Микробиология алгоритмі



бет1/8
Дата02.12.2023
өлшемі1,57 Mb.
#194726
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Микробиология алгоритмі


Микробиология алгоритмі

  1. Қоздырғышы

  2. Морфологиясы

  3. Дақылдануы

  4. Ферменттік қасиеті

  5. Токсин түзгіштігі

  6. Антигендік құрлымы және классификациясы

  7. Қоршаған ортаға сезімталдығы

  8. Инфекция көзі

  9. Берілу жолдары

  10. Патогенезі

  11. Иммунитеті

  12. Алдын алуы, эпидемияға қарсы іс шаралар

  13. Арнай алдын алу

  14. Емі

  15. Санитарлық ағарту жұмыстары

  16. Сырқаттан зерттеуге алынатын материалдар (жинау түрлері)

  17. Негізгі зерттеу әдістері


Зертханалық жұмысты орындау түрі

1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада)


2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу
3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу
4.Жұғын-препаратты микроскопиялау
5. Хаттама толтыру
Зерттелетін материалдан жағынды дайындау
Жағынды дайындау сатылары:

  1. Шыныны дайындау.

  2. Шыныны майсыздандыру – салфеткамен тазалау.

  3. Бактериологиялық ілмекті спирт жалынында толық қыздырғанша ұстай отырып, залалсыздандыру.

  4. Егер жағынды тығыз ортадағы микробтардан дайындалса, алдын ала шынының бетіне бір тамшы физиологиялық ертінді тамызу керек.

  5. Бактериолгиялықілгекті от жалыныңдақыздырамыз.

  6. Зерттелетін заты бар пробирканы сол қолымызбен ұстаймыз, ұстаған кезде қоректік ортаның беті толық көрінуі керек, тығынды екінші саусақпен қысу арқылы ашамыз, пробирканың шетін міндетті түрде қыздыру керек.

  7. Бактериологиялық ілгекті сауыттың ішкі жағына суытып, зерттелетін затты аламыз және пробирка тығынын жабамыз.

  8. Микробты ертіндіге ерітеміз және біркелкі етіп шыны бетіне жұқа, диаметрі 1-1,5 см болатындай жағынды дайындаймыз. Препарат дайындалғаннан соң ілмекті спирт жалынында залалсыздандырып, орнына қоямыз.

  9. Жағындыны ауада кептіреміз және спиртовка жалынында бірнеше рез өткізу арқылы фиксациялаймыз.

  10. Шынының төменгі жағынан карандашпен белгілейміз.

  11. Жағындының бетіне 1-2 тамшы бояу тамызамыз. 2-3 мин ұстап, жағындыны жуып, сорғыш қағазбен кептіріп, иммерсиялық жүйемен микроскоптаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет