлемін және жиналған материалдың сапасын бақылауға болатын тұнық әйнектей, герметикалық бұралатын қақпағы бар арнайы шыны контейнерлерге немесе бір рет пайдаланылатын контейнерлерге жинайды. Таңбалауды пациенттің тегін, атын және әкесінің атын және үлгінің нөмірін көрсете отырып, тек контейнердің бүйір бетінде жүргізеді. ТБ-05 нысанын қақырықтың (диагностикалау мақсатында) үш немесе (химия терапияны бақылау мақсатында)екі үлгісін толтырады.
3. Қақырығы бар контейнерлерді зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске орнатады. Қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі, қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін тоңазытқышта сақтауға жол беріледі.
4. Қақырық салынған контейнерлер сенімді қапталуы тиіс. Бикстарды (жәшіктерді) тасымалдаған кезде күн сәулесі түсуінен қорғалған салқын жерде сақтайды.
5. Қақырықты тасымалдауды медициналық қызметкердің еріп жүруімен медициналық көлікте жүзеге асырады. Зертханалық зерттеуге жіберілген бланктар материалы бар контейнерден бөлек тұруы керек. Бикске пациент және сынама туралы мәлімет беретін ілеспе хат қоса ұсынылады. Қораптағы контейнерлер саны тізімдегі фамилия санына сәйкес келу керек. Сәйкестендіру нөмірі тізімнің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келуі тиіс.
6. Зертханаға қақырықтың үлгісін қабылдау кезінде:
1) жеткізілген бикстің ағу белгілерінің бар-жоғын тексереді;
2) бикстің сыртқы бетін дезинфекциялайды;
3) жарық немесе зақымдануы бар контейнерлерді абайлап ашады және тексереді;
4) бикстің ішкі бетін дезинфекциялайды.
7. Зақымданған контейнерлерде қақырықтың жеткіліксіз мөлшері болған жағдайда (3-5 мл) және тасымалдау қағидалары бұзылғанда үлгілер зерттеу үшін алынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет