Микробиологиялыќ зертхана


Түтікті агглютинация реакциясы



Pdf көрінісі
бет122/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Түтікті агглютинация реакциясы.
Қан сарысуының 1:25, 1:50,
1:100 және т.с.с. екі еселенген сериялық сұйылтымдарын дайындап 0,5
мл-ден түтіктерге құяды, содан кейін әр түтікке 2 антигендік бірліктегі
антигенді 0,5 мл-ден үлестіреді. Әр түрлі бактерия түрлерінің антигендік
бірліктері 0,5 – 1 млрд. микроб жасушасын құрайды. Стандартты
биофабрикалық антигендерді реакцияда көрсетілген сұйылтымдары
бойынша қолданады. Антигенді қосқан соң қан сарысуының сұйылтымы
әр түтікте екі еселеніп 1:50, 1:100, 1:200 және т.с.с. болады. Пайда
болған антиген мен қан сарысуының қоспасын +37ºС-ге реттелген
термостатта 16-20 сағат бойы, сонан соң 1 сағат бөлме
температурасында ұстайды.
Реакция нәтижесін
бағалау
крест бойынша, бес балдық жүйе
бойынша көзбен көру арқылы жүргізіледі:
4 крест (++++) – сұйықтық толық түссізденген, агглютинат «қол
шатыр» тәрізді болып түтіктің түбіне тұнған. Сілкіген жағдайда қол
шатыр тәрізді тұнба мен түйіршіктерге ажыратылады. Сұйықтық мөлдір
күйінде қалады (100% агглютинация).
3 крест (+++) – сұйықтық толық мөлдірленбеген, «қол шатыр»
тәрізді агглютинат жақсы байқалады (75% агглютинация).
2 крест (++) – сұйықтық мөлдірленбеген, «қол шатыр» «қол шатыр»
тәрізді агглютинат байқалады, «қол шатыр» тәрізді агглютинаттың
ортасында антиген түйме тәрізді тұнба түзілген (50% агглютинат).
1 крест (+) – антигеннің тығыз тұнбасының айналасында «қол
шатыр» тәрізді агглютинат нашар байқалады, сұйықтық мөлдірленбеген,
сілкігенде «қол шатыр» тәрізді агглютинат пен түйіршіктер нашар
көрінеді (25% агглютинат).
Минус (–) – сұйықтық мөлдірленбейді және «қол шатыр» тәрізді
агглютинат байқалмайды, антиген түйме тәрізді болып тұнбаға түседі.
Жеңіл сілку барысында гомогенді қоймалжың пайда болады.
Кресттік жүйе бойынша агглютинацияны объективті бағалау үшін
0; 25; 50 және 75% агглютинацияға сәйкес келетін стандартты
мөлдірліктерді дайындайды. Реакцияны қою барысында алынған
сұйылтым бойынша 1, 2 және 3 мл антигенді үш түтікке құяды, сонан
соң 3, 2 және 1 мл фенолды физиологиялық ерітіндіні енгізеді.
Жақсылап сілкігеннен кейін әр сұйылтымнан 0,5 мл сұйықтықты бос
түтіктерге ауыстырып, 0,5 мл фенолды физиологиялық ерітіндіні құяды.
Алынған стандарттар 75, 50 және 25% агглютинацияға сәйкес келеді.
100%-дық реакцияда сұйықтықтың мөлдірлігі физиологиялық
ерітіндінің түсімен бірдей болады. Агглютинация болмаған жағдайда
сұйықтықтың мөлдірлігі 0,5 мл физиологиялық ерітінді мен 0,5 мл
103


антигенді жұмыс сұйылытымында араластырғандағыдай түске сәйкес
келеді.
Реакцияның диагностикалық құны
қан сарысуының титріне
байланысты бағаланады, яғни екі крестті агглютинацияға сәйкес келетін
сұйылтым алынады. Белгісіз өсіндіні идентификациялау кезінде, қан
сарысуының бастапқы сұйылтымы 50% агглютинацияға немесе
этикеткада көрсетілген титрге сәйкес келсе нәтижесі оң деп саналады.
Жануарлардың қан сарысуымен реакция қою барысында зерттеу
нәтижесі титр көрсеткіштері бойынша оң, күмәнді және теріс болып
бағаланады. Серологиялық реакциялардың диагностикалық титрлерінің
әр түрлі болуы инфекцияның және жануарлардың түрлеріне
байланысты.
Бруцеллез балауында қан сарысуларындағы антиденелердің титрі
ірі қара мал, жылқы және түйеде 1:100 болса, ешкі, қой, қодас пен итте -
1:50, терісі бағалы аңдар мен теңіз шошқаларында 1:10 немесе екі
кресттен кем болмаса реакция нәтижесі «оң» деп есептеледі.
Қан сарысуларындағы антиденелердің титрі ірі қара мал, жылқы
және түйеде -1:50, қой, ешкі, қодас, бұғы және итте 1:25 немесе екі
кресттен кем болмаса реакция нәтижесі «күмәнді» деп саналады.
Листериозға тексерілген қан сарысуларының титрі ірі қара мал мен
жылқыда 1:400, қой, ешкі және шошқада 1:200, ал қоянда 1:50 болса
агглютинация нәтижесі «оң» деп саналады. Егерде аталмыш титрлер бір
сатыға төмен болса реакция «күмәнді» болады.
Сальмонеллезге тексерілген малдардың қан сарысуын 1:200 және
1:100 сұйылтымдарында қолданады. Агглютинация нәтижесі үш және
төрт крестке сәйкес келсе немесе титрі 1:200 болса, реакция нәтижесі
«оң» деп бағаланады. Егер бір және екі крест болып, титрі 1:200 немесе
үш және төрт крест болып, титрі 1:100 болса реакция нәтижесі
«күмәнді» болады. Бір және екі крест болып, титрі 1:100 болса нәтиже
«теріс» деп саналады.
Жылқылардың қан сарысуын контагиоздық метритке 1:20 және 1:40
сұйылтымында қолданады. Үш крест болып, титрі 1:40 болса, диагнозды
«оң», ал егерде екі крест болып, қан сарысуының титрі 1:20 болса,
«күмәнді» деп бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет