Микробиология



бет45/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018
Сүт өнімдерін консервілеу , глосарий по ТКП 1, 3.Технология пищевых концентратов ЛР, ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi, osnovy tehnologii pererabotki zhivotnovodcheskogo syrya, карта обеспеч Детский.конс
Қақтау (фламбирлеу). Бұл әдісті жұмыс істер алдында инелерді, шпательдерді, платиналық ілмектерді, ұсақ металдан жасалған заттарды (қайшы, ланцеттер, пинцеттер), шыны таяқшаларды, заттық және жабынды шыныларды қақтауда қолданады.
Құрғақ ыстық ауамен зарарсыздандыру. Ыдыстар мен құрғақ материалдарды (крахмал, бор) 170°С температурада (қажетті температураға жеткен уақытынан бастап санайды) 2 сағат бойы Пастер пешінде немесе 200°С дейін электрлік кептіргіш шкафтарда зарарсыздандырады. Температураны 170°С арттырмаған жөн, себебі 180°С жоғары температурада мақталы тығындар мен қағаздар күйіп кетеді. Зарарсыздандыру алдында шыны ыдыстарды мақталы тығынмен жауып (пробиркаларды), колбалардың аузын, Петри табақшаларын, пипеткаларды, мақтаны, дәкені қағазбен орап, залалсыздандырылған ыдыстарды сақтайтын арнайы футлярға немесе пеналдарға салады. Зарарсыздандыру уақыты аяқталған соң шкафтың есігін температура толық төмендеген соң ашу керек, себебі салқын ауа ағынынан шынылар сынып кетуі мүмкін.
Ағынды бумен зарарсыздандыру. Бұл әдіспен (100°С) ыстық құрғақ ауада жарылып кететін немесе жоғары температураны көтере алмайтын кейбір қоректік орталарды (ет - пептонды желатина, сүт, көміртекті орталар) залалсыздандырады. Мұндай залалсыздандыру Кох қайнатқышында 30 минуттан күнделікті үш күн бойы жүргізіледі. Мұны бөлшектеп зарарсыздандыру деп атайды.
Кох қайнатқышы – биік металл цилиндр, оның түбі екі қабатты, конус тәрізді еркін жабылатын, термометрге арналған тесігі бар қақпағы болады. Цилиндрдің сырты асбестпен немесе линолеуммен жабылған. Кох қайнатқыштың түбінен су құйып, заттарды зарарсыздандыратын бөлімге бу өткізетін тесіктері бар тіреуіш қояды. Зарарсыздандыру ұзақтығы температура 100°С көтерілген соң есептеледі. Алғашқы күн 100°С температурада 30 минутта микроағзалардың тек вегетативті жасушалары өледі, ал споралары тіршілікке қабілеттілігін сақтайды. Сонан соң қоректік ортаны 28-30°С температурадағы термостатқа 24 сағатқа қояды. Бұл уақыт ішінде тірі қалған споралардан вегатативті клеткалар өсіп шығады. Оларды екінші күні зарарсыздандырып өлтіреді. Осылай операцияны үш рет қайталайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет