Микробиологиялыќ зертхана


-сурет. Микроорганизмдерді бір шыны түтіктен екіншісіне себу тәртібі



Pdf көрінісі
бет43/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

14-сурет. Микроорганизмдерді бір шыны түтіктен екіншісіне себу тәртібі 
(Т.С. Костенко, 1989)
Материалды алар алдында түтікшені жалынның үстінен өткізіп,
оның дәнекерленген ұшын стерильді пинцетпен сындырғаннан кейін
материалды алып, оны қоректік ортаға себеді. Шыны түтікті жалынның
үстінде жауып, түтңкшені дезинфекциялық ерітіндіге салады. Шыны
түтіктерге, Петри шыныларына себу жасалған күнді, мекеме атын
немесе микроб өсіндісінің атын жазып, оларды термостатқа
орналастырады (патогенді микробтардың көбі 37
º
С-та өседі). Таза
өсіндіні бөліп алу үшін микробтардың қоспасынан немесе басқа
материалдардан ерітінділері дайындайды. Ол үшін натрий хлоридінің
0,85%-дық ерітіндісі қолданылады. Дайындалған ерітінділердің үлгісін
тығыз қоректік орталарға себеді. Ілмектің немесе түтікшенің көмегімен
Петри шынысындағы қоректік ортаға материалдың бір тамшысын
тамызып, оны шпательмен таратады. Жекеленген микробтардың
колонияларын алу үшін материалдың тамшысын бір шпательдің
көмегімен бірнеше Петри шынысындағы қоректік орталардың бетіне
таратады. Осылай кейінгі шыныларда жекеленген микробтардың
мекендерін бөліп алуға болады. Шпательді шыны таяқшалардан
жасайды. Олардың бір ұшы үш бұрышты болып келеді. Петри шыны
аяғының қақпағы себу кезінде жалын бағытында ашылады. Себуді
аяқтағаннан соң шпатель күйдіріліп, штативке қойылады. Петри
шынысы термостатқа аударылып қойылады. Аударылып қойылған
шыныларда микробтың колониялары бір–бірімен қосылмай өседі.
35


Студенттер шыны түтіктердегі және Петри шыныларындағы ЕПС мен
ЕПА-ға микробтардың қос қоспасынан себінді жасайды.
1 Шыны түтіктердегі ЕПА су моншасында балқытылып, Петри
шыныларына құйылады. Қоректік ортаны жалын үстінде құйып, баяу
қозғалыспен шыны ішінде біркелкі таратады.
2 Бір студент бір Петри шынысындағы қоректік ортаны үш бөлікке
бөліп (І, ІІ, ІІІ), осы бөліктерге микробтарды себеді. Ол үшін бірінші
бөлікке түтікшемен микроб суспензиясының бір тамшысын тамызады,
сонан соң тамшыны шпательмен осы бөлікке таратып, шпательді екінші
және үшінші бөліктерге ауыстырады. Келесі бір студент екі Петри
шыныдағы қоректік ортаға себінді жасайды. Микробтар суспензиясы
бірінші шыныда таратылғаннан соң екіншісіне ауыстырылады. Барлық
Петри шынылары термостатқа аударылып қойылады. Осылай жекелеген
микроб колонияларын алуға, демек, таза өсінділерді бөлуге мүмкіндік
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет