Адам организмінің гуморалды бейспецификалық қорғаныш факторлары. Комплемент жүйесі, күшею жолдары. Жасушалық иммунды жауап.
Ағзаның бейспецифиалық төзімділігін қамтамасыз ететін факторлар:
а) бөгде заттардың ағзаға кіруіне бөгет болатын механикалық кедергілер (тері, тыныс жолының,ас қорыту жүйелерінің шырышты қабығы, тыныс алу жолының желпілдегіш эпителиі және шырышты )
б) антигендердің құрылысын бұзушы физикалық химиялық кедергілер(ферменттер,біріншіден ас қорыту жүйесінікі, ортаның рН шы, органикалық қышқылдар т.б.)
в) қорғаныстың арнайы факторларымен бірлесіп, антигендерді бөгде заттар ретінде ұстап жұтып және құрылысын бұзушы иммундыбиологиялық кедергілер (фагоциттер,комплемент, интерферон,қан ұюын қолданушылар,фибронектин).
Арнайы қорғанысты қамтамасыз ететін факторлар: антиденелер, иммундық фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксикалық әрекеті, ЖСЖТ (жоғарғы сезімталдықтың жедел түрі),толеранттық және иммунологиялық есте қалу.
Фагоциттерде екі түрлі жолмен бактерияны жоятын әсер етіледі.Біріншісі оттегіне тәуелді,екінші жолы оттегіне тәуелсіз.
Оттегіне тәуелді бактерия жоятын әсер оттегінің белсенді бос радикалдарының құрылуы арқылы іске асырылады.Бұл радикалдар фагоциттердің бактерияға жабысуынан кейін өндіріле бастайды.Фагоциттер желінетін затпен жабысқаннан кейін оттегіні тым артық пайдалана бастайды. Осындай құбылысты “тыныстық жарылыс” деп атайды.Оның дамуы НАДФН-оксидаза ферментінің белсенділігі артуымен байланысты болады.
Оттегіге тәуелсіз бактерия жоятын әсер нейтрофилдер мен эозинофилдерде болады. Нейтрофилдердің лизосомаларында миело – пироксидоза, эозинофилдерде пероксидаза ферменттері өте күшті бактерия жойғыш әсер етеді. Бұл ферменттер моноциттер мен макрофагтарда болмайды.
Фагоциттердің ішінде кейбір микробтар тіршілігін жоғалтпайды.Мәселен,туберкулез таяқшалары сыртқы қапшықтармен және фагоциттің цитоплазмасымен қоршалып, микробқа қарсы ықпалдардан оқшауланады.
Өзінің жұмысын атқару үшін фагоциттерде ферменттердің жинағы болады және де олар алыстан жасушалардың мембранасына зақым келтіретін тотықтармен иондерды қорытып шығарады. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммуноглобулиндердің құрамымен, гистоминмен және тағы да басқалармен байланысатын рецепторлар болады. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда қандай да болмасын заттарды (қорытып) жіберетін 100-ден артық ферменттер түрі бар.
Фагоциттердің қабығына заттардың қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады.Фагоциттердің заттарды “басып алуы” фагоциттерде көптеген тотықтардың қорытылып шығарылуы себепкер болады.Ол заттар жасушалардың немесе олардың молекулаларының қайтарылмас зиянды өзгерістерін тудырады.
Фагоциттердің белсенділігі опсонды- фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлық көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде “жұтқан”, не “қорытылған” микробтар санымен есептелсе,ал опсонды- фагоцитарлық индекс- иммундық және иммундық емес сарысулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжірибеде опсонды-фагоцитарлық индекс тұлғаның иммундық статусын жағдайын (деңгейін) анықтауға қолданылады.
Жасуша қабырғасы. Химиялық құрамы, грам теріс және грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы құрылысының ерекшеліктері. Грам бойынша бояу механизмі және техникасы. Протопластар, сферопластар, L–пішіндер.
Грам оң бактериялардың физиологиясы мен құрылысының ерекшеліктері. Бактерия жасушаларының боялу себебі олардың жасуша қабырғасы қабаттарының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты болады. Грам оң бактериялар жасушасының мембранасының сыртында пептидогликан, ұяшықты құрылымды зат болады (32-сурет). Бактериялар үшін пептидогликан өте маңызды. Ол оны күшті ішкі осмос қысымы болған жағдайда ішкі мембрананың жарылуынан қорғайды. Мысалы, өсімдік жасушасының судың көп мөлшерінің жинақталуы нәтижесінде жарылып кетуінен целлюлозалық жасуша қабырғасы қорғайтынын еске түсіріңдер.
Пептидогликан жасуша қабырғасының 40–90% мөлшерін құрайды. Бұл физикалық қысым кезінде қосымша амортизация жасайды, сондай-ақ кейбір бактериялардың тұрақты пішінін сақтайды.
Грам оң бактериялардың бояғыштарға әсер көрсету себебі, жасуша мембранасын қоршайтын пептидогликан ұяшықты құрылымды болады. Бұл ұяшыққа бояғыштар мен антибиотиктер енеді. Заманауи медицинада Грам әдісі қандай да бір ауру қоздырғышының табиғатын анықтау үшін қолданылады. Әдетте сілекей, мұрыннан алынатын бөлінді немесе плевра сұйықтығы зерттеледі. Талдауға арналған бактериялар күлгін бояғыштармен боялады, йодпен белгіленеді де, спиртпен шайылады. Боялған соң ауруға қандай қоздырғыштар себеп болғаны түсінікті болады. Егер бұл грам оң бактериялар болса, онда олар бірден боялады. Егер боялмаса, онда зерттеу жалғасады. Грам теріс бактерияларды анықтау үшін әдетте қайталап бояуды қажет етеді. Ол бактерия жасушаларын қызыл немесе қызғылт түске бояйды. Грам теріс бактериялардың жасуша ішіне сұйық бояғышты өткізбеу қабілеті олардың құрылымына байланысты. Ол туралы кейін айтылады.
Грам теріс бактериялардың физиологиясы мен құрылысының ерекшеліктері. Грам теріс бактериялардың жасуша сыртында жасуша мембранасы болады және пептидогликан грам оң бактериялардағыға қарағанда едәуір жұқа болады және жасуша қабықшасының жалпы массасының бар-жоғы 5–10%-ын құрайды (33-сурет). Сонымен қатар грам теріс жасушаларда пептидогликан батып тұратын периплазмалық деп аталатын мембранааралық кеңістік болады. Онда жасушаларға алуан түрлі жаңа заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін тасымалдаушы нәруыздар мен гидролитикалық ферменттер болатын жасушааралық сұйықтық бар. Жасушаны сыртынан тағы бір сыртқы жасуша қабықшасы (мембрана) қаптайды. Ол жасуша ішіне антибиотиктер, бояғыштар мен жуғыш заттардың енуіне кедергі келтіреді. Осы кешенді үшқабатты қабықша бактерияларға лизоцимге (сілекейдің антибактериялық ферменті) және бұрынғы буын антибиотиктеріне тұрақты болуға мүмкіндік береді.
Грам теріс бактериялармен тек соңғы буын антибиотиктер тобы күресе алады. Сонымен қатар жасуша мембранасы бұзылған кезде эндотоксиндер бөлінеді, олар ағза интоксикациясына, кейде өлімге апарып соғуы мүмкін.
Грам оң және теріс бактериялардың маңызы. Тек аурутуғызғыш бактериялар ғана осы әдіспен боялмайды. Автотрофтар болып табылатын барлық фотосинтездеуші бактериялар мен хемобактериялар да грам теріс бактерияларға жатады. Дегенмен грам теріс бактериялардың ішінде гетеротрофты паразиттер – жұқпалы ауруларға себеп болып табылатындары да бар. Бұлар – менингит, соз, мерез сияқты және т.б. ауыр патология қоздырғыштары.
Грам оң бактериялардың барлық түрі энергия алудың негізгі әдісі ретінде тыныс алуды немесе ашуды пайдаланатын гетеротрофтар болып табылады. Әрине, олардың барлығы ауруқоздырғыштар емес. Мысалы, ауру тудырмайтын грам оң бактерияларға сүтқышқылды ашу үдерісін қамтамасыз ететін лактобактериялар жатады.
Қандай ауру қоздырғышы адам үшін қауіпті? Көптеген ауруларды грам оң бактериялары тудырады. Бірақ олар антибиотиктерді қабылдағыштығына байланысты жалпы әдетте оңай емделеді. Ал грам теріс бактериялар грам оң бактерияларға қарағанда аз ауру тудырады. Сондықтан кейбір ғалымдар грам теріс бактериялар тудырған аурудың кері салдарының жоғары қатеріне қарамастан адам үшін шамалы қауіпті деп есептейді.
Бактериялардың морфологиясы, ультрақұрылымы және химиялық құрамы. Бактериялық жасушаның тұрақты, тұрақсыз құрылымдық элементтері. Бактериялардың морфологиясын зерттеудің негізгі әдістері. Иммерсиялық микроскоптың ерекшелігі.
Бактериялар (көне грекше: βακτηρία - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер[2].
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаған – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әртүрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады.
Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |