Микробиологиялыќ зертхана


ЖАНУАРЛАРДЫҢ ИММУНДЫҚ СТАТУСЫН АНЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет115/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ИММУНДЫҚ СТАТУСЫН АНЫҚТАУ
ТӘСІЛДЕРІ
Т-жасушалық иммунитеттің механизмінде Т-жасушалар
антигендерді таниды, антигендердің әсерінен белсенділігі жоғарылап,
лимфокиндер түзіледі, ақпараттарды макрофагтарға жеткізеді және
ісікке қарсы белсенділікті арттырады. 
99


Ауыл шарушылық малдарының жаңа туылған төлдерінің алғашқы
күндерінде Т-жасушалық иммунитеттің мөлшері гуморальдықтан асып
түсіп, олардың қанының құрамындағы деңгейі 48-62%-ды (Е-РОК), ал
қозыларда 85,6%-ды құрайды. Тест-жүйенің функциональдық
жетіспеушілігі иммунодефицит жағдайына әкеп соғады. Мұндай
жануарлардың резистенттілігі тез арада төмендеп, тіршілікке бейімділігі
нашарлай түседі.
В-лимфоциттер негізгі антиденелерді өндірушілер болып табылады.
Күрделі трансформацияның нәтижесінде телімді антиденелерді түзетін
жасушалар пайда болады. В-лимфоциттердің жетіспеушілігі қанда
иммуноглобулиндердің мүлдем болмауына немесе олардың төмендеуіне
(агаммаглобулинемия) әкеліп соғады. Осындай жетіспеушілігі бар
жануарлардың организмі инфекцияға қарсы тұра алмайды. Қанда В-
лимфоциттердің мөлшері бұзауларда 9-18%, қозыларда 12,7%-ды
құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет