Микробиология


Грам әдісімен бояуға қажетті бояулар мен басқа да ерітінділерді дайындау



бет44/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018
Сүт өнімдерін консервілеу , глосарий по ТКП 1, 3.Технология пищевых концентратов ЛР, ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi, osnovy tehnologii pererabotki zhivotnovodcheskogo syrya, карта обеспеч Детский.конс
Грам әдісімен бояуға қажетті бояулар мен басқа да ерітінділерді дайындау:
Генициан күлгіннің фенолдағы ерітіндісі: генициан күлгін – 1 г, спирт - 96°, кристалды фенол – 2 г, дистилденген су – 100 мл. Қоспаны бөтелкеге құйып, термостатқа 24 сағатқа қояды. Кейде кристалды фенолдың орнына спирт ерітіндісін (глицерин – 5 мл) қолдануға болады.
Люголь ерітіндісі: калий иоды – 2 г, кристалды иод - 1 г, дистилденген су – 300 мл. Алдымен калий иодының концентрлі ерітіндісін 5 мл -де дайындап, сонан соң онда иодты ерітеді. Су мөлшерін 300 мл-ге жеткізеді.
Пфейфер фуксин ерітіндісі (Цильдің карболды сулы фуксин ерітіндісі): Цильдің карболды фуксині – 1 мл бұл ерітінді былай дайындалады: фуксин – 1г, крситалды карбол қышқылы (фенол) – 5 г, спирт 96° - 10 мл, глицерин – бірнеше тамшы, дистилденген су – 100 мл және дистилденген су – 9 мл. Спирт 96°- тік.


Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Препараттарды дайындаудың қандай тәсілдерін білесіз?
2. Препараттарды фиксациялау дегеніміз не?
3. Микроағзалардың бояудың мақсаты не?
4. Микробиологияда қолданылатын бояулардың қандай түрін білесіз?
5. Бактерияларды Грам әдісімен бояу.
6. Грамоң және грамтеріс бактерияларды қалай ажыратуға болады?

6 Зертханалық жұмыс




Тақырыбы: Зарарсыздандыру әдістері. Зертханалық ыдыстарды, құралдарды, жабдықтарды зарарсыздандыру.
Мақсаты: Зарарсыздандыру әдістерін үйрету. Зертханалық құрал-жабдықтарымен, қауіпсіздік ережелер және зертханада жұмыс істеу тәртібімен танысу.
Қажетті материалдар: автоклав, микробиологиялық ілмек, кептіргіш шкафтар, Петри табақшалары, мақта, қағаз, спирт, дәкі және т.б.


Зарарсыздандыру немесе ұрықсыздандыру (stirilis - ұрықсыз) деп қоректік ортадағы, ыдыстардағы микроағзалардың ұрықтарын (спораларын) толық жоюды айтады. Бұл әдіс биологияның мынадай салаларында: микробиология, биотехнология және тамақ өнеркәсібінде, медицинада кеңінен қолданылады.
Зарарсыздандырудың бірнеше әдістері белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет