Микробиология


Миксобактериялар, немесе шырышты бактериялар



бет37/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Миксобактериялар, немесе шырышты бактериялар. Эволюциялық дамуда жоғарыда сипатталған бактериялармен салыстырғанда бір саты жоғары тұратын бактериялар тобы. Миксобактериялардың жекелеген өкілдерінің (Sorangium, Polyangium) дифференцияланған ядроларын, тіпті жарық микроскопының көмегімен де анық байқауға болады. Вегетативті жасушалары үшкірленген немесе доғал ұштары бар таяқша тәрізді болып келеді. Қартая келе жасушалары қысқарады және шырыштану нәтижесінде байланысқан, бірінші және екінші реттік циста түзетін миксоспораларға ауысады. Соңғысынан әрі қарай жеміс денелері дамып жетіледі.
Актиномицеттер (грекше aktis — сәуле, mykоs — саңырауқұлақ) —сәулелі саңырауқұлақтар. Бұл микроағзалар тобы бактериялар мен саңырауқұлақтардың арасындағы аралық форма болып табылады. Сондықтан оның өкілдерін саңырауқұлақ-бактериялар деп те атайды. Олар бактериялар секілді бір жасушалы, бірақ саңырауқұлақтар секілді мицелий түзеді; жіпшелерінің диаметрі бактерияларға ұқсас өте кіші (0,5-0,8 мкм артық емес), бірақ мицелийдің гифтері саңырауқұлақтар секілді ұзын және бұтақталған болып келеді. Актиномицеттердің бұтақталған жіпшелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрге жетсе, саңырауқұлақтардың мицелийінің ұзындығы бірнеше сантиметрді құрайды. Спора арқылы көбеюге қабілеттілігі жағынан актиномицеттер саңырауқұлақтарға ұқсайды.



  1. сурет. Актиномицеттер (а); нокардиялар (б); микобактериялар (в)

Қоректік ортада актиномицеттер субстратқа еніп өсетін, кейде топыраққа тән иіс бөлетін үлпілдек, барқытты, ұнтақты, тығыз, терілі колонияларды түзеді. Қоректік орталарда актиномицеттердің мицелийі дифференцияланған: оның бір бөлігі субстратқа енген болса (субстратты мицелий), екінші бөлігі субстраттың бетінде өседі (ауа мицелийі).


Актиномицеттердің көптеген өкілдері пигменттер бөледі, сондықтан олардың ауа мицелийі, әсіресе колониялары көк, көгілдір, күлгін, қызғылт, қоңыр, ашық қоңыр немесе қара түсті болып келеді. Пигмент бөлетін актиномицеттер қоректік ортаны пигменттің түсіне сәйкес түске бояйды.
Актиномицеттер мен нокардия немесе проактиномицеттердің көптеген ортақ белгілері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет