ІІІ Бөлім. Иммунология
ОРГАНИЗМНІҢ ТЕЛІМСІЗ РЕЗИСТЕНТТІЛІГІН АНЫҚТАУ
ӘДІСТЕРІ
Жұқпалы ару қоздырғыштарынан макроорганизмнің қорғанысына
тек қана иммундық жүйе емес, сонымен қатар телімсіз механизмдер –
кілегей мен тері жабындыларының өткізбеушілігі, фагоцитоз,
лизоцимнің бактерицидтік әсерлері және гуморальды факторлар –
комплемент, пропедрин және т.б. өз септігін тигізеді.
Қан сарысуы құрамынан лизоцимнің сандық көрсеткішін
анықтау.
Лизоцим –бактериялардың ірі молекулалы полисахаридтерін
(пептидогликан) ыдырататын, ұлпаларда, секреттерде, экскреттерде (тер
мен зәрден басқа) кездесетін және көптеген бактерияларға бактерицидті
әсер ететін гидролитикалық фермент. Лизоцимнің түзілуі мен
белсенділігін
Micrococcus lysodeicticus
бактерияларын лизиске ұшырату
қабілеттілігіне байланысты анықтайды.
Ол үшін фосфатты тұз ерітіндісіндегі (ФТЕ) 1% агарлы гель
дайындалады. 60-70ºС температурада балқытылған 100 мл агарлы геліне
10 мг мөлшерінде
Micrococcus lysodeicticus
биомассасының ацетонды
ұнтағын енгізіп, қоспаны мұқият араластырады да, Петри шынысына
құйып (қалыңдығы 4 мм), қатырады. Қатқан агарға диаметрі 5 мм
болатын шұңқыршықтар жасалады.
Бір мезетте жұмыртқа ақуызынан кристалдану арқылы бөлініп
алынған стандартты лизоцимнің белсенділігі анықталынады. Әуелі
лизоцимді алдын ала ФТЕ-мен араластыру арқылы оның 0,5; 1,0; 3,0;
5,0; 10,0; 20,0; 40,0 және 70,0 мг/мл сұйылтымдарын дайындайды. Сонан
соң лизоцимнің әр сұйылтымынан 0,05 мл алып, Петри шынысындағы
шұңқырықтарға енгізеді де, 37ºС-ге реттелген ылғалды камерада 48
сағат бойы ұстайды. Уақыт өткен соң шұңқыршық айналасындағы
Micrococcus lysodeicticus-
тің
лизиске ұшыраған аймағының диаметрі
өлшенеді. Әрі қарай алынған мәліметтер негізінде калибрациялық қисық
сызық құрылады. Ось кординаттарында лизоцим концентрациясының
көрсеткіші мен лизис аймағының диаметрі жазылады. Қан сарысуын
ФТЕ-мен 1:5 сұйылтымда араластырып, шұңқыршыққа 0,03 мл-ден
енгізеді. Әрі қарай талдау жұмысын стандартты лизоцимді анықтау
реттілігіне сәйкес жүргізеді. Лизис аймағының диаметрі өлшенгеннен
кейін, калибрациялық қисық сызық бойынша зерттеуге алынған сынама
құрамындағы лизоцимнің мөлшері анықталынады.
Достарыңызбен бөлісу: