Жанама гемагглютинация реакциясы (ЖГАР) көптеген жұқпалы
аурулардың серологиялық балауында қолданылады. ЖГАР-ын қоюға
арналған диагностикумды (антиген адсорбцияланған эритроциттер)
алдын ала дайындайды (36-сурет).
ЖГАР қою
үшін стерильді жағдайда қойдан
(немесе әтештен) қан алып, оны фибрин
талшықтарынан тазартады да, эритроциттерді
бірнеше рет фосфатты тұз ерітіндісімен
центрифугалау арқылы шаяды. Тұнбаға түскен
эритроциттерді физиологиялық ерітіндісімен 1:40
қатынасында сұйылтады. Сонан соң эритроцит (1
мл) пен зерттеуге алынған бактерия (5-10 млрд/мл
жасуша) суспензиясын тең көлемде қосады.
Полисахаридті антигендер эритроциттердің
беткейіне жеңіл адсорбцияланады. Белокты
антигендерді адсорбциялау үшін алдымен
эритроциттерді 1:200000 қатынасында танинмен өңдеп алады.
Антигеннің эритроцит беткейіне адсорбциялануына жағдай жасау үшін
қоспаны 2 сағат термостатта (+37ºС) ұстайды. Осыдан кейін қоспаны
фосфатты тұз ерітіндісімен 5 минут бойы 3000-4000 айн/мин
центрифугалайды да, эритроцит тұнбасын физиологиялық ерітіндімен
ресуспензиялайды. Дайын болған эритроцитарлық диагностикумды
шыны түтіктерге немесе микропланшет шұңқыршаларына үлестіреді де,
оған стандартты (антигенге телімді) иммунды қан сарысуын қосып,
араластырып, 2-2,5 сағат бөлме температурасында қалдырғаннан кейін
реакция нәтижесін оқиды.
Реакция оң болған жағдайда эритроциттер түтік түбіне біркелкі
тараған үлпекті немесе түйіршікті тұнба түзеді, яғни гемагглютинат