Микробиология Аралық бақылау 1


Су, топырақ, ауа микрофлорасы. Су, топырақ, ауа жұқпалы ауруларды тарату факторы ретінде



бет10/26
Дата21.04.2023
өлшемі2,79 Mb.
#175120
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
1 Аралық бақылау фармация
Диф зачет сурактары
Су, топырақ, ауа микрофлорасы. Су, топырақ, ауа жұқпалы ауруларды тарату факторы ретінде.

Су микрофлорасы
Су микрофлорасы топырақтың микробтық кұрамы сияқты , себебі микроорганизмдер топырак белшектерімен суға түседі.Суда сол жердің физикалық химиялық , жарық жағдайына , көміртегінің кос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне , органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады . Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар : таяқша тәрізді ( псевдомонадалар , тромонадалар және т.б. ) кокк тәрізді ( микрококктар ) және ирекше тәрізділер табылады . Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың , саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді . Әсіресе анаэробтар сукоймалардың түбінде ( тұнығында ) көп кездеседі . Су микрофлорасы микроорганизмдермен еңделетін , органикалық қалдықтардан өзін - өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады . Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері ( ішек таяқшасы , цитробактер , энтеробактер , энтерококк , клостридин ) және ішек жұқпасының қоздырғыштары ( іш сүзегі , парасүзек , жерше , тырыскак , лептоспироз , энтеровирустар және т.б. ) ластанған ағынды сулармеп кар еріген кездегі және жауын - шашын сулармен өзен , көлдерге түседі . Олай болса , су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады . Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады ( тырысқақ вибрионы , легионеллалар ) . Мархит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүлі , жаркырауық және галофильді ( тұр жақсы көретін ) микроорганизмдер болады , мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрлерін зақымдайды , оларды тамакқа қолданғанда тағамдык токсиноинфекция дамиды . Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болатындықтан , артезиан скважинасының суында микроорганизмдер болмайды .
Ауа микрофлорасы
Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шартәрізді , және таяқша бактериялар , клостридиялар , актиномицеттер . саңырауқұлақтар мен вирустар табылады . Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі . Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп , ал ауылды жерлерде аз кездеседі . Әсіресе орман , тау , теңіз үстiнiң ауасын микроорганизмдер өте аз . Микроорганизмдердің көпшілігі жабык бөлмелер арасында болады , ондагы микроб тығыздығы бөлменің уақтылы тазаланып жиналуына , жарықтану деңгейіне , болмедегі адамдар санына , желдету жиілігіне және т.б. байланысты болады . Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында болменің ылғалды жиналуын желдер мен және түсетін ауаны тазалаумен ( фильтрлеу ) бірге жүргізеді . Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені өндеу ( мысалы микробиологиялық зертханаларда , операциялық блоктарда т.б. ) қолданылады .
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін - өзі тазарту процестеріне қатысатын , табиғатта азот , көміртегі және т.б. элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді . Топырақта бактериялар , саңырауқұлақтар , мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы ) және қарапайымдар мекендейді . Топырақтың I грамында бактерия саны -10 млрд . жасушаға жетеді . Топырақ беткейінде УК сәулелері , құрғақшылық т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады . Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см калындықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі . Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып , 3 - 4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді . Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына , өсімдік құрамына , температурасына , ылғалдығына және т.б. байланысты . Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН - ы бейтарап , салыстырмалы жогары ылғалдықта , 25-45 ° С температурада дамуға қабілетті . Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар ( Azotobacter , Azomonas , Mycobacterium және т.б. ) тіршілік етеді . Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк -жасыл балдырларды , күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады . Топырақ - Bacillus және Clostriсlium туыстастығының спора түзетін таяқ - шаларының тіршілік ету ортасы болып табылады Патогенді емес бациллалар ( Вас . Megaterium , Bac subtilis және т.б. ) . псевдомонадалармен қатар , протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін , шіріткіш бактериялар тобын құрап , органикалық заттардын минералдануына қатысады . Патогендік спора түзетін таяқшалар ( күйдіргі , ботулизм , сіреспе , газды гангрена қоздырғыштары ) ұзақ уақыт сақталып , кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті ( Clostridium botulinum ) . Ішек бактериялары ( тұқ . Enterobacteriaceae ) – ішек таяқшасы , іш сүзегі , сальмонеллез , дизентерия ( жерше ) қоздырғыштары – нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін . Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан , олар біртіндеп жойылады . Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі , олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып , оның санитарлық - эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді ( ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұрғысында ) . Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады . Олар топырақ түзу процесіне , азот қосындыларының айналымдарына қатысады , биологиялық белсенді заттар бөледі , сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі . Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп , микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады , Қарапайымдылар мөлшері 1г топырақта 500-500000 - ға дейін жетеді . Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып , қарапайымдылар топырактын органикалық заттарының рамын өзгертеді .



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет