Бактериялардың қоректенуі. Бактерия жасушасына қоректік заттардың өту механизмі. Қоректенудің түрлері
Бактериялардың қоректенуі
• Қоректену ол - бактерия клеткасына түскен қоректік заттардың күрделі физико - химиялық процессі.
• Оған молекуланың үлкендігі, оның ерігіштігі клетка мембранасының өткізгіштік факторлары жатады.
• Бактериялардың қоректенуінің 3 ерекшелігі:
1. Қоректік заттар бактерия клеткасының барлық бетінен енеді.
2. Метаболиттік процесстің өте жылдамдықта жүруі.
3. Қоршаған ортаның өзгеруіне бейімтал келеді.
Қоректену типi жағынан бактериялар екi топқа бөлiнедi: автотрофты және гетеротрофтылар. Автотрофты бактериялар беиорганикалық заттардан органикалық зарттар түзедi. Автотрофтар пайдаланатын қуат көзiне қарай фототрофты (жасыл және қызғылт) және хемосинтездеушi (нитрификсациялайтын, темiрбактериялар, күкiртбактериялар) болып бөлiнедi. Гетеротрофты бактериялар дайын органикалық заттармен қоректенедi: сапротрофтар — өсiмдiктер мен жануарлардың өлiк қалдықтарымен, паразиттер мен симбионттар – тiрi организмдер.
Бактериялардың қоректенуі
Барлық бактериялар үшін тіршілік ету, тыныс алу, көбею үшін қоректік заттар қажет. Қоректік заттар және энергия көзі ретінде микроағзалар түрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстарды пайдаланады. Қалыпты тіршілік ету үшін оларға сонымен қатар микроэлементтер және өсу факторлары қажет.
Бактериялардың қоректену үрдісінің ерекшеліктері: біріншіден, қоректік заттар жасушаның тұтас бетінен түседі; екіншіден, микробты жасушада метаболизмдік реакциялардың жылдамдығы жоғары; үшіншіден, микроағзалар тіршілік ортасының өзгергіштігіне жылдам бейімделеді. Көміртекті қолдануына байланысты микроағзалар екі топқа бөлінеді: автотрофтар және гетеротрофтар.
Автотрофтар (грек тіліндегі autos — өзім, trophe — қорек) күрделі органикалық заттарды қарапайым бейорганикалық қосылыстардан синтездейді. Олар көміртектің көзі ретінде көмірқышқылын және көміртектің бейорганикалық қосылыстарын қолданады. Автотрофтарға көптеген топырақ бактериялары жатады (нитрифицияланатын, күкірт бактериялары және т.б.).
Гететрофтар (грек тіліндегі heteros — басқа, trphe — қорек) өзінің өсуі және дамуы үшін дайын органикалық қосылыстарды қажет етеді. Олар көмірсутектен (көбіне глюкозадан), көпатомды спирттен, органикалық қышқылдардан, аминқышқылдарынан және басқа да органикалық заттардан көміртекті сіңіреді. Гетеротрофтар микроағзалардың ауқымды тобы, олардың ішінде сапрофиттерді және паразиттерді ажыратады.
Сапрофиттер (грек тіліндегі sapros — шіріген, phyton — өсімдік) дайын органикалық қосылыстарды өлген ағзалардан алады. Олар өлген органикалық қалдықтардың ыдырауында маңызды рөл атқарады, мысалы шіріткіш бактериялары және т.б.
Паразиттер (грек тіліндегі parasitos — арамтамақ) өсімдіктердің, жануарлардың және адамның тірі жасушасының органикалық заттары есебінен тіршілік етіп, көбейеді. Ондай микроағзалардың қатарына риккетсиялар, вирустар және бірқатар қарапайымдылар жатады. Энергия көзі жағынан микроағзалар ішінде биосинтетикалық реакциялар үшін күн сәулесін қолданатын бактерияларды фототрофтар деп атайды (қара-қызыл күкірт бактериялары). Энергияны бейорганикалық заттардың (нитрифицирлейтін бактериялар және т.б.) және органикалық қосылыстардың (бактериялардың басым саны, соның ішінде адам үшін патогенді түрлері) қышқылдануы нәтижесінде алатын бактерияларды хемотрофтар деп атайды.
“Инфекция”, “жұқпалы процесс”, “жұқпалы ауру” туралы түсінік. Жұқпалы ауруды туындататын жағдайлар. Жұқпалы аурулардың негізгі белгілері.
Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.
Жұқпалы ауру процесі — жұқпалы ауру қоздырғыштарының адам, мал және өсімдіктер организмімен қарым-қатынасы.
Вирустық аурулар кезінде инфекциялық процесс негізінен торша деңгейінде өтеді және бұған вирустың торшаға жабысуы, енуі, сезімтал торшада өсіп-өнуі кіреді. Вирус инфекциялары автономдық және интеграциялық түрге бөлінеді. Автономдық вирус инфекциялары кезінде вирус геномы торшадан тәуелсіз түзіледі. Ал, интеграциялық түрінде вирус геномы торша геномына толық не жартылай ену арқылы ғана түзіледі (мысалы, адено-, папо- ва-, онкорна-, гепадна-, ретро- және герпесвирустар). Вирустардың торшамен қарым-қатынасы жіті не созылмалы түрде өтеді. Жіті инфекция кезінде зақымданған торша не өледі не вирустан босап сауығады, ал созылмалы түрде зақымданған торша ұзақ уақыт вирус бөлшектерін немесе құрамаларын түзеді және осы қасиетін торшаның жаңа ұрпағына береді. Инфекцияның екі түрі де вирустың толық түрін де (продуктивті инфекция), ақау түрін де (абротивті инфекция) бере алады. Вирустың торшаға әсерінің түріне байланысты, вирустың инфекциялар торшаны ыдырататын және ыдыратпайтын болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |