Жұқпалы аурудың даму динамикасы. Кезеңдері. Аурудың нәтижесі. Микробтық тасымалдаушы. Рецидив.
Жұқпалы ауру өздігінше түрлік, ал кейде типтік тұрғыдан жекеленген қоздырғыштармен туындалған спецификалық жұқпалылық жағдай . Макроорганизмге патогенді микробтардың немесе олардың токсинінің енуі жұқпалы аурулардың пайда болуына тікелей себепкер болады . Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары патогенді бактериялар , вирустар және саңырауқұлақтар болып табылады . Қарапайымдылар , гельминттер және жәндіктер қоздыратын аурулар инвазиялық немесе паразиттік ауруларға жатады.
1. Жұқпалы аурулар нозологиялық спецификалығымен сипатталады, яғни әрбір патогенді микроб тек қана өзіне тән жұқпалы ауруды қоздырады және белгілі ағзалар мен тіндерде шоғырланады. Бұл-нозологиялық-спецификалық шартты-патогенді микробтарда болмайды.
2. Жұқпалы аурулар контагиоздылығымен сипатталады. Бұл , ең алдымен , жұқпалы аурулар . Қоздырғыштардың ауырған адамнан ауырмағандарға жеңіл берілуін , тізбекшелi немесе веертәріздес реакциялардың көмегімен қабылдаушы популяция арасында микробтардың жылдам таралуын контагиоздық ( лат . contaggiosis- жұқпалы , жұққыш ) деп түсіну керек . Жұқпалы аурулар үшін жұқпалылық кезең болуы тән , ол қоздырғыштың науқасты қабылдаушы макроорганизмге тікелей немесе жанама жолмен , соның ішінде буынаяқтылар арқылы тарала алатын кезең уақыты . Бұл кезеңнің ұзақтығы мен сипаты нақты осы ауру үшін спецификалығы оның патогенезі мен микробтың макроорганизмнен сыртқа шығарылуының ерекшеліктерімен байланысты . Бұл кезең ауырған уақыттың барлығын қамтуы немесе індеттің кейбір кезеңдерімен шектелуі мүмкін , эпидемиологиялық тұрғыдан оны білудің маңызы зор . Жұқпалылық дәрежесін сапалы бағалау үшін контагиоздық индекс қолданылады , ол тиiстi уақыт аралығында инфекция жұқтыру қауіпі төнгендердің арасындағы ауырған адамдардың пайыздық көрсеткіші . Контагиоздық индекс микробтың вируленттілігі ; ие организмінен микробтың сытрқа шығып тұратын уақыт аралығының ұзақтығы және интенсивтілігі ; дозасы және таралу тәсілі ; сыртқы ортада микробтың тіршілік сақтау қабілеттілігі ; макроорганизмнің қабылдаушылық дәрежесі сияқты ауыспалы өлшем шамаларымен байланысты . Контагиоздық дәреже бірдей емес . Мысалы , қызылша жоғарғы контагиозды ауруға жатады , өйткені қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ балалардың 100 % -ға дейінгісі науқаспен жанасқанда ауруға шалдығады, контагиоздық индексі 0,35-0,40.
3. Жұқпалы ауруларға кезеңмен өту тән , ол ауру патогенезіне қарай бірінен - бірі ауысып отыратын кезеңдердің болуы . Кезендердің ұзақтығы микробтың қасиетімен және макроорганизмнің резистенттігімен , иммуногенез ерекшеліктерімен де байланысты . Тіптен бір аурудың өзінде осы кезеңдердің ұзақтығы науқастардың әрқайсысында әр түрлі болуы мүмкін . Жұқпалы аурулар дамуының мынадай кезеңдері ажыратылады : жасырын ( инкубациялық ) ; күмәнді, мазасыздану , продромальді ; ауру қозу; алғашқы айығу ( ауру симптомдарының төмендей бастауы ) ; айығу, реконвалесценциялық кезеңдер . Макроорганизмге микробтардың енген яғни жұққан сәтінен бастап , алғашқы ауырсыну белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт аралығын инкубациялық , яғни жасырын кезең дейді лат . incubo - тыныштық немесе incubatio- сыртқы белгілерсіз , жасырын . Жасырын кезең барысында қоздырғыштың микроорганизмнің ішкі ортасына бейімделуі және организмнің қорғаныс механизмдерін жеңіл өту жүреді.
4. Жұқпалы аурулардың даму барысында иммунитет қалыптасады , ол инфекциялық процеске тән ерекшелік болып табылады . Әртүрлі жұқпалы аурулар кезіндегі жүре пайда болатын иммунитеттің кернеулігі және ұзақтылығында елеулі айырмашылықтар бар - өмір бойы қайталап жұғуды болдырмайтын айқын және тұрақты иммунитеттен бастап ( қызылша , оба , шешек аурулары ) , тіптен аз уақыттан кейін қайталап ауруға мүмкіндік беретін әлсіз және қысқа мерзімділік иммунитетті ( шегиллез ) мысал ретінде келтіруге болады . Жұқпалы аурулар кезінде көбінесе тұрақты , кернеулі иммунитет қалыптасады . Жұқпалы аурулардың даму барысы және аяқталуының ерекшеліктері көбінесе сол кездегі иммунитет қалыптасуының пәрменділігімен байланысты . Жұқпалы аурулардың патогенезінің ерекшеліктеріне тән сипат - екіншілік иммунитеттің даму тапшылығы болып табылады . Бірқатар жағдайларда микробтарды қоршаулауға және элиминациялауға бағытталған қисынсыз иммундық реакция ( гиперергиялық реакция ) иммунды - патологиялық үрдіске әкеледі , ол инфекциялық процестің созылмалы түрге айналуына және макроорганизмді өлім шегіне дейін жеткізуі мүмкін . Макроорганизмде микроб бар болған кезде төмен деңгейлік иммунитет асқынулар және қайталап ауыру ( рецидив ) пайда болуына әсер етуі ықтимал . Асқыну бұл бәсеңсу немесе реконвалесценциялық кезеңдерде ауру симптомдарының күшеюі , ал ауру қайталану яғни рецидив - бұл сырқаттан айығу кезеңінде аурудың клиникалық симптомдары басылып кеткеннен кейін , дерт қозудың қайтадан пайда болуы . Асқынулар мен рецидивтер негізінде ұзақ уақытқа созылатын жұқпалы аурулар кезінде басымырақ байқалады. Олар макроорганизмнік резистенттілігін төмендететін факторлардың әсерінен пайда болады және макроорга низмде микробтардың табиғи даму циклімен байланысты болуы мүмкін. Асқынулар мен рецидивтер клиникалық әрі зертханалық деңгейде байқалуы мүмкін .
5. Жұқпалы аурулар кезінде диагноз қою үшін спецификалық микробиологиялық және иммунологиялық диагноз қою әдістері-микроскопиялық , бактериологиялық , вирусологиялық , серологиялық зерттеулер және биологиялық , терiлiк - аллергологиялық сынамалар қолданылады . Олар көбінесе диагнозды дәлелдеудің бірден - бір сенімді әдісі болып табылады . Бұл әдістер : негізгі , қосымша және экспресс - диагностикалық әдістерге бөлінеді . Негізгі әдіске тексерілетін аурулардың барлығына ауру барысында диагноз қою үшін сөзсіз және кешенді түрде қолдалыналатын әдістер жатады . Қосымша әдістер науқастардың жағдайын егжей - тегжейлі ( детально ) бағалауға мүмкіндік береді , ал экспресс - əдістер аурудың бірінші күндерінде ертерек диагноз қою үшін қолданылады . Диагностикалық әдістерді таңдау біріншілік клиникалық - эпидемиологиялық диагнозына және болжамдалып отырған нозологиялық түрдің ерекшеліктеріне қарай анықталады .
6. Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін этиотропты препараттардан ( антибиотиктер және тағы басқа микробтарға қарсы препараттар ) басқа , осы микробқа , сондай - ақ , оның токсиніне қарсы бағытталған, тікелей арнайы препараттар қолданылады . Оларға вакциналарды , сарысуларды және иммунды - глобулиндерді , бактериофагтарды , эубиотиктерді , иммундымодуляторларды жатқызады .