Микробиология



бет36/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Стафилококктар - жүзімнің шоғына ұқсайтын колония түзетін шартәрізді бактериялар.
Сарциналар (sarceo - қосамын ) – 8 жасушадан топтасқан шартәрізді бактериялар. Олар куб түрінде әр жағынан 4 жасушадан орналасады. Бактериялардың мұндай пішіні жасушалардың өзара үш перпендикуляр жазықтықта бөлінуі нәтижесінде түзіледі. Сарциналардың кейбір түрлері әр жағынан 4 жасушадан емес, 4 сарциналардан тұратын үлкен куб тәрізді пакет түзеді. Мысалыға Sarcina flava (сары сарцина) – ауа микрофлорасының қарапайым өкілін айтуға болады.
Таяқша тәрізді бактериялар. Екі топқа бөлінеді: бактериялар және бациллалар. Бактериялар спора түзбесе, бациллалар спора түзеді. Бактерияларға денитрифакторларға жататын Pseudomonas, Bacterium, Achromobacter, Flavobacterium туысының өкілдері және т.б. жатады.
Бацилла өкілдерімен Bacillus mycoides мысалында жақынырақ танысуға болады. Bacillus mycoides қоректік орталарда жалған саңырауқұлақ тәрізді (mycoides – саңырауқұлақтәрізді) өседі. Bacillus mycoides клеткалары стрептобациллараға жатады, себебі жасушалары тізбек түзеді.
Жіп пішінді бактериялар. Мұндай бактериялар өкілдері лай, топырақ, су қоймаларында, әсіресе темір элементі көп жерлерде мекен етеді. Жіп пішінді бактериялармен танысу үшін түбінде охра тәрізді тұнбасы бар суды зерттеу қажет. Суларда көбінесе Leptothrix өкілдері жиі кездеседі.
Иірілген пішінді бактериялар. 1. Вибриондар (лат. vibrare — иірілу, дірілдеу) — әлсіз иілген жасушалар. Жасушасының пішіні үтірге ұқсас келеді.
2. Спирилдер (лат. spiro— штопор). Вибриондардан айырмашылығы олардың жасушалары айтарлықтай ұзын, жуан және иірілген болып келеді. Иірім жасушаның жартысын алып жатады немесе жасушаның ұзындығына тең болады. Спирилдер орыстың С әрпіне ұқсас бір иірімнен, латынның S әрпіне ұқсас екі иірімнен немесе бірнеше иірімнен тұруы мүмкін.
3. Спирохеталар —көптеген ұсақ бірақ қатты иірілген ұзын және жұқа жасушалардан тұрады, жасушаның ұзындығы қалыңдығынан 5-200 есе асып түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет