біркелкі боялып, агглютинация феномені байқалмаса, онда реакция
«теріс» нәтижелі болып бағаланады. Антиген мен қан сарысуын
араластырғаннан кейін 4 минуттан соң пайда болған агглютинация
нәтижесін «оң» реакция деп санамайды, себебі кейбір жағдайда телімсіз
белоктардың тұнбаға түсуі мүмкін. Ірі қара мал қан сарысуын тексеруге
антигенді аз мөлшерде қолданған жағдайда (0,015 мл көлемінде)
телімсіз реакциялардың пайда болуы мүмкін. Ірі қара мал қан сарысуы
мен роз-бенгал антигені қоспасының рН 3,8±0,05 болуы керек. Егерде
зерттеуге алынған антигеннің көлемі аз болса, рН маңызы өзгеріп,
реакцияның телімділігі төмендейді.
Қазіргі уақытта РБС ауылшаруашылық малдарының бруцеллезін
балау үшін негізгі әдіс ретінде қолданылады. РБС індеттанулық
жағдайды қадағалап отыруға тиімді. Әдетте бұл әдіспен бір мезгілде
бірнеше мал басын тексере алмайды, сол себепті осы жағынан басқа
серологиялық әдістерден тиімділігі төмен.
Достарыңызбен бөлісу: