Микроорганизмдерге химиялық заттардың әсері. Дезинфекция. Әртүрлі химиялық заттардың микробтарды жою әсерінің механизмі.
Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне қоршаған орта факторларының маңызы зор. Қоршаған орта факторлары 3-ке бөлінеді.
1. Химиялық
2. Физикалық
3. Биологиялық
Химиялық факторлар әсері.
Химиялық заттар микроорганизмдерге өзінің химиялық құрылысына, концентрациясына, әсер ету ұзақтығына байланысті әртүрлі әсер етеді. Концентрациясына байланысты кейбір химиялық заттар микроорганизмдерге қоректік орта болуы мүмкін, кейде олардың жойып жіберуі мүмкін. Мысалы: 0,5 - 2 % глюкоза мнн организмдердің өсуін ынталаңдырса, 20-40 % глюкоза олардың көбеюін тежейді.
Химиялық заттардың жойып жіберу касиеттері медицинада дезинфекциялау және антисептика үшін қолданылады.
Антисептика - дегеніміз микроорганизмдердің өсуі мен көбеюін тежейтін, жойып жіберетін химиялық заттар (жарақатта, толық организмде, қоршаған ортада).
Антисептиктерді - жарақатта, теріде, кілегей қабаттарында микробтарды жұктырмауға, емдеуге пайдаланады. Оларға: йод, бриллиант жасылы, марганец ерітіндісі,сутегі тотығы т.б. жатады. Кейбір антисептиктер (уксус қышқылы, күкірт қышқылы) тамақ өнеркәсібінде консервілеуге пайдаланады.
Дезинфекция - әртүрлі залалсыздандыратын химиялық іипирды пайдаланып, жарақатта, толық организмде, немесе коршаған орта объектілеріңде микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар комнлексі.
Дезинфекциялаушы заттар:
3-5 % фенол ерітіндісі;
5 - 10 % лизол ерітіндісі;
1 - 5 % хлорамин ерітіндісі;
1-5 % формалин ерітіндісі.
Хлорлы әк - суда толық еритін иісі бар ақ ұнтақ. Бактерицидті қасиетті активті хлордың ққрамына байланысты. Дұрыс сақталмағанда хлорлы әк активті хлорды жоғалтып, ыдырап кетуі мүмкін. Ыдырауға жылу, ылғал, күн сәулесі мүмкіндік береді. Сондықтан оны құрғак, жабылған түрде, қараңғы жерде сақтайды. Хлорлы әкті адам және жануар нәжістерін залалсыздандыруға пайдаланады.
Фенол (карбол қышқылы) - иісі бар, түссіз кристалдар. Күн, ауа және ылғал әсерінен кристалдар қызғылт түске айналады. Қара әйнекті жабық банкіде, жарық болмаған жерде сақтайды.
Сонымен қатар ауыр металл түздары (сынап, қоргасын, цинк, күміс) пайданалынады, кейбір металдар (алтын, күміс, сынап) өте аз мөлшерде микроорганизмдерге бактериоцидтті әсер етеді. Бұндай қасиетін - олигодинамикалық әсер деп атайды. Мысалы: күміс ыдыста тұрған су бұзылмайды. Күмістің органикалық қосылыстарынан протаргол, колларгол деген антисептиктер алынған.
Дезинфекцияның:
1. физикалық
2. химиялық
3. механикалық әдістері бар.
Механикалық әдіске: қолды сабынмен, щеткамен бөлмелерді ылғалды түрде жинау, жуу, ауаны желдету, суды сүзу. Күн сәулесін пайдалану - ауада микробтарды өлтіреді.
Физикалық әдіске: қыздыру, өртеу, судың буы, ыстық ау кептіру, автоклавта және дезинфекциялық камерада киімді, төсекті т.б. заттарды микробтардан өңдеу.
Химиялық әдіс - әр түрлі химиялық заттарды пайдалан: микробтарды жою.
Мақсатқа байланысты дезинфекция 2 - ге бөлінеді:
1. ошақтық;
2. алдын алу.
Ошақтық дезинфекция жұқпалы ауру табылған жерде болады үйде немесе больницада. Ауру адамның нәжісін, құсығын, қақыры заттарын т.б. бұйымдарын залалсыздандыруға бағытталады.
Алдын алу дезинфекциясы - жұқпалы ауру шықпай тұрға оның алдын - алу және таратпау мақсатында жасалады. Бұл қатыстылар: ішетін суды тазалау (хлорлау, сүзу, қайнату) сүт тағамдарды, жемістерді жуу, қайнату т.б.
Физикалық факторлар әсері.
Асептика — физикалық әдіске негізделген объектілер (жарақат, операциялық аймақ, микроорганизмдердің өсімі) микроб ластануына кедергі жасайтын алдын-алу шараларының жүйесі.
Асептикаға - физикапық әдістер - температура; кепті сәулелі энергия; ультрадыбыс жатады. Төменгі температурада микроорганизмдердің көбеюі тоқталады. Жоғарғы температурада - жойылады. Температураға байланысты микроорганизмдер 3 топқа бөлінеді:
1. психрофильдер – салқын сүйгіш микроорганизмдер. Олар мин температура - 0°, max температура - 30° және оптималды темпера - 10-20°өседі.
2. мезофильдер - көптеген сапрофиттер мен патогенді микроорганизмдер. Олар оптимальды температура 28 - 37°, мин температура - 10°, max температура - 40° өседі.
3. термофильді - жылусүйгіш микроорганизмдер. Олар оптималь температура 50 - 60°, min температура - 30°, max температура – 70- 75° өседі.
Кептіру әдісі - микроорганизмдердің өмір сүруі үшін су өте қажет. Кептірудің әсерінен олардың қоректенуі тежеліп, жойылуға соқтырады. Әртүрлі микроорганизмдерге кептіру түрліше әсер етеді. Мысалы: тырысқақ вибрионы 2 тәулік, сүзек сальмонелласы 70 тәулік; туберкулез микобактериі 90 тәулік шыдайды. Кептіруге споралар өте шымды келеді. Мысалы: түйнеме споралары 10 жыл, саңырауққлақ споралары 20 жылға дейін сақталады.
Сәулелі энергия әдісі. Табиғатта көптеген микроорганизмдерге күн сәулесі әсер етеді. Әсіресе ультракүлгін сәулесі микробтардың жойылуын тездетеді. Сондықтан микробтардың өсімін лабораторияларда қараңғы жерде сақтау керек.
Улытракүлгін сәулесі ауаны залалсыздандыруда кеңінен пайдаланады. Мысалы: больницаларда палаталарды, операционныйлар, лабораторияларда, бокстар т.б.
Улырадыбыс - ультрадыбыс әсерінен цитоплазмадағы газдың қысымы артып, клетка қабықшасы ыдырап өлімге соқтырады.
Ультрадыбыс тамақ өнеркәсібінде кейбір тамақтарды залалсыздандыруда қолданылады (мысалы: сүт, су, шырындарды).
Залалсыздандыру - объектілерді микроорганизмдерден ада қылу, жою. Залалсыздандырудың мақсаты: физикалық факторлар арқылы ондағы микробтардың барлық түрлерін құрту, оларды жою.
Залалсыздандырудың негізгі мақсаты: медициналық бұйымдармен дәрілердегі болуы мүмкін микробтарды толығымен жою. Залалсыздандырудың физикалық әдістері: құрғақ ыстық ауамен, қысымы жоғарғы су буымен, инфрақызыл және радиациялық сәулелермен өндеу, сүзу, қыздыру, өртеу арқылы жүзеге асырылады. Залалсыздандырудың химиялық әдістері: газдарды, химиялық заттарды пайдалану, өңдеуге тиісті заттарды ерітіндіге батыру болып табылады. Қыздыру - микробиологияда құрал - жабдықтарды, лаборатория және дәріхана ыдыстарын өндеу үшін кеңінен пайдаланылады. Дезинфекциялық камера - киімді, төсекті, кітаптарды т.б. заттарды оідеу үшін қолданылады.
Құрғақ ауамен Пастер пешінде лабораториялық ыдыстарды залалсыздандырады (Петри табақшасы, пипеткілер, колбалар, пробиркалар, флакондар). Залалсыздандырудың алдында оларды құрғатып қағазға орап салады. Петри табақшаларын біреуден немесе бірнешеуден қағазға орап полкаларға қояды. Пипеткілерді, колбаларды, пробиркаларды мақта-марліден жасалған тығындармен тығындайды - микроб кірмес үші Пробиркілерді 5-10-50 шт. байлап, қағазға орап салады. Шкафты есігін тығыз етіп жабады ауа кірмес үшін, 160 - 165° температурада 1 сағат қыздырады. Содан кейін пеш салқындағанға дейін есігі ашпайды, себебі салқын ауадан ыдыстар жарылып кетпес үшін.
Сұйық затгар (қоректік орталар, NaCl ерітіндісі т.б.) резинал және синтетикалық заттарды құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыруға болмайды, себебі сұйық заттар қайнап кетеді, ал резина мен синтетикалық заттар балқып кетеді.
Қайнату - шприцтер, құрал - жабдықтар, шыны ыдыстар резиналы трубкалар - арнайы металдан жасалған стерилизаторд жасалады. Суды жұмсарту үшін 1 - 2 % Na гидрокарбонат қосады немесе дистирленген суда жасайды. Қайнағаннан бастап 15-30 ми қайнатады. Бумен залалсыздаңдыру, 2 түрде болады: 1. қысымы жоғары су буымен; 2. ағынды бумен;
Қысымы жоғары су буымен автоклавта жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |