Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет124/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
1 Агглютинация реакциясының (АР)
механизмі. 2 Агглютинация реакциясына қажетті жағдайлар.
3 Агглютинация реакциясын қандай мақсатта қолданады? 4 Түтікті АР
қою техникасы, компоненттері және реакцияны бағалау. 5 РБС-ның
қойылу техникасы мен маңызы.
ГЕМАГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ
Гемагглютинация реакциясы
 
(ГАР) жұқпалы аурулардың балауында
қолданылады. Бұл реакция антигендердің (кейбір бактериялар мен
вирустар) жануарлар немесе құстар эритроциттерінің беткейіне
адсорбцияланып, олардың бір-бірімен желімденуіне және тұнбаға
түсуіне негізделген. Гемагглютинацияның белсенділігі телімді қан
сарысуларының көмегі арқылы іске асырылады; құрамында белгілі бір
ауру қоздырғышына телімді қан сарысуы болған жағдайда
гемагглютинация құбылысы байқалмайды.
ГАР қою үшін құрамында антигені бар материалдарды
пайдаланады. Реакцияны жүргізер алдында зерттеуге алынған антигені
бар материалды ірі бөлшектерінен ажырату үшін 2000 айн/мин 15-30
минут бойы центрифугалайды немесе сүзгіден өткізеді. 
Алдымен шыны түтіктерге 0,5 мл-ден физиологиялық ерітінді
құяды. Бірінші түтікке 0,5 мл зерттеуге алынған материалды қосып,
араластырғаннан кейін, бірінші түтіктен 0,5 мл суспензияны екіншісіне,
одан үшіншісіне және келесілеріне (1:2048 дейін және одан жоғары)
үлестіреді. Сосын әр түрлі сұйылтымдардағы антигендері бар барлық
шыны түтіктерге 0,5 мл 1% эритроцит сұйықтығын қосады. Спонтанды
гемагглютинацияның алдын алу үшін эритроциттедің бақылауы қатар
қойылады. Ол үшін 0,5 мл физиологиялық ерітіндіге 0,5 мл 1%
эритроцит сұйықтығы қосылады. Шыны түтіктер тұрған штативті
105


жақсылап шайқағаннан кейін бөлме температурасында 20-30 минутқа
(тауық эритроциттерімен қойғанда) немесе 60 минутқа (сүт қоректілер
эритроциттерін пайдаланғанда) қалдырады. 
Гемагглютинация құбылысы байқалған жағдайда эритроциттер
шыны түтіктердің түбіне қарай біркелкі жайылып, жұқа пленка тәрізді
(қолшатырға ұқсас) тұнбаға түседі. Агглютинация құбылысы
байқалмаса эритроциттер шыны түтіктің түбінде кішкене түйме тәрізді
тұнады. 
Эритроциттердің шөгу уақыты реакцияға пайдаланылған
қоспалардың көлеміне, эритроциттердің түріне және температураға
байланысты болады (жағары температурада эритроциттер тез шөгеді).
Оң реакция нәтижесі эритроциттердің тұнбаға түсуіне байланысты
келесі көрсеткіштермен бағаланады: +++ - эритроциттердің қарқынды
және тез агглютинациялануы; ++ - эритроциттердің агглютинациялану
қарқындылығы төмен болғанда; + - шыны түтік түбінде болар-болмас
эритроциттердің агглютинациясы байқалғанда. Реакция теріс болғанда
эритроциттер шыны түтік түбінде түйме тәрізді тұнба түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет