Микробиология Аралық бақылау 1


Антиденелер түзілуінің динамикасы. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап. Иммунологиялық ес. Қалыпты және иммунды антиденелер



бет14/26
Дата21.04.2023
өлшемі2,79 Mb.
#175120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
1 Аралық бақылау фармация

Антиденелер түзілуінің динамикасы. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап. Иммунологиялық ес. Қалыпты және иммунды антиденелер.

Антидене өндірілуі уақытпен шектелген . Сонымен қатар , ол процесс олардың антигенмен бірінші , не екінші рет кездесуіне байланысты . Алғашкы рет кездескенде біріншілік иммундық жауап дамиды . Бұл кезде латенттік фаза мен ( 3-5 тәулік ) логарифмдік фаза ұзақ уақытка ( 7-15тәулік ) созылды.Сецификалық антиденелерді тек қана иммунизациялауды бастағаннан кейін 10-14 - ші тәулікте анықтауға болады , Стационарлық фаза 15-30 - шы тәулікке созылып , ал төмендеу фазасы 1-6 айға дейін барады . Біріншілік иммундық жауапта иммундық органдарда , жауапка китынсатын жасушаларда , антиденлер сыныбының түрлерінде көптеген өзгерістер туып , нммундық жүйе антиген енуіне белсенді карсы тұрып онымен қайта кездесуге толыгынан дайын болады , Уақыт өткеннен кейін антидене өндіру басылады . Сонымен қатар иммунологиялық есті В - лимфоциттер коп уақытқа дейін ағзада сақталады . Иммундық жүйе сол антигенмен кайта кездескенде екіншілік иммунды жауап құрылады .
Біріншілік иммундық жауаппен салыстырғанда екіншілікте латенттік фазасы - қысқартылган ( бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін ) . Логарифмдік фазасы каркынды және антидененің титрі өте жоғарғы деңгейлі . Стационарлық және төмендеу фазалары ұзарған жүрісімен сипатталады ( бірнеше айдан жылдарға дейін ) . Екіншілік имунды жауапта организм көбінесе бірден IgG- ны синтездейді . Екіншілік жауагі жүрісінің өзгешелігі , ол имундық жүйенің біріншілік жауаттан кейін иммунды есте қалудың арқасында антигенмен келесі кездесуге дайын екендігін көрсетеді . Соның себебінен біріншілік жауаптан кейін қалған В. лимфоциттер жедет және қарқынды өсіп антиденені шапшаң синтездеуге кіріседі .
Антигенмен қайта кездескендегі өсімтал антидене өндірілу көрнісі тежірибелік мақсатта вакцина eriп , жұқпалы нурудың алдын алуда кең қолданылады . Иммунитетті жоғары дәрежелі қорғау деңгейінде сактау үшін арнайы сызбанұска бойынша бірінші рет вакцинаны имунологиялық есте сақтау үшін , ал екінші рет ( ревакцинация ) антиденелрді үстемелi ондіру үшін егеді .
Бұл феномен жоғарғы белсенді профилактикалық және емдік иммунды сарысуды ( гипериммунды ) дайындауға пайдаланылады . Ол үшін донорларға , не жануарларға арнайы сызбанұсқамен антигендік препаратты бірнеше рет қайталап егеді .
Антидененің өндірілуі көбінесе антигенін иммуногедiгiне , және макроорганизмнің жағдайына байланысты . Антигенді латенттік фазада қайталап егуге тырысу имунологиялық салға , яғни антигенге жауап бермеулікке соқтыруы мумкін .
Иммунологиялық есте сақтау-антигенмен алғашқы әрекеттесуден кейін ағзаның иммундық жүйесінің оны қайта енгізуге нақты жауап беру қабілеті. Ерекшелігімен қатар иммунологиялық есте сақтау иммундық жауаптың маңызды қасиеті болып табылады.
Мұндай есте сақтау белгілі бір антигенге бастапқы бейімделудің нәтижесінде функционалды түрде белсенді болатын В-жасушаларының да, Т жасушаларының де алдын-ала антигенге тән клондарымен қамтамасыз етіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет