11. Бағалау саясаты
Студенттердің білімін бақылау және бағалау балл – рейтинг жүйесі арқылы жүргізіледі, онда келесі шаралар қарастырылған:
Пән бойынша барлық максималды балл саны 100 (100% ), оның ішінде: ағымды және аралық бақылаудың жалпы саны 60 балл немесе пән бойынша барлық балл санының 60%; қорытынды бақылауға 40 балл бөлінеді немесе барлық балл санының 40%.
Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
р/с
|
Бақылау түрлері
Сабақ және жұмыс түрлері
|
Бағасы, балл
Міn / max
|
1
|
Ағымдағы бақылау.
- Дәрістер
- зертханалық сабақтар
- СӨЖ – (тапсырманың орындалуы)
|
5/10
7,5 / 15
7,5 / 15
Орташа 20/40
|
ІІ
|
Аралық бақылау
- семестрде екі бақылау (7 және 15 аптада, әрқайсысы 10 балл)
|
10/20
Орташа 10/20
|
|
Барлығы:
|
30 / 60
|
ІІІ
|
Қорытынды бақылау
Емтихан
|
20/40
|
|
Барлығы:
|
50 / 100
|
Емтиханда студенттердің білімін балл бойынша бағалаудың сұлбасы
|
Емтихандық баға
|
Баллдық жүйедегі баға, (%)
|
1
|
3 (қанағаттанарлық)
|
20/29
|
2
|
4(жақсы)
|
30/35
|
3
|
5(өте жақсы)
|
36/40
|
Студенттердің білімін бағалаудың шкаласы
Әріптік жүйедегі баға
|
Балдың сандық эквиваленті
|
Балдардың пайыздық көрсеткіші
|
Қалыпты жүйедегі баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Ғ
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Микробиология пәнінің оқу - әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
-
Оқулық немесе оқу құралы
|
Автор
|
Оқулықтың атауы
|
Саны, дана
|
Ғылыми
абоне-мент
|
Оқу
абоне-менті
|
Оқу залы
|
вет
|
агро
|
Кафедра
|
Оқулықпен қамтамасыз етілуі, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Негізгі әдебиеттер
|
Оқу құралы
|
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т.
|
Микробиология, М., 1987
|
86
|
1
|
73
|
7
|
|
5
|
|
100
|
Оқулық
|
Шлегель Г.
|
Общая микробиология. М., 1982
|
2
|
2
|
|
|
|
|
|
5
|
Оқулық
|
Құлдыбаев М.М.
|
Ауыл шаруашылық микробиологиясы. Қайнар. 1994.
|
36
|
2
|
30
|
2
|
2
|
|
|
50
|
Оқулық
|
Шоқанов Н
|
Микробиология. Алматы. Санат, 1997.
|
36
|
4
|
9
|
5
|
18
|
|
|
50
|
Оқу құралы
|
Под ред. Д. Г. Звягинцева
|
Методы почвенной микробиологии и биохимии – М.: Изд-во МГУ, 1991.
|
37
|
7
|
28
|
2
|
|
|
|
50
|
Оқулық
|
Нетрусов А.И., Котова И.Б.
|
Микробиология. М., Изд. «Академия», 2007. -350 с.
|
20
|
3
|
15
|
2
|
|
|
|
31
|
Оқулық
|
Гусев М.В., Минеева Л.А.
|
Микробиология. М., Изд. «Академия», 2008. -462 с.
|
15
|
2
|
12
|
1
|
|
|
|
19
|
Оқулық
|
Сидоренко О.Д., Борисенко Е.Г., Ваньков А.А., Войно Л.И.
|
Микробиология. –М., ИНФРА-М, 2009. -287 с.
|
5
|
3
|
|
2
|
|
|
|
6
|
-
1
|
2
|
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Қосымша әдебиеттер
|
Оқу құралы
|
Дебабов В.Г.
|
Современные методы создания промышленных штаммов микроорганизмов. М. Высшая школа , 1987.
|
76
|
3
|
55
|
3
|
15
|
|
|
100
|
Оқу құралы
|
Карамшук З.П..
|
Микробиологические основы почвозащитной системы земледелия. Целиноград. 1989
|
108
|
5
|
96
|
7
|
|
|
|
100
|
Оқулық
|
Н.П.Елинов
|
Химическая микробиология М.: Высшая школа, 1989 г.
|
3
|
3
|
|
|
|
|
|
4
|
Әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары (практикум)
|
Оқу құралы
|
Теппер Е. З., Шильникова В.К., Переверзева Г.И.
|
Практикум по микробиологии. М., 1987.
|
43
|
2
|
34
|
5
|
|
5
|
|
61
|
Оқу құралы
|
Теппер Е.З.
|
Практикум по микробиологии: Учебное пособие для вузов –М.: Дрофа, 2004. -256 с.
|
50
|
2
|
34
|
2
|
9
|
4
|
|
64
|
Оқу құралы
|
Құлдыбаев М.М.
|
Микробиология пәнінен практикалық сабақтар. 1995
|
85
|
5 76
|
4
|
|
|
|
|
100
|
Әд. нұсқа
|
Карамшук З.П.
|
Микробиология пәнінен әдістемелік нұсқаулар, 1996
|
10
|
5
|
1
|
4
|
|
|
|
12
|
Микробиология пәні бойынша
дәрістердің қысқаша курсы
1 – Дәріс. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы
Қаралатын сұрақтар:
Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі.
Микробиологияның даму тарихы. А. Левенгук еңбектері, микробиологияның ашылу кезеңі. Л. Пастер, Р. Кох және басқалардың ашқан жаңалықтары.
Микробиология (грек тілінен аударғанда, mikros – кішкентай, bios – өмір, logos - ғылым) - микроағзалар немесе микробтар деп аталатын көзге көрінбейтін ұсақ ағзалар туралы ғылым.
Микробиология ғылым ретінде микроағзалардың морфологиясын, жүйеленуін (систематикасын) және физиологиялық ерекшеліктерін, олардың тіршілік әрекеттерінің жағдайларын, адам өміріндегі және табиғаттағы рөлін зерттейді. Микробиологтар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің ауруын тудыратын патогенді микроағзалармен күресудің әдіс – тәсілдерін, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте тиімді микробтарды қолдану жолдарын зерттейді.
Микроағзаларды тек қана оптикалық немесе электрондық микроскоптың көмегі арқылы көруге болады. Оптикалық микроскоптың максималды ұлғайту мүмкіндігі 3000 есе құрайды. Бұл 0,1 – 0,2 мкм өлшемдегі бөлшектерді ажыратуға мүмкіндік береді. Заманауи электрондық микроскоптар тек ұсақ ағзаларды ғана емес, олардың жасушаларының өте ұсақ құрылымын көруге мүмкіндік беретін 0,15 нм2 дейін үлкейтуге қабілетті. Мұндай микроскоп зерттелетін нысанды 750 мың есе ұлғайтады.
Табиғатта микроағзалар әлемі алуан түрлі, олардың біршама бөлігі бактериялар. Микроағзалардың көптеген топтарын саңырауқұлақтар, актиномицеттер және көк-жасыл балдырлар (цианобактериялар) құрайды.
Микроағзалардың қатысуымен топырақтағы және су қоймалардағы әр түрлі органикалық заттардың ыдырауы жүреді, сөйтіп олар табиғатта заттар және энергия айналымын қамтамасыз етеді. Топырақ құнарлылығы, тас көмір, мұнай, көптеген басқа да пайдалы қазбалардың қалыптасуы тікелей микроағзалардың әрекетімен байланысты. Микроағзалар тау жыныстарының және басқа да табиғаттағы үдерістердің желмен бұзылуына қатысады.
Көптеген микроағзаларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінде қолданады. Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және медицинада, соның ішінде нан пісіру, сүтқышқылды өнімдерді дайындау, шарап жасау, дәрумендерді, ферменттерді, тағамдық ақуыздарды, органикалық қышқылдарды және көптеген заттарды алу өндірістері әртүрлі микроағзалардың әрекетіне негізделген. Әсіресе, микроағзалардың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы маңызы жоғары. Мысалы, мал азығын дұрыс дайындау және сақтау, мал азықтық ақуызды, антибиотиктерді және микробтекті басқа да пайдалы заттарды алуда микроағзаларды пайдалану қазіргі кезде кеңінен жолға қойылған.
Пайдалы микроағзалармен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының, өсімдіктердің, бунақденелілердің және адамдардың әр түрлі ауруларын тудыратын патогенді микроағзалар немесе ауру тудырушы микроағзалар деп аталатын үлкен тобы кездеседі. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде қоғамның өндірістік күшінің және экономиканың дамуына кері әсерін тигізетін адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары таралады.
Қазіргі кезде микроағзалардан бөлінетін антибиотиктер ашылған және оларды адамдарды, жануарларды және өсімдіктерді емдеу үшін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау кезінде қолдану мүмкіндіктері дәлелденген. Ауадағы азоттың топыраққа сіңірілуін арттыратын және ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресуге арналған микробты препараттар жасалып шығарылуда.
Микроағзалардың тиімді генетикалық өзгертілген түрлерін шығарудың жаңа әдістерінің ашылуы микроағзаларды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінде, сонымен қатар медицинада кеңінен пайдалануға мүмкіндік берді. Әсіресе, гендік немесе генетикалық инженерия микробиологияның болашақта қарқынды дамуына жағымды әсерін тигізеді. Осындай жетістіктер биотехнология деп аталатын үлкен бір ғылымды дүниеге әкелді.
Жаңа белгісіз әлемнің ашылуы микрографияның, яғни, жазба микробиологияның атасы саналатын, голландиялық ғалым А. ван Левенгукке (1632-1723) тиесілі. Кенеп матасын сатушы А. ван Левенгук өзінің барлық бос уақытын линзаларды жасау өнеріне арнаған. Ол сол заманда қолданылып жүрген оптикалық жүйелерге қарағанда, нысандардың анағұрлым үлкейтілген суретін көруге мүмкіндік беретін құрал жасап шығарды. А. ван Левенгуктің жүйесі нысандарды 280 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Ол қанның құрамындағы компоненттерді, қан айналым жүйесін, өсімдік ұлпаларының құрылысын, жәндіктерді, балдырларды, қарапайымдарды және т.б. бақылады.
1676 жылы А. ван Левенгук бірнеше күн бойы бөшкеде тұрып қалған жаңбыр суының тамшысын микроскоптан қарағанда көп мөлшерде қозғалып жүрген өте ұсақ микроағзаларды байқауы микробтардың тікелей ашылуына себеп болды. Ал жаңа жауған жаңбырдың суында мұндай микроағзалар байқалмаған. Осыған байланысты ғалым ағзалардың ұрықтары суға ауадан келіп түседі деген қорытындыға келген. А. ван Левенгук өзінің бақылаулары туралы Лондон корольдық қауымдастығына хат арқылы жариялаған. Біз үшін оның, әсіресе, адамның ауызында тіршілік ететін алуан түрлі бактериялар туралы толықтай жазылған және бейнеленген хаттары қызығушылық тудырады. Зерттеушінің қазіргі кезде 20 көлемді қол жазбасы бізге мәлім.
А. ван Левенгуктің ашқан жаңалығынан кейін оптиканың дамуы нәтижесінде микроағзалар әлеміне деген жалпы көзқарас кеңейе түсті. Олардың жекелеген өкілдері зерттеле бастады. Сол уақыттағы ғалымдар микроағзалардың табиғаттағы рөлі туралы бейхабар болатын. Зерттеушілер үшін бұл тек микроскоптық зерттеушілерге ермек болатын күлкілі де, қызықты тіршілік етушілер ретінде қала берді.
Микроағзалардың пішіні және алуан түрлілігі туралы мәліметтердің жиналуы өте ұзақ уақытқа созылды. Нысандардың көлемі зерттеу жүргізуді қиындата түсті. Оларды танып білуде, тіпті тәжірибелі зерттеушілердің өздерін тығырыққа тіреді. XIX ғасырдың ортасында микроағзалардың әр түрлі топтары туралы көптеген мәліметтер жиналды. Дегенмен, микроскопиялық ағзалардың физиологиясы мен зат алмасуын зерттеушілер қозғаған жоқ. Сондықтан да микроәлемнің табиғаттағы рөлі және сонымен қатар адам өміріндегі қызметі зерттелмеген күйінде қалды.
Бұдан кейінгі микробиологияның кеңінен дамуы атақты француздық ғалым Л.Пастердің (1822-1895) есімімен тығыз байланысты. Ол алғаш рет микроағзалар алуан түрлі биохимиялық айналымдарға қатысатынын және тірі ағзалардың ауруларының қоздырғышы екенін ашып көрсетті.
Микробиологиялық зерттеулер жолындағы Л. Пастердің бірінші қадамы ол микроағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі ретіндегі ашу үдерісін ашқан жаңалығы болды. Сол уақыттағы көзқарас бойынша аталған үдеріс ақуыздардың өздігінен ыдырауынан туындайтын химиялық үдеріс деп танылды. Л.Пастер, сонымен қатар, ашу үдерісінің әр типінің өзіне тән қоздырғыштары болатынын көрсетті. Әрі қарай, ғалым арнайы сүтқышқылды бактериялардың көмегімен қанттың сүт қышқылына айналатындығын, ал спирттік ашу үдерісін басқа микроағзалардың, яғни ашытқы саңырауқұлақтарының тудыратынын дәлелдеді.
Кейінірек, май қышқылды ашу үдерісінің қоздырғыштарын зерттеу барысында Л. Пастер бұл қоздырғыштардың тек оттегі жоқ жерде тіршілік ететінін анықтады, нәтижесінде «қатаң анаэробтар» ашылды. Ауасыз өмір сүру туралы жаңалық қарсылық танытушылардың наразылығын тудырды, себебі оттегі – «тіршілік газы», яғни, оттегісіз ағзалардың тіршілік етуі мүмкін емес деп саналды. Л.Пастердің тапқан анаэробиоз құбылысы ашу теориясын жасауда үлкен маңызға ие болды. Л.Пастердің көзқарасы бойынша ашу дегеніміз – бос оттегінсіз өмір. Анаэробиозда бактериялар тіршілік етуге қажетті энергияны органикалық қосылыстардың ыдырауынан, яғни, ашуы кезінде алады.
Сірке қышқылының ашуын яғни, шарап спиртінің сірке қышқылына дейін бактериялармен тотығуын зерттеудің барысында Л. Пастер, органикалық заттардың айналымында «ашуды тотықтырушы» деп аталатын микроағзалардың ерекше типі қатысатынына көз жеткізді. Бұл зерттеулер тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан да үлкен маңызға ие болды. Ашу өндірісінің мәселелері – шарап жасау, сыра қайнату және сірке қышқылын алу бойынша Л. Пастер үш монографияны жарыққа шығарды. Бұл монографияларда аталған үдерістердің технологияларын жақсарту бойынша бағалы мәліметтер келтірілген. Ғалым тіпті шарап және сыра ауруларының тууы микроағзалардың әсерінен болатынын дәлелдеді.
Тірі ағзалардың өздігінен пайда болуын мойындау көптеген ғасырларға созылды. Тек қана Л. Пастердің алуан түрлі үдерістерде жекелеген микроағзалардың рөлін анықтаған жұмыстары ғана микроағзалардың өздігінен пайда болуының мүмкін емес екендігін нақты анықтауға мүмкіндік берді. Егер қоректік орта зарарсыздандырылған болса, яғни, микроағзалардан сенімді тазартылған болса, онда оларда тіршілік тіпті қарапайым түрінде болса да пайда болуы мүмкін емес екендігі ғалымның мінсіз тәжірибелерімен дәлелденді. Қазіргі заманғы дезинфекция және антисептика, ал кейіннен асептика Л. Пастердің жұмыстарындағы теориялық тұрғыдағы көзқарастарына негізделеді.
Сібір жарасымен күресу үшін Л. Пастер сақтандырғыш егулерді ұсынды. Тауықтың тырысқақ ауруының қоздырғышына ертеректе эксперимент жасай отырып, ол қоздырғыштардың әлсіреген сұйықтығымен бүрку құстың ауруды қабылдамауына әкеп соқтыратынын анықтаған болатын. Осы принцип жануарлардың Сібір жарасының алдын алуға негіз болды. Сібір жарасының таяқшасын жоғары температурада өсірді (42-43°C), ал бұл оның ауру тудырғыш қасиетін төмендетуге, тіпті оның толықтай жойылуына әкелді. Кейін әлсіреген культураны жануарларға егіп (вакцинация), жануарлардың ұзақ уақытқа дейін ауруларды қабылдамауын (иммунитет) қалыптастырды.
Л. Пастердің құтыру ауруына қарсы сақтандырғыш екпелері жөніндегі еңбектері баршаға мәлім. Сақтандырғыш екпелер әдісін жасауға мүмкіндік берген Л. Пастердің зерттеулері жаңа ғылым – иммунологияның негізін қалады.
Л. Пастердің еңбектері оның көзі тірі кезінде жоғары бағаланды. 1873 жылы ол францияның медициналық академиясының, ал 1882 жылы - Франция Ғылым академиясының мүшесі болып сайланды. Атақты жаратылыстанушы 1884 жылы Санкт-Петербургтің Ғылым академиясына биология ғылымының разряды бойынша физика-математикалық бөлімшесінің корреспондент мүшесі ретінде, ал 1893 жылы құрметті мүшесі ретінде қабылданды.
1888 жылы Парижде баспасөзге жазылудан жиналған қаражатқа Л. Пастер институты ашылды. Институттың салынуына Ресей үкіметінен ірі көлемде қаражат бөлінді. Бұл кейіннен атақты, ірі институтқа айналды және мұнда көптеген атақты микробиологтар, соның ішінде орыс микробиологтары да жұмыс істеді. Осылардың ішінде салыстырмалы патология, эволюциялық морфология, микробиология және иммунология салалары бойынша жазылған классикалық жұмыстардың авторы И.И. Мечников те болды. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы (1922-1953) осы институтта топырақ микробиологиясы аумағында маңызды зерттеулер жүргізген С.Н. Виноградский да жұмыс істеді.
Осы кезеңде микробиологияның дамуында неміс ғалымы Роберт Кохтың (1813—1910) зерттеулері үлкен маңызға ие болды. Ол қоректік орталарда таза культураларды алудың әдістемесін ұсынды, іс жүзінде микроағзаларды зерттеуде анилин бояуларын қолданды.
Р. Кох 1877 ж. Сібір жарасының қоздырғышына арналған жұмысын жариялады. 1882 ж. ол туберкулез ауруының қоздырғышын ашқаны туралы хабарлады, кейін бұл микроағза ғалымның құрметіне «Кох таяқшалары» деген атқа ие болды. Р.Кох ауру қоздырғышынан туберкулин препаратын алып, туберкулезбен ауырған адамдарды емдеу үшін пайдаланғысы келді. Р.Кох 1883 ж. тырысқақтың да қоздырғышын ашты. 1905 ж. туберкулезді зерттеген еңбегі үшін Р.Кохқа Нобель сыйлығы берілді.
Ол Кох постулаттары немесе Кох триадасы деген атпен белгілі инфекциялық ауруларды болжаудың критерийлерін құрастырды:
1) микроб-қоздырғыш ауру адамнан табылуы және сау адамдарда болмауы тиіс;
2) зерттеу кезінде микробтың таза культурасын себу керек;
3) микробтың таза культурасын эксперименттік жануарларға енгізгенде науқас адамдардың ауруына ұқсас аурудың белгілерін көрсетуі тиіс.
Микробиологияның экологиялық бағытын қалаған тұңғыш ғалымдарға С.Н.Виноградский және М.Бейеринкті жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |