Тышқандардан перитонеальды макрофагтарды бөліп алу.
Тышқандарды жұлынын үзу арқылы жансыздандырып, тері қабатын
спиртпен өңдейді. Сосын өлексені арнайы үстелге бекітіп, құрсақтың ақ
жол сызығының бойымен кесінді жасайды. Теріні жан жағына керіп,
арнайы инелермен бекітіп, құрсақ қуысын жалаңаштап ашады.
Шприцпен құрсақ қуысына 10 мл толымсыз, салқын RPMI – 1640
қоректік ортасын енгізіп, 5-6 минут бойы тышқан құрсағын пинцетпен
ақырын соққылау арқылы тітіркендіреді.
Құрсақ қуысындағы сұйықтықты шприцпен сорып алып, пластикті
түтікке құйып, 1500-2000 g 5 минут бойы центрифугалайды. Пайда
болған шөгіндіге 2-5 мл арнайы орта қосып араластырады. Әдетте бір
тышқаннан 8 млн. жуық макрофаг алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |