Микробиология



бет13/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Хемотаксис – химиялық қосылыс көзі - эффектордың әсерінен белгілі бір бағытқа қозғалуы. Бактериялар кеңістіктегі эффектор концентрациясының айырмашылығын және уақытқа қатынасын ажырата алады. Әр бактерия үшін химиялық қосылыстарды таксис тудырмайтын заттарға және эффекторларға – аттрактанттар мен репелленттерге бөлуге болады. Аттрактанттар- ағзаларды еліктіретін қосылыстар, репеленттер- оларды үркітетін заттар. Аттрактанттар көбінесе тамақ субстраттары болса, репеленттер улы қосылыстар болып табылады. Аэротаксис – ортадағы оттегінің болу айырмашылығымен байланысты болса, термотаксис – температура айырмашылығына тәуелді, фототаксисте – бактериялар қозғалысы жарық қарқындылығының айырмашылығына негізделген, фототаксис фототрофты бактерияларда табылған. Магнетаксис – жердің магниттік өрісінің күшіне байланысты бактериялардың қозғалысқа түсу қабілеті: Мұндай ағзалардың жасушаларында магнит стрелкасының қызметін атқаратын магниттер болады. Егер солтүстік жарты шарда магнетобактериялар солтүстік полюске қарай жүзсе, оңтүстікте – оңтүстік бағытқа қарай қозғалады. Вискозитаксис – бұл бактериялар ерітіндінің қоюлығының өзгерісіне реакциясы: олар ерітіндінің қоюлығы артуы немесе кемуі бағытына қарай жүзеді: Таксисті бактерияның мінез – құлқының элементарлық түрі деп қарастыруға болады.
Бактериялық споралар. Бактериялар сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсеріне төзімді споралар түзуге қабілетті. Спора түзу жасушада қоректік заттардың жетіспеушілігі сезілген және бактерияда зат алмасу өнімінің жиналуы кезінде басталады. Спораның қалыптасуы өсу жағдайына тәуелді. Спора түзбейтін вегетативті жасушалары жойылып кеткен жағдайда да споралар тірі қалуы мүмкін. Споралар кеуіп кетуге төзімді, оларды жою үшін 120°С температурадағы 1 атмосфералық қысымды немесе 150-160°С температурада 2 сағат қыздыруды қажет етеді.
Споралар клостридий, плектридий, бацилярлы пішінде жасуша ішінде қалыптасады. Спораның түзілу үдерісі вегетативті жасушаларда болмайтын ақуыз және дипиколин қышқылының синтезі артуы кезінде басталады. Ол бактерия спорасының құрамына кіреді.
Спораның түзілу сызбанұсқасы. Бактерия жасушасының тең бөлінуі нәтижесінде цитоплазмалық мембрананың ішке қарай ойысуы нәтижесінде жүзеге асатын цитоплазманың аздаған бөлігімен нуклеоид бөлігінің бірігуі байқалады. Түзілген проспора бактерия жасушасының цитоплазмалық мембранасымен қапталады. Осылай бактерия жасушасының ішінде жаңа жасуша – проспора пайда болып, екі мембранамен қоршалады, сонан соң мембраналардың арасынан жасуша қабығы түзіледі. Проспораның сыртқы қабықпен ішкі мембрананың арасында спораның жиегі қалыптасады.
Спора пісіп жетілген соң вегетативті жасуша қабығы бұзылып, спора сыртқы ортаға шығады. Спора қолайлы жағдайға түскен кезде өне бастайды. Өну спораның суды сіңіру мен ісінуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Сонан соң қысымның әсерінен жасуша қабығы жарылып, өсу өсіндісі пайда болады. Соңынан босап шыққан бактерия ағзасының ұзаруы және ұзарған жасушасының бөлінуі жүреді.
Споралар— метаболиттік белсенділігі тоқтаған, тыныштық күйдегі бактерия клеткасының формасы. Ол қыздыруға, радиацияға, кеуіп кетуге, химиялық заттардың әсеріне төзімді келеді. Осы қасиетіне байланысты споралар 100-200 жылға тіпті, одан да ұзақ сақталуға қабілетті.
Бактериялардың көбеюі. Бөліну. Алдымен нуклеоид бөлінеді, сонан соң жаңадан түзіліп жатқан жасушалар арасында жарғақша пайда болады, ол екі қабат цитоплазмалық мембранадан тұрады. Артынан екі қабатты жасуша қабығы түзіледі. Жасуша қабығы түзілген соң жасушалар ажырайды. Қолайлы жағдайда микроағзалардың регенерациялану уақыты 20-30 минутқа ауытқиды. Ағынды ортада бактериялар әр 15-20 минут сайын бөлінуге қабілетті.
Қайта байлану. Жасуша бөлінуі кезінде бөліну нүктесі жіңішкеріп, жарғақша бөлінбей қалып қояды (диплококк, стрептококк).
Коньюгация. Коньюгация үдерісінде аталық жасушалар цитоплазмалық көпір арқылы ДНҚ бөлігін аналық жасушаларға береді. Ұрықтанған жасушада – зигота пайда болады. Мысалы, түйнек бактерияларында таяқшалар цитоплазмалық көпір арқылы топтарға бірігеді, жиынтық түзеді. Жасуша ішінде ядролардың араласуы жүреді. Барлығы бір ірі денеге бірігеді де, жасушада біреуінде қалып дамиды және жаңа жасушаның бөлінуіне көшеді.
3. Актиномицеттер. Бұл әр түрлі морфологиялық ағзалар тобын біріктіреді: бұтақталған жіпшелер түзетін немесе дамыған мицелийден тұратын кокк немесе таяқша пішінді ағзалар. Субстрат мицелийі агарлы ортаның тереңдігіне еніп дамиды, қоректік ортаның бетінде ауа мицелийінің гифтері дамиды. Актиномицеттер әртүрлі тәсіл арқылы көбеюімен сипатталады. Көпшілігі арнайы спора түзетін мүшелер – спорангийлерде түзілетін споралар көмегімен көбейеді. Спорангийлердің құрылысы (ұзын немесе қысқа, тік немесе спираль тәрізді) және орналасуы (тізбекті, қарама-қарсы, шоқталып) бойынша айырмашылықтары болады.
Стрептомицеттер. Жақсы дамыған ауа мицелийін түзеді. Көбеюі гифтердің ұшында немесе вегетативті мицелийдің бөліктерінде түзілетін споралар арқылы жүзеге асырылады. Қатаң аэробты хемоорганогетеротрофтылар. Негізгі туысы Streptomyces 500 - ге жуық түрі белгілі. Көптеген стрептомицеттер бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдылар, фагтарға және ісікке қарсы белсенді әрекеті бар антибиотиктер синтездейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет